№21 орта мектебі
Мұғалімі: Мусаева Х. Н.
Сабақтың тақырыбы : Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты :1.Оқушыларға сөйлем,оның хабарлы , сұраулы түрлер туралы толық түсінік беру;мәтін құра білуге ,мәтінді ажыратуға ,сөйлемдердің түрлерін айыра білуге үйрету;жұппен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету.
2.Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын,байланыстырып сөйлеу,шығармашылық ,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Оқушыларды жеке тұлға екенін түсіне білуге,ұқыптылыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,шығармашылық тапсырмалар,тірек сызбалары
Сабақтың әдісі :түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік,ізденушілік; АҚТ.
Сабақтың түрі :жарыс,ертегі сабақ.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру бөлімі.
-психологиялық дайындық
Оқушылар бір –бірінің алақандарына алақандарын тигізіп күлімсіреп іштей жылы лебіздерін білдіреді.
ІІ.Қызығушылығын ояту. —сөзжұмбақ құрастыру.
1Ақпарат түрі
- Жеміс түрі
3.Дене мүшесі
4.Жыл мезгілі
5.Тақтаға немен жазамыз?
6.Теңіз аты
7.Кесу құралы
-Тігінен қандай сөз шықты?
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
- «Сөйлем» сөзіне кластер құру.
-Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем неден құрылады?
-Сөйлем қалай басталады?
-Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады? / интербелсенді тақтада/
Сөйлем |
-Сөйлемнің соңына нүкте қойылса ол қандай сөйлем екен?
ІІІ. Мағынаны ашу.
1.Суретпен жұмыс / интербелсенді тақтада/ мәтін құрастыру.
- Мәтен неше сөйлемнен құрылған?
- Әр сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілерді қойдыңдар?
2 .Сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз.
- Алма, алмұрт, өрік. 2.Асқар аулада кітап оқып отыр. 3.Аспанда тырналар ұшып барады. 4.Құмырсқа, дән, алды, тауып.
- Қайдай белгілермен сөйлемді тауып алдыңдар? –Олар қандай сөйлемдер? Осы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңдар.
ІV. Сергіту сәті.
3.Оқулықпен жұмыс. 172 –жат. Сөйлем құрастыру.
Шығармашылық тапсырма.
4.Сөйлемді толықтыр. / интербел. т./
1.Менбүгін ….. барамын.
2.Ертең мектебімізге ….. келеді.
3.Көктемде ….. өседі.
4.Балалар … шықты..
ІV. Сабақты қорытындылау.
Рефлексия Сөйлем сөзіне «5 жол өлең» құрастырыңдар.
Бағалау. Үй тапсырмасы. 3 хабарлы сөйлем жазып келу.