Басы » География » Танымдық сұрақтар #1

Танымдық сұрақтар #1

Дайындағын: Ақсу қаласы

гимназиясының мұғалімі

Жакупов Алтынбек

1.  Жаратылыстану  қандай   ғылымдардың  жиынтығынан  тұрады?

2.Табиғатты  бақылаудың  қандай  әдістерін  білесің?

3. Табиғаттанушыларға  (натуралистерге)  арналған  сегіз  қағиданы   ата.

4.  Күн жүйесіне енетін  ірі ғаламшарларды ата.

5.  Сіз  білесіз бе?  Жер  шарының  солтүстік  және  оңтүстік  полюстерінде

кімдер бірінші болған?  

6.  Галактикалық  жыл  деген  не?

7.  Ғарыштық кеңістік дегеніміз не?

8.  Жаратылыстанушы ғалымдарды атап, олардың ашқан жаңалықтарын ата

9.  Күн сәулесі жер бетіне қалай түседі? Жер өз осінен айналғанда қандай

 өзгерістер болады?

 10. Ғарышты зерттеген қазақстандық және шетелдік ғарышкер атаңыз?

11. Ертеректе  Жердің  даму тарихында  материктер  мен  мұхиттардың саны.

12. Тау  жыныстары  дегеніміз  не?  Шығу тегіне қарай тау жыныстарының

 типтерін  ата.

13.Кен деп нені айтады? Қандай түрлерін білесің? Қара металл кендерінен қандай металдар қорытылып алынады?

14.Топырақ қабаттары және топырақты өңдеу, тыңайту жолдары.

15. Су туралы қазақ халқының қандай аңыз-әңгімелерін білесің?

16. 1 тонна бидайды өсіру үшін қанша тонна су қажет?

17.Ауа райы және климаттың бір-бірінен айырмашылығы .

18. География ғылымынң атасы кім?

19. Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасын зерттеген ғалым.

20. Жалпы ғылымдарды неше топқа білеміз.

Жауаптар

1. Жаратылыстану – география, биология, физика, химия, астрономия,

  экология ғылымдарының жиынтығы.

2. Табиғатты оқып үйренудің негізігі үш әдісі бар. Олар : бақылау,  тәжірибе   жасау (эксперимент), өлшеу.

3. Табиғаттанушыларға  (натуралистерге)  арналған  сегіз  қағида. Олар:

 шыдамдылық, қырағылық (байқампаздық), нақтылық, топтасып жұмыс

жасау, қолжазба, колллекция жинау, бақылау дағдысы, қорыту, саралау,   сұрақ қою.

4.Күн жүйесіне тоғыз ғаламшар кіреді – Меркурий. Шолпан, Жер, Марс,

Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, және Плутон.

5.Жер шарының солтүстік полюске 1909 жылы ғана американ поляр

   Зерттеушісі Р:Пири алғаш ту тікті. Ал оңтүстік полюке барған Р. Амундсен    одан бір ай қткен соң Р:Скотт экспедициясы жетті.

6. Галактика деп жеке жұлдыздар тобын айтамыз. Күн де басқа жұлдыздар   сияқты Галактиканың орталық нүктесінен шамамен 250 миллион жылда  айналып өтеді. Бұл уақытты Галактикалық жыл деп атайды.

7. Ғарыштық кеңістік дегеніміз – әртүрлі пішінде қалыптасып, жер

 атмосферасынан тысқары жатқан өзіндік жұлдыздарары,  ғаламшарлары,   астероидтары, кометалары мен шаң-тозаңды газдары бар ғаламшарлар,    жұлдыз,  галактика  аралық  бос  кеңістік.

8. Герард  Меркатор  алғаш  болып  дөңгелек  жерді  тегіс  картаға қалай

   түсірудің жобасын жасады. Галилео Галилей 32 есе ұлкейтіп көрсететңн   телескоппты ойлап шығарды. М. Бехайм алғаш глобусты ойлап шығарды.

9. Жер бетіне күн сәулесі тік, шашыранды, көлбеу, жанама түседі. Жер өз

   осінен айналғанда нәтижесінде күн мен түн ауысады.

10.Алғашқы қазақ ғарышкерлері Т. Әубәкіров және Т. Мұсабаев. Шетелдік

    ғарышкерлер Нил Армстронг және Эдвин Олдрин және Ю. Гагарин.

11. Жалғыз ғана Пангея деген құрлықпен Панталасса деген мұхиттан тұрды.    Кейіннен Пангея Лавразия және Гондвана деген екі материкке бөлінген.    Олардың арасында Теттис теңізі (мұхиты) пайда боды.

12. Тау  жыныстары — жер қыртысын өалыптастырушы тығыз және борпылдақ   массалар жиынтығы. Тау жыныстары үшке: магмалық,    шөгінді,  метаморфты жыныстар бөлінеді.

13. Кен – металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары, қара және түсті металл, қара металл – темір, шойын, болат құрайды.

14. Топырақтың тіршілік қабаты, шайылу қабаты, шайылған заттар жиналған қабат, топырақ қабатының ең астында топырақ түзуші жыныстар жатады (құмды, құмайт, сазды, саздақты топырақ түрлері), тыңайту үшін «көң» — азот тыңайтқышы, калий тұзы, фосфорит ұнтағы қажет.

15. Су иесі –Сүйлемен. Зәмзәм су жайлы.

16. 1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су қажет

17. Ауа райы тәулік ішінде, ал климат жыл ішінде жай-күй.

18. Эротосфен

19. Шоқан Уәлиханов

20.Жалпы ғылымдарды 2 топқа: жаратылыстану-табиғатты тану туралы ғылым;      қоғамдық – қоғамтану туралы ғылым деп бөледі.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *