Мұғалім: Кикимова Айман
Тақырыбы: Әнші Әміре
Мақсаты:
Білімділік: Әнгіменің мазмұнын меңгерту. Әңгімедегі негізгі ойды идеяны ұғындыру.
Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнер жолы туралы таныстыру.
Құрманбек Жандарбеков туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Балалардың танымдық қабілетін, шығармашылық қабілетін, ой- өрісін, есте сақтауын дамыта отырып шығармадағы көркем сөздерді өз сөздік қорларына қолданып жүйелі баяндай білуге үйрету.
Ізденімпаздыққа баулу
Тәрбиелігі: Көркем шығармадан эмоциялық әсер ала білуге, өнер адамдарын құрметтей білуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Типі: жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: оқу, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қорыту, көрнекілік, ізденушілік, теңеу, топтық.
Көрнекілігі: Әміре Қашаубаев, Құрманбек Жандарбеков, Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нүрпейісова суреттері, видео материалдар.
Пән аралық байланыс: Музыка, қазақ тілі, дүниетану сабақтары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
-Балалар ,үйге қандай тапсырма берілді?
-Бәріміз үй тапсымасына жақылап дайындалған болармыз.
1-топ Зеріттеушілер тобы Дина мен Құрманқазы туралы зерттеп келеді
2- топ Жазушылар тобы мазмұны бойынша эссе жазады .
3-топ Қойылым дайындаушылар сахналайды
Жаңа сабақ:
а) Ой толғаныс .Әміре Қашаубаевтың Балқадиша әнін тыңдау
-Бұл әнді естигендерің бар ма, немесе кім орындайтыны туралы не білесіңдер?
-Балалар дұрыс айтасыңдар.
– Құрманғазы атамыз бен Дина апамыз қазақ даласына құнды күйлерін тастап кеткен болса, бүгінгі сабағымызда қазақ ән өнерінің дүлдүл әншісі – қазақтың атын шетелдерге паш еткен, ғажап дауысты Әміре Қашаубаевпен танысамыз.
Толық аты | Әміре Қашаубайұлы Қашаубаев |
Туылған күні | 1888 жыл(1888) |
Туылған жері | Дегелең тауының алабы, Абыралы ауданы, Шығыс Қазақстан облысы |
Қайтыс болған күні | 1934 жыл(1934) |
Мәтін авторы Мұзафар Әлімбаевтың суреті өмірбаяны
1923 жылдың
29 қазанында
Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы
Маралды ауылында туған. Қазақтың көрнекті ақыны, балалардың сүйікті жыршысы, Қазақстанның Халық жазушысы.
Оқулықпен жұмыс
- Мәтін 3-топқа бөлініп беріледі.
-Балалар қолымыздағы мәтін бөлігін оқимыз .Бір-бірімізге сұрақтар да дайындап отырайық.
-Ендігі кезекте 1-ден 4 ке дейін санап ,1-шілер 1-ші топқа ,2-шілер 2-ші топқа 3-шілер 3—ші топқа отырады.
Оқыған мағұлматтарын бір-біріне айтып таныстырады.
—Жарайсыңдар балалар,енді осы мәтін туралы не айта аламыз?
Бөлімдер бойынша айтамыз.
2.Әміре Қашаубаев туралы видео ролик көрсетіледі.
-Енді балалар ,осы видео роликтен Әміре Қашаубаев туралы не естігенімізді
дәптерге түсірейік.
Дәптермен жұмыс:
Автор туралы қысқашв мағұлмат жазылады.
Оқу,мазмұндау барысында сөздік жұмысы жүргізіледі.
-Бәріміз дәптерге сөздік жұмысын жазып алайық.
Сурепен жұмыс.
-Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға берілген?Әңгімеле.
Топтарға тапсырма беріледі.
1 топ. Мәтінді тағы қалай атауға болады?
2 топ. Әміре Қашаубаевтың Парижде салған әні қандай, тағы қандай әндерін білесің?
3 топ. Шығарманың аяқталуы?
«Менің сүйікті әндерім мен әншілерім» тақырыбына әңгіме жазу
Сабақты қорыту.
Сематикалық карта
Шығарманың аты?
Шығарма кім туралы?
Әнгіменің авторы?
Оқиғаның болған жері?
Шығарманың аяқталуы?