Қазіргі білім беру жүйесіндегі — қазақ мектебінің мұғалімі мен оқушының бүгінгі жайы мен ертеңі
Шокибаева Рима –информатика пәні мұғалімі,№55 С.Қожанов атындағы орта мектебі,Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,Бірлік ауылы
Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі,оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге,ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға,ізденісіне байланысты.Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты-жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса,оқытудағы негізгі мақсат-өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғанықалыптастыру.Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу,сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйкесін жасау,оқушының түрлі дара қаблеттерін арттыру.
Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде,білім берудің портретін түбегейлі өзгертуде,яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім,біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде.Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру,шығармашылық қаблеттері мен қызығушылығын жетілдіру,білімге құштарлығын ояту.
Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып,ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет.Әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді,баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді.Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қаблеті әртүрлі балалардың ортасынан қаблеті жоғары баланы іздеп,онымен жұмыс жасау,оны жан-жақты тануды ойлап,оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты,білімі қажет.Қазіргі мұғалімнің бойында мынадай қасиеттер болуы керек:
- Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
- Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
- Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
- Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
- Білімді,іскер,шебер болу керек.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.Инновациялық білімді дамыту,өзгеріс енгізу,жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы,орындаушы болса,ал қазіргі оқушы-өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
- Дүниетаным қаблеті жоғары;
- Дарынды,өнерпаз;
- Ізденімпаз,талапты;
- Өз алдына мақсат қоя білуі керек.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді.Ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін,ата-анамен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын,бала тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын,баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін,ата-ананың тәрбие құралдарын,тәсілдерін,әдістерін пайдалана алу қаблеттерін,баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе-білім беру,ғылымды дамыту.Өркениет біткеннің өзегі,ғылым,тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.Осы орайда білім ордасы-мектеп,ал мектептің жаны-мұғалімдердің басты міндеті.Өз ұлтының тарихын,мәдениетін,тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Бәрімізге белгілі,біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірлді.Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды.Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын,кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс.Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет.ҚазақстанРеспубликасының «Білім туралы»Заңында да мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру,азаматтық тәрбиелеу және олардың ақыл-ойын және тұрмыс негіздерін қалыптастыру,азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған.Олай болса,қоғам болашағы-жас ұрпақтың бойына адамгершілік,ізгілік,мейірімділік,
ақыл-ой,сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет.Осы орайда, «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес,ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса,ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған,рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.
Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған,рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
Рухани бай,жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі- тіл байлығы,өз ойын нақты,терең мағыналы әрі көркем жеткізе білектін,шешен де ойлы сөйлей білетін,Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін,сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады.Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын,қоғамдық борышқа саналы көзқарасын,сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп,адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.
Қорыта айтқанда,болашақтың бәсекесіне қаблетті ХХІ-ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес.Соған сай әр ұстаз-ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін-ізденімпаз ғалым,нәзік психолог,жан-жақты шебер,тынымсыз еңбекқор,терең қазыналы білімпаз,гуманист,белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті,жоғары мәдениетті,жан-жақты дамыған,шығармашылығы жоғары деңгейлі жеке тұлғаны қалыптастырып,тәрбиелейтінімізге нық сенім білдіремін.
Ежелгі грек материалисі,философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үдіксіз үйренгендіктің арқасында,жеңілдей түседі».Олай болса,жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп,еңбектері үстем болсын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңы.Алматы-2010ж
- Білім технологиялары Алматы.2009ж
- Хабаршы 2011ж
- Ғаламтор
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
- Информатика негіздері-2007ж
- Сыныптан тыс жұмыстар журнал-2007ж