«БОЗОЙ ОРТА МЕКТЕБІ МДШО» КММ
ТАСЫРОВА НАДИРА ДЖУМАЕВНА
Сабақтың тақырыбы: Мен өміріме, қажеттілігіме-жауаптымын.
Мақсаты: Оқушыларды жауапкершілік түсінігімен жан-жақты ақпараттандыру, әрекеті мен өз өміріне жауапты екендігін ұғындыру, жауапкершілік дағдысын меңгерту.
Сабақ-тренингтің жоспары:
- Сәлемдесу
- Негізгі бөлім.
Керекті құралдар: интербелсенді тақта, үнтаспа, сөйлем жазылған ақ парақ (оқушының санына қарай).
Сәлемдесу.Шаттық щеңбері.
«Менің есімім және танымалдығым» техникасы-өзін Қазақстанның бір жұлдызына теңеп есімін айтады. Мысалы: Менің есімім Мақпал. Менің атым Бейбіт. Мен жазушы Шерхан Мұртазамын т.б.
Негізгі бөлім.
- Жауапкершілік жөнінде әңгіме-сұхбат жүргізу. Ол төмендегі сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.
- Жауапкершілік дегеніміз не?
- Оны қандай уақытта сезінеміз?
- Жауапкершіліктің адамда жағымды қасиетті қалыптастыруға әсері бар ма? Қандай?
- Өз өміріме жауапкершілік алу дегенді қалай түсінесіз?
- Жауапкершілік ала білетін адамның бойынан қандай қасиетті байқауға болады?
- Жауапкершілік жөнінде қысқаша лекция . (5-минут).
Жауапкершілік— бұл адамның өз әрекетіне жауап беру, міндетін орындау қабілеті.
Ондай адамға сеніп іс тапсыруға болады, ол оны ойдағыдай орындап, адамды ұятқа қалдырмайды.
Адамда үнемі таңдау болады. Сіз өзіңізге жауапкершілік ала аласыз, немесе өзгені кінәләуңызға да болады. Мұндағы ең негізгі сөз: «Өміріңде кез келген міедетті орындауды, бақылауды өз мойныңа алғым келмесе де, оның соңғы нәтижесін өзің көресің». Әлемде нақты бір заңдылық бар.Оны сен білсең де, білмесең де ол жұмыс істейді.
100 пайыз жауапкершілік алу қаншалықты маңызды? Адам өз өміріне толығымен жауапкершілік ала білсе, ол болып жатқан оқиғаны дұрыс бағалап, соған әрекет етеді.Оның нәтижесін де дұрыс болжай алады. Бақылау мен жауапкершілік ала білген адамның өмірінің сапасы да жоғары болады.
Алдағы болатын ҰБТ-дағы жоғары ұпайға ие болу немесе болмау өзіңізге баланысты.
Сіздер емтихан тапсырғанда,ҰБТ-еу кезінде жауапкершілікті ата-анаға, пән мұғаліміне , досқа, шпоргалка мен «ағайын-туысқа» артатын босағыз, онда өз міндетіңізден бас тартқанымыз.
- «Соқыр мен жетекші» жаттығуы.
Мақсаты: Өзіне жауапкерлік ала білуге үйрету.
Қажетті құралдар: Орындықтар, көз байлайтын орамал.
Нұсқау:Жұпқа бөліну. Орындықтардың жылан іспеттес ирелендетіп қойып, оның арасымен біреуінің көзін байлап, екіншісі сол орындыққа шалындырмай өткізу қажет. Кезекпен қайтала йды. Орын алмастырады.
Жаттығу жасаланып болған соң талқылау жүргізіледі.
- «Соқыр» рөлін ойнағанда қандай күйде болдың?
- Жетекшіңе қаншалықты сендің?
- Өзіңнің қанда екендігіңді білдің бе?
- Сен өзіңе жауапкершілік алғанда қандай күйде болдың?
- Досыңның саған қорықпай сенуіне қандай күйде болдың?
- Сен өзіңді қай уақытта жақсы сезіндің? «Соқыр» рөлінде ме, әлде «жетекші» рөлінде ме?
Оқушылар бірлесе отырып, қорытынды пікір шығарады.
- «Жауапкершілік» жаттығуы.
Қажетті құрал: Сөйлем жазылған ақ парақ. (оқушы санына қарай таратылады).
Нұсқау: Сөйлемді аяқта.
- Жауапты адам болу дегеніміз…
- Мен өз жауапкершілігімді… көрсетемін.
- Мен үшін ең қиын жауапкершілік, ол …….
- Жауапкершілігі бар адамды мен… танимын.
- Менің жауапкершілігім көбейген сайын, өзімді….. санаймын.
- Мен мынандай ….. жауапкершілік алудан қорқамын.
- Мен өз өміріме жауаптымын, себебі…
- Мен өз мақсатыма жету үшін, мен…. жауапкершілігін ала аламын.
Әр сөйлемді бірнеше нұсқамен толықтырсаңыз да болады.
Оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін осы жайында пікір алмасады, талқылайды, ой түйеді. Жұп-жұппен бір-бірінің қолынан ұстап тұрып, соңғы сөйлемді екі реттен қайталап, «ант» береді.
- «Мен өз әлемімнің қожайынымын» жаттығуы.
Нұсқау: Қазір-бір-бірлеп орынан тұрып, омыртқаны тік ұстап, екі иықты түзулеп, үлкен қуаныш және мақтанышпен: «Мен-өз әлемімнің қожайынымын. Өмрімнің әр сәтіне жауапкершілік пен алдағы арманымның да жүзеге асуын өз міндетіме аламын», деген сөзді айтып, алдыға бір қадам жасау керек.
- «Арманға апаратын басқыш» медитациясы.
Нұсқау: Баяу әеун қойылады. Ыңғайлы отыру. Арқаны орындық арқалығына сүйеуге де, немесе бос ұстауға да болады.Көзді жұму. Мұрынмен тыныс алу, қолды іштің тұсына қойып, онда ауа толтырылғанын сезіну. 3 секундқа ауаны ұстап тұру. Сосын мұрын арқылы тыныс шығару. (Жаттығуды 3 реттен жасау, екіншісінде 5, үшіншісінде 7 секунд ұстау). Көз алдыңызға 10 басқышты елестетіңіз. Соның ең жоғары жағында сіздің арманыңыз тұр. Әр басқышта жазылған сөз ол сіздің арманға жетуде қуат беріп, көңіліңізге сенім ұялататын ғажайып сөздер. (Тренер мектеп оқушыларына 10 жауапкершілік дайындайды.) Бірінші басқышта «Мен бас банкирмін» сөзі жазылған.Әр міндетті айтқан сайын оқушы оны іштей 3 реттен қайталау керек. Білім, сана, тәрбие,ақыл, сенім, талап,адал, жақсы-қарым-қатынас, ұқыптылық, еңбекқорлық.
Міне арманның да төріне шығу! Швардцнигер алатын жеңісін алдымен көз алдына барлық бөлшегіне дейін келтіре алады екен. Ата-анаңның мақтанып тұрғанын, өзіңе бүкіл зал қошемет көрсетуп жатқанын…. Сондай жасай алғаннан кейін бүкіл жарысқа қатысады екен. Ұйқыға жатқанда Емтихан, ҰБТ-қатысып отырғаныңды,шыққаныңды, кешке «125» ұпай алғаныңды елестет. Енді ақырын көзімізді ашамыз да бұрыңғы қалпымызға келеміз.
Қандай сезімде болдыңдар?
Қорытындылау.
Рефлексия.
Тренинг барысында қандай жаттығулар ұнады?
Қай тапсырманы орындауда қиналдыңдар?
Жауапкершілікті сезіндіңдер ма?
«Жауапкершілік» жаттығуы.
Қажетті құрал: Сөйлем жазылған ақ парақ. (оқушы санына қарай таратылады).
Нұсқау: Сөйлемді аяқта.
- Жауапты адам болу дегеніміз…………………………………………………….
- Мен өз жауапкершілігімді…………………………………………. көрсетемін.
- Мен үшін ең қиын жауапкершілік, ол …………………………………………
- Жауапкершілігі бар адамды мен…………………………………….. танимын.
- Менің жауапкершілігім көбейген сайын,өзімді…………….. санаймын.
- Мен мынандай ………………………… жауапкершілік алудан қорқамын.
- Мен өз өміріме жауаптымын, себебі……………………………………………..
- Мен өз мақсатыма жету үшін, мен…………………………. жауапкершілігін ала аламын.
Ондай адамға сеніп іс тапсыруға болады, ол оны ойдағыдай орындап, адамды ұятқа қалдырмайды.
Адамда үнемі таңдау болады. Сіз өзіңізге жауапкершілік ала аласыз, немесе өзгені кінәләуңызға да болады. Мұндағы ең негізгі сөз: «Өміріңде кез келген міедетті орындауды, бақылауды өз мойныңа алғым келмесе де, оның соңғы нәтижесін өзің көресің». Әлемде нақты бір заңдылық бар.Оны сен білсең де, білмесең де ол жұмыс істейді.
100 пайыз жауапкершілік алу қаншалықты маңызды? Адам өз өміріне толығымен жауапкершілік ала білсе, ол болып жатқан оқиғаны дұрыс бағалап, соған әрекет етеді.Оның нәтижесін де дұрыс болжай алады. Бақылау мен жауапкершілік ала білген адамның өмірінің сапасы да жоғары болады.
Алдағы болатын ҰБТ-дағы жоғары ұпайға ие болу немесе болмау өзіңізге баланысты.
Сіздер емтихан тапсырғанда, ҰБТ-еу кезінде жауапкершілікті ата-анаға, пән мұғаліміне , досқа, шпоргалка мен «ағайын-туысқа» артатын босаңыз, онда өз міндетіңізден бас тартқанымыз.