Анар Ильясова
Сабақтың тақырыбы: Туберкулез ауруының белгілері және оның алдын алу жолдары
Сабақтың мақсаты:Жұқпалы аурулардан сақтану және олардың алдын алу
Тәрбиелігі: Жұқпалы аурулардан сақтануға және тазалықты ұстануға тәрбиелеу
Туберкулез- ауа арқылы таралатын жұқпалы ауру. Туберкулез ауруының қоздырғышы-туберкулез таяқшалары.
Қазіргі кезде туберкулез ауруының қауіптілігі туберкулез ауруы адамнан адамға ауа арқылы таралып жұғатын болғандықтан, туберкулезбен тыныс жолдары ( кеңірдек, кеңірдекше ) және өкпесі зақымданған науқастар жоғары қауіп тудырады. Туберкулез ауруының бұл түрлеріне шалдыққан науқастар сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырық тастағанда қоршаған ортаны тірі бактериялармен ластайды. Ауаны ластаған тірі туберкулез микробактериялары сау адамның ағзасына өтуі үшін осы ауамен аздап қана тыныс алудың өзі де жеткілікті. Яғни, туберкулез таяқшалары барлық адамдар үшін қауіпті, өйткені біз тыныс алатын ауа бәрімізге ортақ!
Туберкулез ауруымен кімдер ауруы мүмкін? Туберкулез таяқшалары жұққан адамдардың тек қана пайызы туберкулез ауруына шалдығуы мүмкін екендігі дәлелденген. Туберкулез таяқшалары жұққан адамдардың қорғаныс жүйесі әлсіз болса, олардың туберкулез ауруына шалдығу қауіпі жоғарлайды. Жанасқан АИТВ және ТБ жұқпалары болған жағдайда ТБ ауруына шалдығу қауіпі 21-34 есе артады. Иммундық қорғанысты әлсірететін басқада ауруларға шалдыққан адамдарда туберкулезбен ауыру қауіпі жоғары болады.Мысалы, қант диабеті мен тамақтанудың басқа да бұзылыстары туберкулезбен ауыру қауіпін кез келген жаста арттырады. Темекі тарту туберкулезбен ауыру және оның салдарынан қайтыс болу қауіпін едәуір арттырады. ТБ ауруына шалдығудың 20 пайызынан астам жағдайы темекі тартумен байланысты екені белгілі. Туберкулезбен ауырмау үшін не істеу керек ? Туберкулез таяқшаларының жұғуынан, яғни тыныс алу жолдары арқылы туберкулез ауруының қоздырғышының ағзаға түсуінен сақтану керек ( бөлмені жүйелі түрде желдетіп отыру, жөтеліп жүрген адамдардың бетперде тағуы, туберкулездің ашық түріне шалдыққан адамдармен қарым-қатынаста болмау) Есірткі заттарды қолданбау Арақ-шарап пен темекіні қолданбау Тамақтану тәртібі мен жиілігін сақтау, зиянды және улы қоспаларды қолданбау Стресстерге қарсы тұра білу Жыл сайын емханада тексерістен өтіп отыру Ағзаның қорғаныс күштерін төмендететін кез келген ауруды ( қабыну үрдістері қанның азаюы, гормондық бұзылыстар, қалқанша безінің аурулары және басқаларды) уақтылы емдеп отыру.
Қорытынды: Оқушылар бұл жұқпалы дерттен сақтануымыз керек, өйткені ол адам өміріне өте қауіпті болып келеді. Сол себепті,тазалықты сақтап, жеке бас гигиенаны сақтағанымыз жөн және салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.