“№24 КОЛЛЕДЖ” МКҚК
Орындаған: И.Оразбаева
Тақырыбы: Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы
Сабақтың мақсаты
Білімділік : Ұлы Жібек жолының тармақтарын анықтай отырып, Жібек жолының сауданы, шаруашылықты, халықаралық қарым – қатынасты дамытудағы тарихи маңызын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрісін дамыта отырып,өз бетінше жұмыс жасауына бағыт–бағдар беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отан тарихындағы мәдени құндылықтарды қастерлеп, сақтай білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: интерактивті, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақстан картасы,сызбалар
І. Ұйымдастыру бөлімі:(5 мин.)
а) Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды тізім бойынша белгілеу.
ә) Дәрісхананың және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың барысы:
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Алтын сандық» ойыны. Интерактивті тақтадан оқушыларға жалпылама сұрақ қоямын. Дұрыс жауап берген 3 оқушы ойынды жалғыстырады. Әр қақпада бір сұрақтан беріледі.
Тас қақпа сұрағы: ҮІ-ХІІІ ғғ. басындағы қағанаттардың шаруашылығының түрлері?
Күміс қақпа сұрағы: Сауда түрлері
Алтын қақпа сұрағы: Цитадель дегеніміз не?
Алтын сандқ сұрағы: Ортағасырлық қалалардың міндеттері.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспар
- Ұлы Жібек жолының тармақтары
- Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері
- Тауар тасымалы
1 тақырып. Тірек-сызба арқылы мағлұмат беру
Ұлы Жібек жолы
Солтүстік бағыт Оңтүстік бағыт
Испиджаб (Оңт.Қазақстан) Ферғана, Самарқан
Орта Азия Түркістан Иран,Ирак,Сирия
Сырдарияның төменгі ағысы Жерорта теңізі
Батыс Қазақстан
Қара теңіздің солтүстік-шығысы
Еуропа
2 тақырып. Қала атауларын картадан көрсету арқылы ретімен орналастырып тақырыпты ашу
3 тақырып. «Полиглот» ойыны арқылы оқушылардың ынтасын арттыру.
- Саудадағы басты тауар
(жібек – шелк – silk)
- Византияда жасалған ……………. Тараздан табылды
(күміс құмыра – серебро кувшин — silver is a jug)
- Қытайдың әдемі ………………….ыдыстары Талғар, Испиджаб, Отырардан көптеп табылды.
(фарфор – фарфор – porcelain)
- Ұлы Жібек жолының бойымен …………. тарады
(дін – религия – religion)
- Ұлы Жібек жолы арқылы тасымалданатын тауарлар
(жасмин суы, мускат жаңғағы — вода жасмина, мускат орех — water of jasmin, muscatel nut)
Жаңа сабақты бекіту: Сұрақ қою арқылы бекіту
- Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы? (Жетісу)
- Ұлы Жібек жолының ұзындығы қанша шақырым?(7 мың шақырымнан астам)
- Сауданың басты орталықтары? (Жетісу, Тараз, Испиджаб, Отырар)
- Қытаймен жібек сатуда бәсекеге түскен ел?(Соғды елі)
- Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларды ата (Құлан, Ілебалық, Екіоғыз, Отырар)
- Үйге тапсырма: Ұлы Жібек жолы туралы мәліметтерді толықтыру
- Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысымына қарап бағалау