Басы » Тарих » Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолыбет 120

Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы

“№24 КОЛЛЕДЖ” МКҚК

Орындаған: И.Оразбаева

Тақырыбы: Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы
Сабақтың мақсаты
Білімділік : Ұлы Жібек жолының тармақтарын анықтай отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрісін дамыта отырып,өз бетінше жұмыс жасауына бағыт–бағдар беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отан тарихындағы мәдени құндылықтарды қастерлеп, сақтай білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері: интерактивті, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта, Қазақстан картасы,сызбалар
І. Ұйымдастыру бөлімі:(5 мин.)

а) Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды тізім бойынша белгілеу.

ә) Дәрісхананың және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

 

Сабақтың барысы: 


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:  
«Алтын сандық»  ойыны. Интерактивті тақтадан оқушыларға жалпылама сұрақ қоямын. Дұрыс жауап берген 3 оқушы ойынды жалғыстырады. Әр қақпада бір сұрақтан беріледі.

Тас қақпа сұрағы: ҮІ-ХІІІ ғғ. басындағы қағанаттардың шаруашылығының түрлері?

Күміс қақпа сұрағы: Сауда түрлері

Алтын қақпа сұрағы: Цитадель дегеніміз не?

Алтын сандқ сұрағы: Ортағасырлық қалалардың міндеттері.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. 

Жоспар

  1. Ұлы Жібек жолының тармақтары
  2. Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері
  3. Тауар тасымалы

1 тақырып. Тірек-сызба арқылы мағлұмат беру

Ұлы Жібек жолы

 

 

Солтүстік бағыт                     Оңтүстік бағыт

 

Испиджаб (Оңт.Қазақстан)           Ферғана, Самарқан

 

 

 

Орта Азия      Түркістан                 Иран,Ирак,Сирия

 

 

Сырдарияның төменгі ағысы       Жерорта теңізі

 

 

Батыс Қазақстан

 

Қара теңіздің солтүстік-шығысы

 

Еуропа

 

 

2 тақырып. Қала атауларын картадан көрсету арқылы ретімен орналастырып тақырыпты ашу

 

3 тақырып.  «Полиглот»  ойыны арқылы оқушылардың ынтасын арттыру.

  1. Саудадағы басты тауар

(жібек – шелк – silk)

  1. Византияда жасалған ……………. Тараздан табылды

(күміс құмыра – серебро кувшин — silver is a jug)

  1. Қытайдың әдемі ………………….ыдыстары Талғар, Испиджаб, Отырардан көптеп табылды.

(фарфор – фарфор – porcelain)

  1. Ұлы Жібек жолының бойымен …………. тарады

(дін – религия – religion)

  1. Ұлы Жібек жолы арқылы тасымалданатын тауарлар

(жасмин суы, мускат жаңғағы — вода жасмина, мускат орех — water of jasmin, muscatel nut)

 

Жаңа сабақты бекіту: Сұрақ қою арқылы бекіту

  1. Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы? (Жетісу)
  2. Ұлы Жібек жолының ұзындығы қанша шақырым?(7 мың шақырымнан астам)

 

  1. Сауданың басты орталықтары? (Жетісу, Тараз, Испиджаб, Отырар)
  2. Қытаймен жібек сатуда бәсекеге түскен ел?(Соғды елі)
  3. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларды ата (Құлан, Ілебалық, Екіоғыз, Отырар)

 

  1. Үйге тапсырма: Ұлы Жібек жолы туралы мәліметтерді толықтыру
  2. Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысымына қарап бағалау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *