Батыс Қазақстан обылысы
Зеленов ауданы Щапов ауылы
Щапов жалпы білім беретін орта мектебінің
музыка пәнінің мұғалімі Муринова Балганым Оразбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Жаңа заманның жаңаша әуені»
Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы бүгінгі уақыттағы музыка , эстрадалық музыка туралы мағлұмат беру, нота туралы түсінік қалыптастыру
Сабақтың міндеті:
- Қазіргі уақыттағы жаңаша музыка түрлері туралы түсінік бере отырып, оларды ажырата білуге үйрету.
- Оқушының музыкаға сүйіспеншілігін, эстетикалық сезімін арттыру;
- Олардың жеке шығармашылығын дамыта отырып, музыка өнерін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Жаңа заман әншілерінің,күйшілерінің портреттері. Ұлттық аспаптар, баян аспабы, диск, көрме.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі:
- Сәлеметсіздер ме? Балалар .
Арайланып таң атты.
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы күн балалар,
Қайырлы күн қонақтар.
- Сәлеметсіз бе? Апай.
- Оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар үйге қандай тапсырма беріліп еді?
- Оқушы: Домбыра мен қобыздың түрлері «Бақытты балалалық шақ әні»
Сөзі: Ж.Тұрбеков әні: Ә.Еспаев
Жаңа сабақ.
Сабақты Б.Байқадамовтың «Айгөлек» әні тыңдалады. (слайд)
- Әннің көңіл күйін суреттеп бер?
- Ән мазмұны не туралы ?
Мұғалім: «Айгөлек» сияқты әндер немесе жаңаша түрдегі музыкалық шығармалар Қазақстанда ХХ ғасырдың ортасынан бастау алды. Мұндай әндер мен музыкалық шығармалардың әуендеріне ұрмалы, үрмелі аспаптардың дыбысы басым болады. Эстрадалық музыка тыңдауға жеңіл, бір ырғақты болып, мазмұны жағынан әртүрлі тақырыпты қамтиды.
Мысалы: Отан, табиғат, лирикалық т.б. Жаңа әнді халықтың жүрегіне жеткізіп, ел арасына тарататын әнші-орындаушылар. Е.Серкебаев, Р.Рымбаева, М.Жүнісова, Қ.Ахмедяров, А.Үлкенбаева сияқты белгілі аспапта орындаушылар үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүр.
- Күй тыңдау: Қазақ халқының халық күйі «Ерке сылқым»
Музыка сауаттылығы: Жаңа заманның жаңаша музыкасын түсіну, оны орындау үшін нота сауаттылығын білу керек.
- Музыка әлемінің құпиялары мен танысқыларың келеме? Ендеше музыка әлемі туралы ертегі тыңдаңдар.
Музыканың жеті дыбысы қалай пайда болды? (көрініс)
Нота сызықтары төменнен жоғары қарай саналады. Нота сызығы әр уақытта скрипка кілтімен ашылып, әрбір нотаның орнын анықтайды.
Жұмбақ шешу.
Құлып ауызын ашатын да, «Қ» -дан бастап, аяқтасаң
Жабатын да құралмын Бес әріпті думанмын.
Бірақ қазір бұл жерде мен , «Қ» орнына «С» қойсаң
Музыка әлемін ашамын. Нүктелерді қосамын
(Скрипка кілті) (қызық-сызық)
Дауыс жаттықтыру: Нота үйренеміз.
Ән үйрену: сөзі: Ә.Сәрсенбаев. Әні: Л.Хамиди «Туған ел»
Мақал-мәтелдер:
- Өнерлі өрге жүзер
- Өнерлінің өрісі кең
- Өнер бар жерде –жанкүйер бар
- Өнер алды – қызыл тіл.
- Өнерлінің қолы алтын
- Асыл тастан шығады, өнер жастан шығады.
- Өнер алды бірлік, ырыс алды тірлік.
Сабақты бекіту:
- Бүгінгі сабақта қандай күй тыңдалды?
- Жаңа заманның әнші, күйшілерін ата?
- Музыкалық қандай белгімен таныстық?
- Меңгерген әніміздің авторы кім?
Оқушыларды бағалау:
Қорытындылау: Жыл сайын республикамызда халықаралық музыка фестивалі , жас орындаушылар фестивалі ұйымдастырылады. Қазіргі таңда республикалық «Айгөлек» өнерпаздар конкурсы елімізде кеңінен танымал. Музыка өткенді, бүгінмен болашақты жалғастырушы болып отыр.
Үйге тапсырма: Әнші, күйшілер туралы рефераттар, Ән жаттау.