Басы » Cыныптан тыс » Вирустық гепатит

Вирустық гепатит

1343Анар Ильясова

Сабақтың   тақырыбы: Вирустық гепатит

Сабақтың   мақсаты: Вирустық гепатиттен сақтану   және олардың алдын алу жолдары.

Тәрбиелігі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Жұқпалы     аурулар-жұқпалы ( инфекциялық) аурулар ерте заманда-ақ олардың   жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр   түрлі аурумен белгілі болады.( індет, жаппай аурулар) Бұл аурулар ерекше « миазма» ауаның   улы булануымен байланыстырылады.   Жұқпалы аурулар туралы ғылымның   дамуында әр түрлі   қоздырғыш микробтардың     ашылуы үлкен   рол атқарады.   «Jnfecio» деген   латын сөзі   «ластану»   дегенді   білдіреді. Жұқпалы   аурулар адам   ағзасына   қоздырғыштың   енуінен   кейін   пайда   болады. Қоздырғыш-микробтар   ауру   адамнан   сау   адамға   беріле алады.   Белгілі бір   уақытта   ауру жаппай тароалады.(індет)   Ауру туғызатын   микробтар,   бактериялар,вирустар,   спирохетор, саңрауқұлақтар   болуы мүмкін. Ауру туғызатын   микробтар   әдетте   сыртқы   ортада   тез   өледі.   Олардың     өмір сүріп, көбейетін   жері— адам   немесе мал   ағзасы, сондықтан адам   жұқпа көзі   болып табылады.

Вирустық гепатиттер   (Бауырдың   қабынуы)

Вирустық гепатит   кең таралған   және адам   денсаулығына   өте қауіпті инфекциялық топ,   олардың   өзара бір-бірінен   сәл айырмашылығы   бар, байқалмайды, түрлі вирустардан   тарауы мүмкін, бірақ бәрінің де белгілі бір ол ең алдымен бауырдың   зақымдалуы   және қабынуына әкеп     соғуы. Сондықтан да   бауыр қабынуының түрлерін   басқаша   «сары   ауру» деп   тайды.Бұл бауыр қабынуының кең тараған   түрі болып   келеді. «Сары   ауру» эпидемиясы туралы біздің   заманымызға   дейін   Гиппократ   Ү   ғасырда   сипаттап жазып   қалдырған   бірақ   оның қоздырушысы   туралы   тек өткен ғасырдың   ортасында   ашылған   болатын. Бауырдың   қабыну вирусы   жұқпалы   аурулардың   ішінде   өзекті   мәселе болып табылады. ДДҰ-ның мәліметі бойынша   В гепатиті мен науқастанғандардың   саны 1  миллиардтан   асатын   болса, С-гепатитімен   дүние жүзіндегі   млн   шамасы   белгілі   жыл сайын   бауыр берішінен (циррозынан)млн аса адам   көз жұмады. Жағдайлардың көкейтесті мәселелерінің бірі , ол науқас адам   еңбекке     жарамды шағында,   аурудың жас кезінде пайда болып   отыр,   мемлекеттің     экономикалық   жағынан да   зиян келуіне, қаражат   және   адам шығынына   әкеліп   соғатыны   белгілі. Науқас адамның бауыр   беріші   3 жылдың   ішінде өрбіп,   соңында   рак ауруына шалдығуына   қатер   төндіреді.

Бауырдың   қабынуы   вирусы   2 топқа бөлінеді.1.   Энтеральды топ фекалдық   жолмен   жүретін   әдеттегі   ішек жұқпасы, оған А вирустық   гепатиті және   Е   вирустық   гепатиті   жатады.                                                                                                                                                            2.   Ас қорыту   жолынан тыс тобы   әдеттегі қанталау   инфекциясы-жұғу   жолдары-қан   және де организмнің  сұйық   ортасы ( сілекей, сперма, емшек сүті)   Бұл топқа   В,С,Д   гепатиті   жатады.   С- вирусты   гепатиті- жұқпа көзі       сыртқы адамдар   сирек   түрі анадан   тікелей   ұрыққа   өтеді.     Е- вирусты гепатиті     су арқылы   аурудың пайда болу уақыты жазғы айлар   Д   түрі   С түріне ұқсас.                                                                                                                                                       Сары ауру                                                                                                                                                                  Санитариялық ережелерді   сақтамай   дайындаған тағм өнімдері,   содай-ақ вирусты гепатит   ауру адамдар дайындап таратқан тағамдар   да осы ауруға   ұшыратады. Сары ауру   адам     организмін   бүтіндей   зақымдайды.   Бірақ өзгерістер   бауырда өтеді.Алғашқы үш аптада   аурудың   ешқандай     белгілері   білінбейді.   Мұны жасырын     инкубациялық   кезең   деп аталады.   Зақымдалған   адамдардың асқа   тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс   етегі тұсы ауырады, ішектің   бұзылғандығы   байқалады . Дәл осы   кезеңде дәрәгерге   қаралу қажет. Дәрігер диета белгілейді,   асқынудың алдын алады.   Жасырын кезеңде   дененің сарғаюы   бсталады.   Алайда аурудың сарғаймайтын түріде   кездеседі,   аурудың   бұл түрі   адамдарға қауіпті.Егер ауру адамдар   дер кезінде   емделсе, дене сарғаюлары     кетіп, денсаулығы   қалыптасады. Құдықты таза ұстау   керек. Ауыз   су құдығының қабырғасы мен түбін   лайдан –қоқыстардан   тазарту керек. Қоқыс   үйінділер, мал суаттары   жақын болмауы керек.   Вирусты гепатит   тағам   өнімдері арқылы   да берілетін болғандықтан   асқана, кафе, азық- түлік дүкен-де санитария ережелері ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Жеміс пен көкөністерді   қайнаған   сумен жуу керек. Мектеп жасындағы балалар   мекемелер мен   мектепте   балалар   санының артық болмауы   және   тазалық   сақталуын   қадағалау керек.  Балалар   әрдайым   медициналық тексеруден   өтуі тиіс.   Сапалы сумен,   тамақпен қамтамасыз   етілуі қажет.Ауру   шыққан үйлерде, мектепте, балабақшаларда т.б.   нысандарда   қорытынды дизенфекция 3% түрі бойынша   ауру   мен қарым   қатынаста   болған адамдар дәрігер   қарауында   болу керек, күдікті адамдар оқшаулануға тиісті. Оқушылар күн сайын   өздері мен   бірге   қайнаған су   құты алып   жүрулері керек.

Қорытынды: Оқушылар біздер жұқпалы аурулардан қорғануымыз керек. Өйткені олар біздерге өте қауіпті болып келеді. Азық түліктерді, жеміс жидектерді жуып жеуіміз керек. Жеке бас гигиенаны сақтауымыз керек. Салауатты өмір салтын ұстануымыз керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *