Басы » Cыныптан тыс » «Жас Ұлан» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ашылу салтанатының сценарийі

«Жас Ұлан» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ашылу салтанатының сценарийі

507e83170e220РЕСПУБЛИКАЛЫҚ қоғамдық бірлестігі

«Жас Ұлан» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ашылу салтанатының сценарийі

ТЕТІН МЕРЗІМІ: 27.04.2012, сағат 1000

 ӨТЕТІН ОРНЫ: Мектеп алаңы 

СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ: Жумиева Сандуғаш Садуоқасқзы

 Қазақ биі 

1-жүргізуші:    Армысыздар, арманы асқақ, жандары жайсаң халайық! Бірлігі жарасқан егемен еліміздің «Халықтар бірлігі мен ынтымағы» күні  құтты болсын!

Жаса мәңгі, Тәуелсіздік ұраны,

Шарықтасын қазағымның жыр-әні.

Отанымның Туын көкке көтерер,

Біз боламыз ұлы елдің  Жас Ұланы.

 

2-жүргізуші:       

Армысыз, өнер тұнған ғасыр елім!

Ерлерін ардақтаған асыл елім!

Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үшінші толқынына оқушыларды қабылдау салтанатына қош келдіңіздер!

 

1-жүргізуші: 

Достықтың мекенісің – Қазақстан,

Бауырдай жүз жиырма ұлт – тіл табысқан.

Мерекең құтты болсын, дүйім жұртым,

Бірлік пен татулығың мың жарасқан.

 

2-жүргізуші:

Құтты болсын «Бірлік күні» мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті халқымыздың әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

 

1-жүргізуші:

Ашқандай боп жыр күмбездің сарайын

Жүректерге жалын отын жағайын.

Тәуелсіздік желбіреткен байрағын

Бірлік күні құтты болсын ағайын.  

 

2-жүргізуші:Бүгінгі күн ерекше күн. Себебі еліміздің ертеңгі алтын діңгегі, кемел келешектің кілтін ұстар ұрпағының бір арнаға тоғысқан күні.

 

1-жүргізуші: Бұл күн – ынтымағы жарасқан, ұлан байтақ даламызда ұлттардың бірлігі асқақтап, достығы нығайған күн.

 

2-жүргізуші:  Бүгін  — бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Көпұлтты егемен еліміздің  ұландары Республикалық «Жас Ұлан» ұйымына қабылданып, өз елінің патриоты екендігін дәлелдемекші.

 

1-жүргізуші: Ұйымға қабылданар әр оқушыға үлкен міндет жүктеледі. Олар туған жеріміз бен елімізді мақтаныш етуге, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге, білімге табандылықпен ұмтылуға ант береді.

Ендеше, Республикалық бірлестік «Жас ұлан» ұйымына қабылданар оқушыларды қошеметпен қарсы алайық!

(мектептің арты беттен оқушылар шығады)

 

2-жүргізуші: Бұл ұйымға мектебіміздің 72 оқу озаттары, 48 оқу екпінділері қабылданбақшы.

 

1-жүргізуші: Ұйымның негізгі мақсаты — оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

 

2-жүргізуші:

Негізгі міндеті — мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, оқушылардың тың бастамаларын қолдау, Жас ұрпақтың патриоттық, азаматтық сана-сезімдерін, өз халқының тарихына, мәдени өміріне сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Өз Отанына деген құрмет-сезімін ояту болып табылады.

 

1-жүргізуші:

Көгіңде тұр көк байрағың желбіреп

Елтаңбаға қараймыз біз елжіреп.

Әнұранды шарықтата шырқаймыз

Бабаларды еске алып ержүрек!

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ ОЙНАЛАДЫ

 

2-жүргізуші: Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдану рәсімін ашық деп жариялаймыз!

 

1-жүргізуші:

Арайлап атқан таңы күншығыстан,

Қарсы алам көзімді алмай таңды алыстан,

Отаным, ынтымағың қымбат маған.

Жас Ұлан, Нұрсұлтан мен Қазақстан!

 

2-жүргізуші:

Елімнің болашағы ұланымыз,
Өрлеген өреніміз, жыр әніміз.
Тәуелсіз елімізбен бірге туған,
Аспаны азат елдің қыранымыз!

 

Алдарыңызда «Жас Ұлан» ұйымы!

Ұйым басшысы ортаға шығады, баянат береді:

 

  • Ұйым басшысы: «Жас Ұлан»түзел, тік тұр!

                             —  Ұйымның аты

  • 5-10 сынып оқушылары: «Жас Ұлан»
  • 1-4 сынып оқушылары: «Жас қыран»

 

Ұйым басшысы:  Мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшы Сандуғаш Садуоқасқызы «Жас ұлан» ұйымына қабылданушылар ант қабылдау рәсіміне дайын.

Баяндап тұрған Ұлан басшысы Қазиева Әсел

Атқарушы директор: Баянат қабылданды. Еркін тұр!

 

1-жүргізуші:  Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» ұйымына қабылдануға мектебіміздің  оқу озаттары мен екпінділері, білімді де өнерлі, зерек те алғыр, әртүрлі интеллектуалдық байқаулар мен спорт бәйгелерінің жеңімпаздары таңдап алынды.

 

2-жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымының төс белгісін тағу рәсімі және құттықтау сөз мектеп директоры Асқарова Батима Жұмабекқызына беріледі.

 

1-жүргізуші:  Алғашқы «Жас Ұлан» ұйымының төс белгісі №40 орта жалпы білім беретін мектептің 9 а сыныптың озат оқушысы, Мектепішілік «Ана тілі аруы» байқауының бас жүлдегері, өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі, Ұлан басшысы Қазиева Әсел шақырылады.

 

2-жүргізуші:      Тлеккабулова Асем  9 сынып оқу озаты, «Үздік куәлікке» үміткер, Қалалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, қалалық олимпиада жүлдегері, өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі.

 

2-жүргізуші:Өтегенов Жарқын — 6 а сынып озат оқушысы, Қалалық КТК байқауының Лига жеңімпазы, Қалалық сурет байқауының жүлдегері, «Жарқын Болашақ»  байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері. Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі.

 

1-жүргізуші: Әжімұратов Әлихан 3 б сынып оқушысы. Оқу озаты. Сынып көшбасшысы. Қалалық, облыстық  ән байқауларының  жеңімпазы. Қалалық «Көркем өнерпаздар» ұжымының белсенді мүшесі.

 

2-жүргізуші: Досмухамбет Әйгерім — 5 а сынып озат оқушысы, сынып көшбасшысы, қалалық би байқауларының жеңімпазы, мектеп мақтанышы.

 

1-жүргізуші: Жаңабайқызы Арайлым — 1 б сынып озат оқушысы, мектепішілік мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы, сынып көшбасшысы.

 

2-жүргізуші: «Жас ұлан» ұйымына қабылдау төс белгісін тағу рәсімі және құттықтау сөз «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орал қалалық филиалының кеңесшісі Нұралы Ажар Алтынбайқызына беріледі.

 

  1. Кенжебаева Ақжүніс 7 а сыныптың озат оқушысы, Республикалық «Жас жол инспекторы» байқауының ІV орын  Қалалық информатика пәнінен олимпиада жеңімпазы, баскетбол ойынынан  ІІ орын иегері.
  2. Аронұлы Азамат 5 а сынып оқу озаты, қалалық «Балдаурен» байқауының жеңімпазы,  мектеп белсендісі шақырылады.
  3. Қабылбек Әмина 5 б сынып оқу озаты, қалалық Қазақ тілі сайысының ІІІ орын иегері. Қалалық мәнерлеп оқудан І орын  иегері, мектеп белсендісі, мақтанышы.
  4. Өтешева Ұлпан 8 б сыныптың озат оқушысы, баскетбол ойынынан  ІІ орын иегері.

 

ӘН.  «Сәлем, саған, туған ел!» САЗ триосы

 

1-жүргізуші:

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.

 

2-жүргізуші: Құттықтау сөз және «Жас Ұлан» ұйымының төс белгісін тағу рәсімі мектебіміздің  ардагер ұстазы Бакирова Батима Гилимовнаға беріледі.

  1. Алиев Есболсын 7 а сынып оқушысы, қалалық мәнерлеп оқу сайысының жеңімпазы, баскетболдан ұлдар арасындағы  Үздік ойыншы номинациясының  иегері.  
  2. Абдуллаева Айдана 9 б сынып оқушысы, оқу озаты, үздік куәлікке

үміткер,облыстық, қалалық мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпазы.

  1. Гумаров Расул 2 ә сынып оқушысы, оқу озаты. Әртүрлі мектепішілік

сайыстардың жеңімпазы.

 

2-жүргізуші: Құттықтау сөз және «Жас Ұлан» ұйымының төс белгісін тағу рәсімі мектебіміздің  ардагер ұстазы Арыстанова Назымға беріледі.

  1. Базарбек Салтанат 8 а сыныбының озат оқушысы,  мектеп белсендісі. Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі.
  2. Исманалиев Ердаулет — 3 ә сынып оқушысы, оқу озаты. Қалалық математика пәнінен  кіші  олимпиада жеңімпазы.
  3. Есимбеков Мадияр — 2 б сынып оқушысы, оқу озаты, мектепішілік әртүрлі іс шаралардың жеңімпазы.

 

 

ӘН: «Қазақтай ел қайда» Жарқын Өтегенов

 

1-жүргізуші: Жанарында жанып тұрған оты бар жалынды да жігерлі жастарына құттықтау сөз және «Жас Ұлан» ұйымының төс белгісін табыстау рәсімі «БҚО Ауыл жастары Одағы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры  Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы беріледі

  1. Жалмұрат Зухра — 8 а сынып оқу озаты, Қалалық экономика пәнінен

олимпиада жеңімпазы, қалалық байқаулардың жүлдегері. Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшесі.

  1. Малтуғанов Әділ — 7 б сынып оқушысы. Облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпазы. Мектепішілік «Озық ойлы оқушы» байқауының І орын иегері.
  2. Габдуллиева Мадина — 3 а сынып оқушысы, оқу озаты, мектепішілік байқауларының жеңімпазы, мектеп белсендісі.

 

 

2-жүргізуші: Құттықтау сөз және «Жас Ұлан» ұйымының төс белгісін тағу рәсімі мектебіміздің  ардагер ұстазы Кереев Мұхит Махметұлына беріледі.

  1. Зайнетден Данияр 6 б сыныптың озат оқушысы, сынып көшбасшысы, облыстық, қалалық баскетбол ойындарының жеңімпазы.
  2. Уахитова Альбина 1 а сынып оқушысы, оқу озаты, сынып мақтанышы.
  3. Кисметова Қарақат 1 ә сынып оқушысы , оқу озаты.
  4. Бисалиева Томирис —  2 а сынып оқушысы, оқу озаты, мектепішілік әртүрлі іс шаралардың жеңімпазы.

 

1-жүргізуші:Отанды сүю — әрбір ет-жүрегі, қан-тамыры қазақ деп соғатын қазақжанды, елжанды, ұлтжанды ұландардың баға жетпес борышы.

 

2-жүргізуші:Ендеше, осындай ұландардың тағы бір тобына ұйымның төс белгісін тағу рәсімі мектебіміздің  өнегелі ұстаздарына беріледі.

 

ӘН:   «Жаса қазағым!»   Елжан Халиолла

 

2-жүргізуші:

Азат елде самғайтұғын қыранбыз,

Тек жеңіске ұмтылатыр ұланбыз!

Қазақстан патриоты – мына біз,

Әлі талай биіктерге шығамыз!

 

1-жүргізуші: «Мен не істесем де, келешегі кемел, көркем Қазақстан үшін істеймін!» деген ұландардың Отаны, елі алдында өз парыздарын  айтар сәтте туды. Еңселі еліміздің ертеңі сендер! Ендеше «Жас Ұлан» сөз кезегі сіздерде.

 

(АНТ  айтады, қалған оқушылар қайталайды)

 

«ЖАС ҰЛАННЫҢ» ӘНҰРАНЫ ШЫРҚАЛАДЫ.

 

2-жүргізуші:    Құрметті жасұлан! Ана тіліміз, Ата заңымыз, Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңызға сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

 

 1-жүргізуші:                     

Атыңнан айналайын, егеменді ел

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

 

ХОР. «Қазақтың елі»  

жеке дауыста «Жас Қыран» ұйымының мүшесі Әжімұратов Алихан

 

2-жүргізші: Жарқын болашаққа  қадам басып келе жатқан халқымыз үшін Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін! Бірлігіміз берік, ынтымағымағымыз нық болсын!

Сіздерге оқуда алда болып, егеменді Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосуыңызға шын жүректен тілектеспіз! Еңселі еліміздің ертеңі сендердің қолдарыңда! Қазақстанды биікке жетелеңіздер, жеткізіңіздер.

 

Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!

 

2-жүргізуші:  Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдану рәсімін жабық деп жариялаймыз!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *