Басы » Бастауыш сыныптар » КЕНДІ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

КЕНДІ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

Жанаөзен қаласы № 21 орта мектеп

4 сынып мұғалімі: Мусаева Халима

Тақырыбы: КЕНДІ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

Мақсаты

Білімділік: Оқушылардың еліміздегі, өз қлкеміздегі пайдалы қазбалар туралы және оларды өндіру жолдары мен пайдасы туралы білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін. ой-өрісін кеңейтіп, ойларын тұжырымдай бәлуге дағдыландыру. Оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарау, табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты қоғам талаптарына сай, ақпаратты технологияны меңгерген бәсекеге қабілетті, болашақ өмірге бейімдеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Қолданылатын жаңа технология: СТО

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: талдау-жинақтау, топтау, 5 жолды өлең, тест.

Сабақты ұйымдастыру формасы: топтық

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: сызбалар, флипчарт, ТСО, карточкалар, ҚР картасы

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: компьютер, проектр, интерактивті тақта, маркерлер

Сабақтың құрылымы:

— Ұйымдастыру кезеңі. Психиологиялық дайындық.

— Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білім, білік дағдыларын тексеру.

— Ой қозғау.

— Топқа бөлу.

— Мағынаны тану.

— Сергіту сәті. Сен білесіңбе?

— Ой түйіндеу. Картамен жұмыс.

— Ой толғаныс.

— Сабақты қорыту.

— Үйге тапсырма.

— Бағалау.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 1,2 флипчарт

Психологиялық дайындық.

Табиғат — біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Тарауды қайталау. Тест. 3,4,5 флипчарт

1.Пайдалы қазбалар пайдалануына қарай нешеге бөлінеді?

А) 2

Ә) 3

Б) 4

2.Жаңғыш пайдалы қазбаларға не жатады?

А тас көмір, мұнай, газ

Ә мұнай, гранит, мыс

Б газ, тас көмір, қорғасын

3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?

А газ

Ә құм

Б металл

  1. Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?

А Өскемен, Семей

Ә Қарағанды, Екібастұз

Б Маңғыстау, Атырау

5.Каспий маңы ойпаты мен Маңғытау түбегінен не өндіреді?

А тас көмір, мұнай

Ә қорғасын, алюминий

Б мұнай, газ

6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?

А Шығыс Қазақстанда

Ә Орталық Қазақстанда

Б Солтүстңк Қазақстанда

7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?

А Тұз, фосфорит, әктас

Ә мұнай, гранит, тұз

Б фосфорит, газ, металл

  1. 8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны?

А Кентау

Ә Соколов-Сарыбай

Б Өскемен

  1. 9. Кен орны деп нені айтады?

А пайдалы қазбалардың шоғырланған жері

Ә пайдалы қазбаларды өндіру әдістері

Б пайдалы қазбаларды өңдейтін жер

  1. 10. Мұнайды арнаулы пешке қыздыру нәтижесінде не алынады?

А фосфорит, мәрмәр

Ә бензин, газ, жанармай

Б жанғыш газ, әктас

Дұрыс жауабымен салыстыр және бағала.Оқушылар өздерін бағалайды.

1.Ә 6.Ә 1 қате- 5

2.A 7.А 2 қате- 4

3.Б 8.Ә 3 қате- 3

4.Ә 9.А 4 қате- 2

5.Б 10.Ә

III. Ой қозғау. Жұмбақ жасыру. 6 флипчарт

Қызуын аямайды,

Көлікке азық жасайды, /Мұнай/

Қара түсті, отын,

Жанады жарқын. /Көмір/

Мөлдір, әрі түссіз,

Өзі табағи отын. /Газ/

 

— Балалар, жұмбақтың шешулері не болады? Олар неге жатады?/ пайдалы қазбалар/

— Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалар тарауынан алған білімдерімізді қайталаймыз. Ол үшін алдымен топқа бөлінеміз!

Үстелде жатқан пайдалы қазбалардың шарттарын/ темір, табағи газ, мәрмәр/ бір-бірден алып үш топқа құрады:

І топ: Кенді пайдалы қазбалар. 7,8 флипчарт

ІІ топ: Жанғыш пайдалы қазбалар.

ІІІ топ: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

ІV. Мағынаны тану: 9 флипчарт

  1. 1. Топтау әдісі арқылы пайдалы қазбалар туралы жазады. Флипчартта орындау.
  2. 2. Кестені толтыру 10. Флипчарт

Пайдалы қазбаның аты. Түсі Қасиеті Қайда қолдалынады

  1. V. Сергіту сәті: <Сен білесің бе?> 11,12 флипчарт

Флипчартта Тәуелсіздік стелласын құрастырып, оның қандай пайдалы қазбалардың жасалғанын білу.Ол туралы қысқаша мәлімет беріп Тәуелсіздік күнімен байланыстыру: Тәуелсіздік стелласы 2006 жылы орнатылған. Стелла төрт жағынан тұлпарлармен  және төбесінде күн астындағы қыранмен декарацияланған. Қазақ халқында тұлпар- дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі.

Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қйялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар уақыт ен кеңістікті біріктіреді ол өлмес өмірдің бейнесі.

  1. VI. Ой түйіндеу: Картамен жұмыс. 13,14,15 флипчарт

Әр топ өзінің атына сәйкес пайдалы қазбаларды кескін картаға түсіреді.Флипчартта  орындау.

VII. Ой толғаныс: Егер мен қоршаған ортаны қорғау министрі болсам……

VIII. Сабақты қорыту:17 флипчарт

-Сабақта не өттік?

-Сабақ ұнады ма? Несімен?

ІХ. Үйге тапсырма: 18 флипчарт

Күнделікті ашайық.

Тапсырманы тізіп жазайық.

Тараудан алған білімді ұмытпай есте сақтайық.

— Пайдалы қазбаларға 5 жолды өлең құрастыру.

Х. Бағалау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *