Жаңақала ауданы
Жаңақала ауылы
№3 ЖОББҚМ
Тасқалиева Гүлбар Кенжеғалиқызы
Ұзартылған күн тобының тәрбиешісі
«Тапқыр достар»
(зияткерлік ойыны)
Мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінде таза, сауатты сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға баулу, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: Power-Point презентациясы, интерактивті тақта, парақшалар.
Жүргізуші: — Құрметті көрермендер, тіл жанашырлары, ұстаздар!
Бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтар: Ойынға 3 топ қатысады.
- «Тапқырлар» тобы.
- «Алғырлар» тобы.
- «Жас ұлан» тобы.
Жүргізуші: — Әрбір тілде сөйле, әлемді таң қалып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!-
-деп ойын кезеңдерімен таныс болайық:
1) Топтар өздерін таныстырады;
2) «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
3) «Ойлы болсаң озып көр»
4) Кім жүйрік?
5) «Тауып көр.»
Ал енді ойынымызды бастайық. Бірінші айналым «Таныстыру»
Екінші айналым «Сөз тапқанға қолқа жоқ…» (тұрақты сөз тіркестері). «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп А.Байтұрсынов атамыз айтқандай, көнерген сөздерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін, біз әрдайым жадымызда ұстауымыз керек. Сондықтан, бүгін сіз-біз болып көнерген сөздердің мән мағынасын ашып көрейік.
Уақыты 1минут
1.Түлкі
Мысық Ит |
арқасы қиянда |
1.Темір
Қағаз Бармақ |
шайнау |
1.Қасқыр
Қоян Ит
|
өлген жер |
2.Айы
Күні Жұлдызы |
қарсы |
Көз Құлақ |
оты шықты |
2.Қолы
Беті Аяғы |
бүлк етпестен |
3.Күрек
Жүрек Тырна |
жалғау |
3.Төбе шашы
Самай шашы Әскер |
тік тұрды |
Қазық Ағаш |
қаққандай |
4.Атқа
Сиырға Тайға |
таңба басқандай |
4.Тас
Құм Топырақ |
бауыр |
жәй Кенет Жерге |
түскендей |
5.Қабақ
Жаңбыр Нөсер |
жауды |
5.Шешенің
Ұлдың Қыздың |
жиған жүгіндей |
5.Тапа-тал
Ыстық Жарым |
түс |
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім,
— деп келесі кезекті «Ойлы болсаң озып көр…» бөліміне берейік. (Әр топ әріптер таңдап, сол бойынша сұраққа жауап береді (О,Ж,К,А,Т,Қ,Е,М,С.) Уақыты 1минут.
1-топ. 1) Атың кім?
2) Ердің атын кім шығарады?
3) Өзен көркі не?
4) Аспанда не бар?
5) Сөз атасы не?
6) Жердің сәні не?
7) Сенде құлақ бар ма?
8) Тіл тас жарама?
9) Бала тілі бал ма?
2-топ. 1) Отбасыңда қанша адам бар?
2) Досыңды ренжіткен күнің болды ма?
3) Адам көркі шүберек пе?
4) Көңіл-күйің қалай?
5) Аңдамай сөйлеген ауырмай өле ме?
6) Шашыңды сәндейсің бе?
7) Салмағың қанша?
8) Қазақ тілі қандай тіл?
9) Тіл неден өткір?
3-топ. 1) Сиырдың мүйізі барма?
2) Үйіңде не бар?
3) Қолың нешеу?
4) Туған жердің қадірін қай жерге барып білесің?
5) Өмірде нені сүйесің?
6) Апайың ұрса ма?
7) Тіл не үшін керек?
8) Шашыңның түсі қандай?
9) Ертегі білесің бе?
Жүргізуші: — Қазақтың біртуар сөз зергері Ғабит Мүсірепов «Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты, теңеу бейнелері ерте туған тіл» деген.Сондықтан ендігі кезең «Кім жүйрік?». Бұл кезеңде сайыскерлеріміздің қазақ сөздеріне қаншалықты бай, шешен екенін байқайық. ТӘУЕЛСІЗДІК сөзінен мейілінше көп сөз шығарған топ көп ұпай еншілейді. Уақыты 2 минут.
Жүргізуші: — «Жұмбақ – адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген Мұхтар Әуезов. Енді көрермендеріміздің тапқырлығын тексерейік, кезек «Тауып көр…» бөлімінде. Әр топ қағазда жазылған сөздерді атын атамай, синоним сөздер арқылы не қимыл-қозғалыс арқылы көрсетесіздер, көрермен қауым сіздер бұл созді табуларыңыз керек. Ендеше іске сәт!
1-топ 2-топ 3-топ
Сағат Жарма Көлеңке
Торт Үй Адам
Автобус Шыбын Арман
Телефон Арба Бауырсақ
Етік Жол Кітап
Есік Сандық Мектеп
Құс Терезе Найзағай
Көрпе Қар Отырғыш
Гүл Теледидар Қайық
Орамал Әнші Шкаф
Суретші Шөп Мұғалім
Биші Қалам Алма
Жүргізуші: — Келесі бөліміміз «Кейіпке ену» деп аталады.Мұнда оқушылар берілген кейіпкердің іс-әрекетін қимылмен көрсетуі керек. Мыс: Мұғалімнің сабақ оқымай келген балаға ұрсуы…
Жүргізуші: — «Өнерліге өріс кең» деп келесі кезекте сайыскерлеріміздің өнерін тамашалаймыз.
Жүргізуші: — Осымен біздің сайысымыз аяқталды, сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Ана тілім — арым бол,
Ұятым боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! -деп бүгінгі сайысымызға қатысып, тамашалағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!