Жамбыл облысы Мерке ауданы. № 18 А. Қосанұлы атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық). Химия пәнінің мұғалімі: Расулова Индира Калтаевна
Тақырыбы: Химиялық элементтерді жіктеудегі алғашқы қадамдар
Мақсаты: Білімділік: Химиялық элементтердің жіктелуі, металдар мен бейметалдар, олардың маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту, танымдық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, жұмыс дағдысын нығайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, жеке тұлға болып қалыптасуға, жауапкерщілікті сезіне білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: периодтық жүйе, сызбанұсқа, таратпа қағаздар, слайдтар. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, ассоциация, тест, есеп шығару. Пәнаралық байланыс: биология, география, математика, физика, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрау.
Тест жұмысы
1.Массасы 8 г кальций сумен әрекеттескенде неше грамм сутек газы бөлінеді:
- 0,5 г
- 0,3 г
- 0,1 г
- 0,4 г
2.Бір негізді қышқылды тап:
- Күкірт қышқылы
- Азот қышқылы
- Фосфор қышқылы
- Көмір қышқылы
3.Тұздар дегеніміз:
- Металл атомы мен гидроксотоптан тұрады
- Сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады
- Метал атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады
4.Берілген формуладан тұзды табыңыз:
- HBr
- H S
- CuS
- HCl
5.6,2г натрий оксиді қанша грамм күкірт қышқылымен әрекеттеседі:
- 1,2
- 7,3
- 9,8
- 5,2
6.Негіздер нешеге бөлінеді:
- Бөлінбейді
- 2
- 3
- 4
7.Тұздарды алудың негізгі неше тәсілі бар?
- 10
- 15
- 5
- 4
8.MgOHCl-дың атауы
- Магний хлориді
- Магний гидрохлориді
- Магний гидроксиді
- Магний гидроксохлориді
9.Қышқылдық оксид пен су әрекеттескенде түзіледі:
- Сілті
- Қышқыл
- Тұз
- Негіз
10.Қышқыл дегеніміз не?
- Метал атомы мен гидроксотоптан тұрады
- Метал атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады
- Сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұрады
Жауаптары:
1.д 2.в 3.с 4.с 5.с 6.с 7.а 8.д 9.в 10.с
Жаңа сабақты түсіндіру:
ХІХ ғасырдың екінші жартысында химиялық элементтердің 60-тан астамы белгілі болып, ал олардан алынған заттардың алуан түрлілігі ғалымдарды элементтердің қасиеттерін зерттеуге, олардың бәріне ортақ қасиеттерін табуға жетеледі.
Элементтерді өздеріне ортақ ұқсастықтарына байланысты былай жіктейді:
Элементтер |
Екідайлы |
Бейметалдар |
Металдар |
Енді саяхатымызды бастайық: № 1-аялдама- «Металдар» елі
Металдар:
Ca, K, Li, Na, Zn, Mg, Mn, Ag, Au, Al, Hg, Pb, Bi, Cs, Rb, Ba, Sr, Fr
Металдар — созылымды, серпімді, металдық жылтыры бар, электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін қатты заттар.
Металдар жіктелуі
ж
ж |
Түсіне қарай:
Қара және түсті |
Агрегатты күйіне қарай: сұйық және қатты |
Тығыздығына қарай: ауыр және жеңіл |
Металл кендері: Pb, Zn — Текелі,Малеевсек, Ащысай Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb — Өскеменде өндіріледі Mn — Қарашал, Жезді Cr — Хромтау, Ақтөбе облысы Cu — Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы Fe — қарағанды, Орал, Соколов — Сарыбай, Рудный W, Mo — Ағадыр, Қатонқарағайда Sn — Көкшетауда, Қарағандыда Au — Бақыршық, Майқайың, Жетіқарада өндіріледі
№ 2—аялдама- «Бейметалдар» елі
Бейметалдар: B, C, P, Cl, N, O, F, S, Si, Ar, Br, I, H, As, Se
Бейметалдар әртүрлі агрегаттық күйде болатын жай заттар түзеді: мысалы, күкірт, йод-қатты, бром-сұйық, сутек, азот, оттек-газ. Олардың түсі және қасиеттері әр түрлі болады. Олардың металдардан өзгешілігі бәріне тән ортақ қасиеттері болмайды.
№ 3-аялдама «Екідайлы элементтер» елі
Екідайлы элементтер: Zn, Be, Al, Cr, Pb, Se
Екі жақты әрі металдық,әрі бейметалдық қасиет көрсететін элементтер екідайлы элементтер деп аталады.
Қышқылмен де, сілтімен де әрекеттесетін заттар екідайлы деп аталады. Грек тілінде «амфотерус» — екі жақты мағынасын білдіреді. Ондай химиялық элементтерге алюминий, хром, берилий, мырыш сияқты элементтер жатады. Мысалы:
Zn+HCl → ZnCl2+H2 Zn+2KOH → K2 ZnO2+H2
Бұдан мырыштың әрі негіздік, әрі қышқылдық қасиет көрсететіні байқалады. «ЭЛЕМЕНТТЕР-АДАМ АҒЗАСЫНДА»
Өкпеде — Li, Na Қанда — Fe, Na, Li, Ca, H Қалқанша безінде — I, Zn, Br Тісте — F,Ca, Mg, P Гипофизде — Zn, Br, Mn, Cr Мида – Na, Mg, K Шашта — Al, As, Cl Жүректе — Ca, K Ұйқы безінде — Mg Бауырда — Li, Se, Mo, Zn, Ca, Mn, K, Cu
«Кім білгір?» ойыны (жұмбақтар шешу, қай топқа жататынын анықтау)
1.Осы затпен ескі үйді аластайды Түріне қарасаң алтынға ұқсайды (Күкірт-бейметалл)
2.Екі жеңіл элемент саналады, Периодтық жүйе осыдан бастау алады (Сутек-бейметалл)
3.Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді, Салмақты адамды мақтауды да келістіреді (Күміс-металл)
4.Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық, Буланбас қайнатсаң да отынды үйіп. Көрсететін суықты,жылуды анық, Көрсететін суықты ,жылуды анық. (Сынап-металл)
5.Өзі жылтыр күмістей Жұмсақтығы тағы бар Жеңілдігін ескерсең Пайдаланар жері табылар (Алюминий-металл)
6.Газбын өткір иісті Салмағым ауыр ауадан Өткен талай соғыста Тұншыққан менен көп адам (Хлор-бейметалл)
«Кім жылдам?» ойыны (сұрақ-жауап)
1.Александр Македонскийдің Үндістанға сапары кезінде оның әскерлері іш аурумен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Сусыны, тамағы бәрінің де бірдей, бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған? Жауабы: Күміс. Күмістің бактерецидтік қасиеті бар.
- Тайқазан 7 металдан құйылған. Ол қандай металдар? Жауабы: Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын.
- І Петр өз кезегінде «Ішкіштігі үшін» деген медаль тағайындады. Ол қандай металдан жасалған? Жауабы: Темір
- Улы элемент, бейметалл. Оның оксиді орта ғасырларда патша, хан сарайында таққа таласып, қастасқан адамдарды өлтіруге пайдаланған. Бұл қай бейметалл. Жауабы: Мышьяк Қызығушылығын ояту
Сақиналарды жинау
C |
Sn |
Pb |
Al |
P |
S |
Na |
Cl |
O |
Fe |
K |
Бейметалдар |
Металдар |
Сақинадағы элементтерді берілген жапыраққа орналастырыңдар.
Екідайлы элементтер |
А) б) в)
Есер шығару: 5,4 алюминий оттекпен әрекеттескенде түзілген алюминий оксидінің массасы қандай?
Сабақты бекіту:
«Сиқырлы таяқша» ойыны жүргізіледі. Әр оқушы бір-бір мақал-мәтел айту
1.От көмір жиді, тот темір жиді 2. Арпа, бидай-ас екен, алтын, күміс-тас екен 3. Темірді қызуында соқ 4.Аз сөз-алтын, көп сөз-күміс 5.Ақыл арымас, алтын шірімес 7.Алтынды еріте білмеген — ірітер Теріні илей білмеген — шірітер
Венн диаграммасы.
Бейметалдар |
Металдар |