Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Бірлік ауылы №102 орта мектеп
Сералиева Гулнар Жүсіпқызы
Наурыз –Ұлыстың ұлы күні
1-жүргізуші:
Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз –Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
-Арқат біз осы қандай мерекені тойлағалы тұрмыз?
2- жүргізуші: Жанель ол наурыз мерекесі 22 –наурыз а жыл басы. Наурыз үлкен мейрам емес пе
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!
Мал біткеннің бал татыған ұызды,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.
1-жүргізуші:
Я, онда не тұрыс. Балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!
2-жүргізуші:
Арқат сен Аластау деген сөзді естіп көрдің бе?
1-жүргізуші:
Я, естігенім де, көргенім де бар. Менің әжем мен анам үнемі үйді «Алас, алас, баладан алас, Түрлі-түсті пәледен алас».- деп түрлі жаман нәрселерден аулақ болу үшін аластап жатады. Олай болса бізде бүгін аластау рәсімін жасайық. Сенің анаң аластау рәсіміне дайындалып келген тәрізді.
«Аластау: Хамитбек Жанельдің ата-анасы»
2-жүргізуші:
Наурыз жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді.
1-жүргізуші
-Жанель сендер үй ішінде наурызға қалай дайындаласыңдар?.
2- жүргізуші:Үйді, арықты, ауланы, көшені тазалаймыз. Ағаштар мен гүлдер егеміз. Үйге дастархан жайып қоямыз.
1-жүргізуші:
Әрбір той шашу шашумен басталады. Шашу — ұлттық әдет-ғұрып. Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, келін түскенде, отау көтергенде, алыс сапардан жолаушы оралғанда, т.б. қуанышты жағдайларға байланысты шашылатын құрт, ірімшік, өрік-мейіз, кәмпит жиынтығы. Олай болса бүгінгі мерекеміздің шашуын шашу үшін Аңсағанның ата-анасына берелік.
2-ші жүргізуші:
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар., деп біздің достарымызда өздерінің мерекелік тақпақтарын дайындап келген болар.
«Тақпақтар айту»
1-Жүргізуші:
Жанель сенің есіміңді Жанель деп кім қойды?
2- жүргізуші
————————— қойған болатын. Себебі, Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады.Сенің не айтпақ болғаныңды түсіндім. Ол Манас пен Мирастың анасының дайындаған ат қою рәсімі емес пе?
1-жүргізуші: -Жанель мен саған жұмбақ жасырайын шешемісің?
Бір жігіт екі белбеу байланады.
Ол не тауып көрші.
2- жүргізуші
–Таптым ол бесік емес пе? Бесік деген баланың жылы ұясы. Арқат сен бесікке салу кезінде тыштыма алып көрдің бе? Олай болса бізде қалыс қалмай Ақұлпаның әжесі баланы бесікке салса, біз тыштымадан құр қалмайық.
«Бесікке салу»
1-Жүргізуші Білемісің Жанел бүгін менің анам үйдегі кішкентай інімді өзімен бірге алып келді. Неге алып келді деп ойлайсың?
2-Жүргізуші: Үйде қарайтын адам болмағасын шығар. Әлде мерекені тойлауға шығар.
1-жүргізуші: Жоқ таба алмадың. Неге келгенін өзім айтайын. Бүгін анам інімнің тұсауын кеседі.Сондықтан еріткен болатын.
2-жүргізуші Олай болса тұсау кесу рәсіміне назар аударайық.
1-жүргізуші: Жанель мен шаршадым, ұйқым келді.
2-жүргізуші: Жоқ біздің мерекеміз аяқталған жоқ. Сәл шыда Ақжүністің анасы сенің ұйқыңды ашайын деп ұйқыашар дайындапты көрейік, дәм татайық.
1-жүргізуші: Ұйқым ашылды. Енді не тұрыс ары қарай мерекені жалғастырайық.
2-жүргізуші: Арқат сен айтыскерлерден кімді білесің?
1-жүргізуші: Мен Біржан мен Сараны, Айнұр мен Балғынбекті білемін. Айтыскерлер көп қайсы бірін айтайын. Оны не үшін сұрадың?
2-жүргізуші: Айтыс ертеден қалыптасқан дәстүр.Ойын,тойда ақындар бірі-бірімен айтысып, той қызығын,мәртебесін көтерген. Біздіңде сыныпта мерекенің көрігін қыздырғалы тұрған кішкентай айтыскерлеріміз бар. Олар бірінші рет өздерінің бағын сынайды. Көрсек,тыңдасақ қалай болады.
«Айтыс»
«Жанель балалрдың қолына сақина салып жүреді.»
1-жүргізуші: Жанель не істеп жүрсің,менен тығып не беріп жатырсың балаларға?
2-жүргізуші: Мен ойын ұйымдастырғалы жатырмын.
1-жүргізуші: Жоқ, ұлттық ойындарды біздің жігіттерге қалдыр.
«Ұлттық ойындар: Арқан тарту, күш сынасу, кір тасын көтеру»
2-жүргізуші: Жарайсыңдар, жігіттер. Бәрің шетінен мықты екенсіңдер. Бізде сендерден қалыспаймыз. Мен сендерге «инемді тап» деген ойын ұйымдастырайын ойнаймысыңдар?
«Инемді тап, Шалма» ойыны
1-жүргізуші: Жанель мына ойындарың керемет екен.
2-жүргізуші: Көрдің бе? Біз қыздар ойынды керемет ұйымдастырамыз.
1-жүргізуші: Я, керемет екендіктеріңді көрдік. Енді сендердің он саусақтарың майысып,шебер екендіктеріңді көргіміз келеді.
2-жүргізуші: Жарайды біздің қыздар шетінен шебер. Байқап көрелік.
«Ою ояды»
1-жүргізуші: Я,ұлттық оюды нақышына келтіре ойдыңдар, сөз жоқ! Ал біздің жігіттерде қалыс қалмай бата жарысын ұйымдастырсақ дейді.Қалай қарайсыңдар?
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың Арқат «Бата мен ел көгерер» деп бекер айтпайды. Бүгінгі наурыз мерекесіне деген тілек баталарын білдірсін.
1-жүргізуші: Жанель біздің наурыз көжемізде дайын болған тәрізді.
2-жүргізуші: Я, жеті түрлі дәм салып, дайындаған наурыз көжеден дәм таталық.
«Наурыз туралы» ән айтылып тұрады.
1-жүргізуші: Біздің мерекемізде мәресіне жетіп қалды. Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. Олай болса бүгінгі мерекелік дастарханның батасын алайық.
«Бата беріледі.»
2-жүргізуші:
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
Осымен мерекелік тәрбие сағатымыз мәресіне жетті.
« Наурыз-Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.