Басы » Физика » Реактивті қозғалыс

Реактивті қозғалыс

jjjЖамбыл облысы

Жамбыл ауданы

Кейкиев атындағы жалпы орта мектебінің

физика пәнінің мұғалімі Есжанова Жаңылсын

Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс

 ІІ.Сабақтың мақсаттары:

Реактивті қозғалыс туралы жан — жақты түсінік беру.

  1. Физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Физикадан алған білімдерін сабақтан тыс тапсырмалар беру арқылы тереңдету, жинақтау, жүйелеу, қорытындылау.
  2. Оқушылардың ой – өрісін  кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
  3. Шығармашылық қабілеті дамыған, елін, жерін сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу.

 

ІІІ. Сабақтың түрі: толықтыру, жинақтау, қорытындылау сабағы

 

ІҮ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, тест, есеп шығару,

 

Ү. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, портреттер, көрініске арналған құралдар (шар, түтікше, жіп) баяндамалар.

 

ҮІ. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру, үй жұмысын тексеру.

 

  1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

 

  1. Кіріспе

 

Адамзат ерте заманнан – ақ  аспанға ұшуды армандаған. Соның нәтижесінде ұшатын кілемдер мен жалмауыз кемпірдің ұшатын сыпырғышын ойлап тапқан. Кейін келе ұшатын техникалар пайда болды. Енді адамзаттың алдында ғарыш кеңістігін меңгеру міндеті тұрды. Ол үшін асқан кемеңгерлік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік қажет. Соның бәріде қазіргі кезде жүзеге асты.

  1. (Осы арада интерактивті тақтада Циолковскийдің портреті көрсетіледі).

Ғарышқа алғашқы қадам жасау 1857-1935 жылдар аралығында өмір сүрген белгілі ғалым К.Э.Циолковскийден басталады десек болады. Цилоковскийдің идеялары оның 1903 жылы шыққан  «Әлемдік  кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» деген еңбегінде көрініс тапты. Ол зымырандардың көмегімен ғарышты игеру мүмкіндігін теориялық  түрде дәлелдеді: денеде бірінші ғарыштық жылдамдық  тудыра алатын зымыран құрылысын, көпсатылы зымырандардың сипаттамаларын, массасы айнымалы денелердің қозғалысы туралы, сондай-ақ ғарышқа ұшу жөніндегі басқа да  маңызды идеяларды ұсынды. Ойы мен қиялы болашаққа ұмтылған Циолковскийдің идеяларында ғажайып қиял мен техникалық мүмкіндіктер арқылы жүзеге асырылатын мәселелер үндестік тапты. Тек содан жарты ғасыр өткеннен соң ғана, адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы туралы арманы орындалды.

Циолковскийдің идеялары орыс ғалымы К.П.Королевтың басшылығымен жүзеге асырылды. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1957ж.  ұшырылған болатын. 1961 жылы адамзаттың тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагарин ғарышқа қадам басты. Жыл өткен сайын ғарыш кемелері, зерттеу бағдарламалары жетілдірілді. Адамзаттың ғарышқа шығуы басқа планеталарды, табиғат құбылыстары мен жер қойнауындағы қорларды зерттеуге мүмкіндік береді. Ғарыш зерттеулері өндіріске де, ғылымға да үлкен пайдасын тигізуде. «Байқоңыр» сияқты ғарыш айлағы бар біздің Қазақстан әлемдегі санаулы ғарыштық мемлекеттердің біріне айналды. Ғарышқа сапар шегіп, ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысқан ғарышкерлердің ішінде біздің екі қазақ ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев та бар.

(осы арада интерактивті тақтада екі қазақ ғарышкерлерінің портреттері көрсетіледі және Марфуға Айтқожақызының «Қос ғарышкер( атты өлеңін 9 «Б» сынып оқушысы Есіркеп Лаура оқиды)

Қос ғарышкер Тоқтар мен Талғат десем!

Үзілген үмітімді жалғап кетем!

Ақынға да кеңістік ғарыш керек,

Көз жұмбасаң ерлікке, самғап бекер!

Қос ғарышкер! Қос батыр, Қос жұлдызым,

Мерейлі етіп тұрсыңдар достың жүзін.

Тағы да озып келсін Талғатым  деп,

Аспанның бәйгесіне қостым бүгін.

Енді сабағымыздың басынан бері айтылып жатқан мәелелерді қолымызбен жасап, көзімізбен көрейік.

(Осы арада интерактивті тақтада зымыран макеті көрсетіліп, мұғалім зымыран, көп сатылы зымыран туралы түсінік береді.) Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырған қабықтан тұрады. Отынның жауы кезінде жоғары температураға дейін қызған жоғары қысымдағы газ сапл деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен (4км/с-қа дейін) атқылап шығады. Есептеуді жеңілдету үшін қабықша ішіндегі отын түгел жанады да, жану өнімдері mU1 импульс алады деп есептейік, мұндағы   U1-атқылап шығатын газ жылдамдығы, m-жанған оттың массасы.

Газбен зымыранның өзара әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен салыстырғанда өте үлкен болғандықтан, «зымыран-газ» жүйесін тұйық жүйе деп есептеуге болады. Бұлай қарастыру жүйеге импульстің сақталу заңын қолдануға мүмкіндік береді. Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынымен қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейін де денелер жүйесінің қорытқы импульсі өзгермейді. Онда массасы М-m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импулсі бағытына қарама-қарсы бағытталған

(М-m) U2 импульс алады, мұндағы U2-зымыран қабығының жылдамдығы. Онда mU1=-(M-m) U2 болады. Ал бұдан U2=-m/(-m)U1

Осылай зымыран газдың атқылап шығу жылдамдығы бағытына қарама-қарсы бағытталған жылдамдық алады. Қазіргі заманғы зымырандар көп сатылы болып жасалады. Оның әр сатысының отын қоры тотықтырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады. Әрбір саты отыны жанып болғаннан кейін бөлініп қалады. Бұлай болуы кейінгі сатылардағы отынды үнемдеуге және зымыранның жылдамдығын одан әрі арттыруға себептеседі. Ал егерде зымыран Жерге қайтып оралу керек болса, үшінші саты ашыларда зымыран 1800-қа бұрылады.

Сабақты пысықтау: (Оқушылар шардың көмегімен реактивті қозғалысты көрсетеді).

Ғарыш айлағының пайдасымен қатар зияны да жоқ емес. Осы арада

«Байқоңыр – мақтаныш па, қасірет пе?» атты баяндама оқылады.

Баяндамашы: Оңласынбек Балауса

 

Сабақты бекіту:

 

№45

  1. Массасы 3 кг дене бірқалыпты қозғалыста өзінің жылдамдығын 30м/с тан 10 м/с-қа өзгертті. Дененің өзгерісін анықтаңыз.
  2. Массасы 2 кг денеге F=150H күш 3с бойы әсер етеді. Дененің бастапқы жылдамдығын 5м/с деп есептеп, күш әсер еткеннен кейінгі дененің импульсін табыңыз.

 

 

 

 

Сабақты қорытындылау:

  1. Импульстің сақталу заңын қалай тұжырымдауға болады?

А) дене импульсі            В) дене импульсінің қосындысы күш импульсіне тең

С) импульстерінің қосындысы нөлге тең         Д) күш импульсі

  1. Дене импульсінің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді?

А) a=F/m              B)F*t              C)  p=m*V                 Д) mV2 /2

  1. Массасы 5 кг дене 7м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Дене импульсі неге тең?

А) 30кг*м/с         В) 2 кг*м/с                с) 35 кг*м/с               д)18 кг *м/с

  1. Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалыс?

А) сақталу заңдары

В) жасанды серіктердің қозғалысы

С) реактивті қозғалыс

Д) денелердің ауырлық  күші әрекеттерінен қозғалу

  1. Импульстің сақталу заңы қандай жағдайда орындалады?

А) реактивті қозғалыс кезінде

В) денеге бірнеше күш әсер еткенде

С) тұйық жүйелерде

Д) механикалық энергияның сақталу заңы

  1. Күш импульсінің өрнегін көрсетіңіз.

А) F*  t                 B) F*V                       C) F*S                                    Д)F/m

  1. Қандай физикалық шамалар «Н*с» өлшем бірлігімен өлшенеді?

А) күш импульсі                        В) күш моменті

С) дене импульсі                                    Д) күш

  1. Импульсі 360кгм/с тең, 6м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан адамның массасы қандай?

А) 18 кг               В) 10 кг          С) 60кг           Д) 120кг

  1. Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциялдық энергиясы 10кДж тең?

А) 0,5м                 В) 10м                        С) 3 м             Д) 5м

  1. Ньютонның екінші заңының импульстік түріне қай өрнек сәйкес келеді?

А) F*  t=   p         B) a=F/m        C) F=-kx         Д)kx2 /2 

Жауаптары: 1. В 2.С 3. С  4.С  5.С  6.А  7.А  8.С   9.А   10.А

 

Бағалау:

 

Үйге тапсырма: $21 оқып түсінігін айту.

18 жаттығу №1, 3 есептерін шығарып келу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *