Басы » Бастауыш сыныптар » Я я дыбысы мен әрпі

Я я дыбысы мен әрпі

1+2Алматы облысы

Панфилов ауданы

Алмалы ауылы

Елтінді батыр атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Қабимолдаева Шолпан Нұрсапақызы

Сабақтың тақырыбы:  Я я дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Я я дыбысы мен әрпін таныстыру, дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету, көркем жазуға машықтандыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасын жетілдіру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ой тұжырымын жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың бойындағы рухани – адамгершілік қасиеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кеспе әріптер, әліппе дәптері.
Сабақтың әдісіСұрақ — жауап, ұжымдық оқыту, ой қозғай, ой толғаныс
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық бейімдеу
Қайырлы таң достым,
Қайырлы таң болсын.
Біздің алар бағамыз,
Кіл бестіктер болсын.
II.  Үй тапсырмасын  тексеру:  /ауызша, қайталау жүргізу/
Ой шақыру: «сөз ойла, тез ойла» ойыны
білемін, айта аламын ,ауада жаза аламын.

1 Бұрынғы сабақтарда қандай сабақтармен  таныстық?

2 Дыбыс  дегеніміз не ?

3 Әріп дегеніміз не?

4Дыбыстар нешеге бөлінеді?

5Ішінде Г дыбысына келетін сөздерді ата.

6 Оқулықтағы сөздерді оқы .

Тақтадағы әріптермен жаттығу жасап,өткен сабақта өткен ең соңғы әріп Г әрпіне  тоқталу
Г — дыбысы қандай дыбыс?
Егіз сөзі қалай айтылып тұр?
Г дыбысы сөздің қай жерінде орналасқан?
Г-дыбысына  келетін сөздер

Гүлдер гүлдер көп гүлдер

Қызыл гүлдер көк гүлдер

Осы өлең жолында Г-дыбысына келетін сөздер қанша рет айтылып тұр

Өлең жолдарын оқып сұрақтарға жауап беру

 

А)Суретке қарап сөз құрастыру

Ә)Әріптеп оқыту.

Б)Үлгіні толтыру

Шеген егінші, Гүлжан тігінші.

Г) ребусты шеш

(Гүлдің суреті  Гүлнұр, Гүлсім, Айгүл)

Тіл ұстарту жаттығуы:

Гүл өсірсең терлеп,

Оның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп

Оның да аты еңбек

Қиындақтың бәрін

Еңбек бәрін жеңбек

. Жұмбақ шешу:
Далада жүреді шапқылап,
Керемет тым сақ құлақ.
Тек есектен басқада,
Оған ұқсар жоқ құлақ. / Қоян/

 III. Жаңа сабақ :   Яя дыбысының баспа, жазба әрпімен таныстыру, қосарлы дауысты дыбыс. Қызыл текшемен белгілейміз.

Я дыбысы  сөздің басында ортасында ,соңында кездеседі.

  1. Оқулықпен жұмыс.

А)Суретке қарап сөз құрастыру

Ә)Әріптеп оқыту.

Әлия-батыр. Саят –әнші

V.Сергіту сәті.
1 — 2 — 3
Жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
 VI. Дәптермен жұмыс Я әрпін жазамын

А) «Әдемі жазу да — өнер»
Жазу дәптерінің бетіндегі Я әрпін жазу.
Үлгіні толтыру

Б) Неше дыбыс? Неше әріп?

(Қияр.Пияз. Қоян)

. Жұмбақ шешу

1Шымшып алады қолсыз

Сырғанақ  жоқ олсыз (Аяз)

2Аяз қай мезгілде болады?

Балалар:      Қыста

VII. Жоқ әріптерді табу

«Жоқ әріптерді тап» ойыны
Қи… р, а… з, та… қ, а… қ.. Ой толғаныс
VIII.  Сабақты бекіту Я – дыбысы қандай дыбыс?
2. Қалай айтылады?
3. Буын сөз құрайды..

 Оқушыларды мадақтау.

 Жұлдызшалар тарату.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *