А.С.Пушкин атындағы орта мектебі
Өткізген: Елшинбекова Т.Б.
Сәнді де жарасымды киіне білу – өнер
Француз жазушысы Жан-Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай лімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Сондықтан, ұстаздарымыз әркім өз алдына педагогтік имиджін қалыптастыру қажет деп ойлаймын.
Имидж (ағылшын image – бейне, бейнелеу) – ағылшын тілінен аударғанда бейне, бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Бұл қолданбалы өнердің құрамдас бөлігі адамның беделін, белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Имиджді қалыптастыру немесе өзгерту тек киімнің сәнін ауыстыру деген сөз емес. Имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етеді. Имиджді қалыптастыру үшін көптеген мамандар, психологтар, ПР менеджерлер, әлеуметтік қызметкерлер, стилистер мен визажистер, продюсерлер еңбек етеді. Десек те, педагогтерге ол мамандардың аса қажеті жоқ. Себебі, ұстаз мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін оқушыларына, халыққа беріп отырады. Тек осы керемет ішкі дүниесі имиджіне сай келсе болғаны.
Имидждің түрлері төмендегідей:
- Қоршаған орта имиджі (апдамның жұмыс кеңесі, көлігі),
- Қоғамдық имидж (өзі қолданатын заттар, мысалы, хаттар, визит карталары, әдетте сыйлайтын сыйлықтары, гүлдері);
- Вербалды имидж (сөйлеу, жазу мәдениеті);
- Кинетикалық имидж (өзіне ғана тән іс-қимылдары),
- Габитарлы имидж (киімі, тұтынатын заттары, шашынан сән үлгісі т.б.);
- Менталды имидж (дүниетанымдық көзқарастары, этикалық әдептері, әлеуметтік жағдайы).
- Сыртқы имидж (адам туралы басқалардың бағасы, дос-жарандардың, таныс, таныс емес жандардың деректері, бұқаралық ақпарат құралдарының өзі туралы таратқан ақпараттары).
Айланаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарасы оның сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ.
Иә, имиджге ұқсас әдеп деген ұғым тағы бар. Әдеп пен имидждің айырмашылығы неде? Педагогтің әдебі әр адамда әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жасына, темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты. Әдеп әр аамның дара қасиеті. Имидж ше? Қабылдау механизмі бойынша адамдар кітапті оның мазмұнына қарап емес сыртқы қабына, тауарды сапасына қарап емес сыртқы ормасына, ал адамды сыртқы келбетіне қарап ой қалыптастырады. Ең бірінші кездескенде кез келген адам сіз туралы ақпаратты сіздің киім үлгіңізден, өзіңізді ұстауыңыздан, сіздің сөйлеу мәнеріңізден, сіздің қолданатын заттарыңыздан алады. Психология заңдары бойынша бірінші және соңғы алған әсер көп жағдайда сіз туралы қалыптасқан ойға нүкте қояды. Алғашқы бірнеші минут әңгімелесуден кейінгі қалыптасқан ой көпке дейін кейінгі қарым-қатынасқа әсер етеді, тіпті мансабыңыз бен өміріңізді де өзгертуі мүмкін. Яғи адамдармен әңгімелесу кезіндегі алғашқы бірнеше минуттарда өзіңізге ұтымды жағыңыздан көрінуге тырысуыңыз қажет. Имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңызды жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы, адамның эмоционалды сферасына әсер ететін тартымды психикалық образ. Имидж саналық бақылау механизмі әлсірегендегі күшті эмоционалды әсерге негізделген. Имидждің адам өмірі мен мансабына айтарлықтай ықпал ететініне дәлел келтірейін:
- тартымды имидж – адамды жақсы жағынан көрсетіп, жаман жақтарын жасырады, яғни қауыммен қабылдануына ықпал етеді;
- тартымды имидж – айналаңыздағылардың сізбен қарым-қатынасқа түсуіне психологиялық дайындығын тудырады;
- тартымды имиджге ие адамның көңіл-күйі көтеріңкі және өз-өзіне сенімді болады, бұл – жеңістің кепілі;
- ұтымды қалыптасан имидждің көмегімен өзіңе назар аудартып, басқаларынан ерекшеленіп, бәсекелестік орнаған әлеуметтік ортаға тез еніп, қажетті қарым-қатынас орнатуға болады;
- өзін-өзі жарнамалау өнерін жақсы меңгерген адам әртүрлі кәсіби ортада және әлеуметтік жағдайда өзін еркін ұстайды.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинскийдің «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады» дегендегі «педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер» дегені педагогтің имиджін білдіріп тұрса керек.
Себебі, ұстаз оқушыға бір академиялық сағатта ауызбен айтылған білім мен тәрбиені беріп қана қоймайды, өзінің киім үлгісімен, сөйлеу мәнерімен, дауыс ырғағымен, жүріс-тұрысымен, іс-әрекеттерімен де тәрбиелейді.
Кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген, педагогке тән әдепті қарым-қатынас белгілерін қалыптастырған және педагог имиджін ұстанған ұстаз ғана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек.