Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы Алтай батыр ауылы
А.С.Пушкин атындағы орта мектеп
Елшинбекова Тамаша Бөрібайқызы
Біз білетін бір батыр…
Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың туғанына биыл 95 жыл толу мерекесіне орай Ұлы жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында облысымызда кеңінен түрлі іс-шаралар өткізілуде. Ұлы Отан соғысының батырларының ерлігіне арнап 2010 жылы жергілікті баспадан «Біз білетін бір батыр» атты есстеліктер жинағы жарыққа шықты. Соның бір дәлелі ретінде үгін біздер 9-класс оқушыларымен бірлесе отырып, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап «Біз білетін бір батыр» тақырыбына дайындалған бағдарламаны көруге шақырамыз.
І. Жұлдызды ғұмыр.Бағдарламымызды бастамас бұрын, алдымен назарларыңызға Кеңес Одағының батыры Қожабай Жазықов туралы дайындалған арнайы сюжетке назар аударайық.(Батырлар елі видеоролик).
Өзінен үлкенге риясыз іні болған, өзінен кішіге риясыз аға болған, қан туыстығын емес, жан туыстығын іздеген абзал жанды азамат, қоғам қайреткері Қожабай Жазықов бұл фәниде көп іс тындырған. Ол шолақ сайдай тасымайтын, адамның кемшілігін қасымайтын, адамды алаламайтын, мейлінше қарапайым жан болатын. Алды ақжайлау, кісілігі – кішілік, кішілігі – кісілік, бір сөзбен айтсақ, ол тұла бойы тұнған ізгілік, ілтипаттылық, инабаттылық, яғни адами қасиеттердің ең жақсыларын бойна сіңірген-ді.Өзін қоршағандарға шынайы адал, қалтқысыз қайырымды болған.
Қазіргі қоғам, заман ғылымға сүйенеді. Батыр атамыздың өмірі мен ерлігін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Аманова Үміт Жанатқызын тыңдайық.
ІІ. Батыр ұрпақтарымен сұхбат.
Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданынан келген қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқитын көркем келген Ханшайым Нұрманова Қожекеңе қатты ұнайды. Батыр атамызға Ханшайым әжеміз туралы: «текті жердің қызы, әдепті, көргенді, инабатты, іске шебер, өте жақсы оқиды, еті тірі, қиыншылыққа төзімді»,-деген мінездеме берген. Шынында да солай ма екен? Кеңес Одағының батыры Қожабай Жазықовтың зайыбы Ханшайым Нұрманованы (Құралай) ортаға шақырайық. («Батырын елі құрметтейді»)
Қожабай Жазықов пен Ханшайым Нұрманова аз ғұмырларын ғасырдай ұзақ қуанышта өткізді десек, асыра айтқандық болмас. «Алған жарың жақсы болса, бірінші – иманың, екінші – жиғаның, үшінші – мейманыңның тұрағы» демекші, олардың отбасы ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, арттарына «туған балаң жақсы болса, екі көздің шығары» дегендей, өзінің көздерін, өмірдегі – мәңгілік іздерін қалдырды.
Батыр Ұрпақтары – ұлдары Балғали Жазықов (Баубек); Темірғали Жазықовты(Ермахан) қарсы алыңыздар.«Алдымда асқар тау боп сен тұрасың», «Есімін мақтан тұтамын».
«Әке ерлігі ұрпаққа үлгі», «Мақтанышым – әкешім», «Әке мейрімін сағынамын» деп сыр шертетін батыр атамыздың қыздары, қызғалдақтары – Лаура(Гүлназым), Мақпал(Асылжан), Тамара(Құндыз) Жазықоваларға сөз кезегін береміз.
Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі аға оқытушы Шахмет Селбаеваның (Назерке) Қожабай ата мақтаным. жыр жолдарынаортаға шақырайық.
Жақсылық Айжанов (Айбат) «Батырға тағзым»
Қожабай Жазықұлын осы қасиеттері үшін де, табиғи мінез-құлқы үшін де, өміршең істері үшін де аралас-құралас жүрген достары мен жақындары жақсы көрген. Көзі тірісінде ілтипат көрсетіп, өлең жолдарын тізбектеп, жүрек жарды сөздерін арнайтын А.С.Пушкин атындағы орта мектептің 9-класс оқушыларын ортаға шақырамыз.
ІІІ. Өлеңдер шеруі. (А.С.Пушкин атындағы орта мектеп оқушыларының батырға тағзым өлеңдер шеруі).
Оқушылар өз өлеңдерін оқиды (Нұрмұхан, Ақбөбек, Асылай, Мөлдір, Жаннұр, Әділбек, Үміт)
Ән: «Сарбаздар» орындайтын: Жәдігер Асылан
ІV. «Бүгінгінің батыры кім?» деген тақырыпта эссе жазып келеміз.
Алтай батыр ауылының шығу тарихы туралы мәлімет жинау. Неге ауылымызға Алтай есімі берілген? Ол қандай батыр? Ел үшін еткен еңбегі қандай?
- Жұлдызы жоғары азамат.
Көрініс: «Батырдың комсомол билеті».