Басы » Tәрбие сағаттары » Кітап – біздің досымыз

Кітап – біздің досымыз

Талдықорған қаласы.

№14 орта мектеп-гимназиясы

Кітапхана меңгерушісі

Косаумасова Лайля Динмухановна

«Кітап – біздің досымыз»

(Сынып сағаты)

 

Сынып сағатының мақсаты:

Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекіліктер.

Оқу білім, кітап туралы сөздер жазылған плакаттар,балалар ақын-жазушылардың суреттері қолданылды,жұмбақтар жасырылды,интерактивті тақта қолданылды.

Кітапханашы:

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін, —

деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап  арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі оқушылар дайындаған

«Кітап білім бұлағы» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-оқушы:

Кітап білім бұлағы.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Ертегі әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.

2-оқушы:

Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз қажет?

3-оқушы:

Кітапты жыртпай,кірлетпей,бүлдірмей таза ұстап,оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.

Кітапханашы:

Балалар,бізге бүгін қонаққа Кітап келіп отыр,кітапты ортаға шақырайық.

Кітап:

Балалар,мен білім көзі – Кітап мені жасау үшін көп адам еңбек сіңіреді.Кітаптың қайдан шығатыны туралы әңгімелеу.Кітап қайдан шығады екен?

Ағаштан.

Кітапханашы:

Кітап шығару үшін адам көп еңбек етеді.Алдымен орманнан ағаш кеседі,оны сосын фабриқаға апарады.Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған авторлар жазады,сурет салады.Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады.

Көрдіңдер ма балалар кітап сендердің қолдарыңа келмей тұрып қандай ұзақ жол жасайды.Кітап сен бізге қонақ болып,балалардың өнерін тамашала.

 

1-оқушы:

Адамның досы кітап,өмір кілті,

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы жанға серік,жол бастаушы,

Асыл ғой қазынасы,өмір көркі.

2-оқушы:

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

3-оқушы

Орманшының аялы,

Алақаны өсірген

Сонау ағаш саялы,

Қағаз үшін кесілген.

4-оқушы:

Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді

Аға қанша шаршаған

Ағаш тиеп үнемі.

5-оқушы

Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы

Сол ағашты тасыған,

Білер ме екен көп адам.

6-оқушы

Заводтарда күн-түні,

Қағаз жасап бағалы

Қанша адам кім үшін,

Маңдай тері тамады.

7-оқушы

Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

8-оқушы

Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі

Суретшілер көркедеп,

Қанша уақыт отырды.

9-оқушы

Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі,

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді.

10-оқушы

Оқулықты мектебің

Берер саған теп-тегін

Білмейсің-ау еш бірақ

Қанша еңбек кеткенін.

11-оқушы

Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

12-оқушы

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.

Кітапханашы:

Кітап адам өмірінде аса маңызды роль атқарады.Ол елді сүюге,талапты,кішіпейіл болуға,мейірімділікке,төзімділікке баулиды.Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.

Кітап бізге ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге береді.Кітап жан серігін,ақылдасар,сырласар досың.Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды,тарихымызды оқып білеміз.Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен.

Балалар, бүгін сендерге мектебіміздің кітапханасына «Жаңа кітаптар» кітап көрмесімен  таныстырып өтейін.

Кітапханашы:

   Кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын,жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер.

1-оқушы:

  Кітап маған тақтадан да қымбат

Шекспир.

2-оқушы:

  Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге.

Абай.

3-оқушы.

Кітап асып-таспайтын асыл досымыз.

Гюго.

4-оқушы:

   Жақсы кітап-ақылды қуаттандыратын құрал.

Каменский.

5-оқушы:

Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі

 

Горький.

Кітапханашы:

   Рахмет,балалар.Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ұсынған қойнынан,

Білімнің үлесін.

Шықпайды ойыңнан,

Досың ғой білесің

Бұл не?    (Кітап)

 

Бір қойым бар,қаны жоқ.

Қанатыңнан саны жоқ.

Адамменен сөйлесер,

Ақылы бар жаны жоқ

Тілі бар да үні жоқ.

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар қаны жоқ

Сөйлей туған ішінен.

 

Бірінші әріп-көзде бар,мұрында жоқ,

Екінші әріп-тісте бар,бұрымда жоқ,

Үшінші әріп-бетте бар,білекте жоқ,

Төртінші әріп –құлақта бар жүректе жоқ.

Бесіншісі –«П»әрпі ақырғысы

Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы.

(Кітап)

Ұлы адамдарымыз кітапты жоғар бағалаған.Алғаш қазақ даласында мектеп ашқан,қазақ балаларына арнап «Әліппе» жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

«Біз бақытты баламыз» әні орындалады.

   Нақыл сөздерді оқу

Қорытынды.

Балалар,бүгінгі сынып сағатымыздан біз көп нәрсені үйрендік.Кітап балаларға білім беруде әртүрлі әдеби шығармалармен таныстырады.Сондықтан «Кітап білім бұлағы» деп бекер айтылмаған. А.Байтұрсынов айтқандай – «Білімнің бас құралы-кітап»

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *