А.С.Пушкин атындағы орта мектебі
Өткізген: Елшинбекова Т.Б.
Класы: 9-класс
Тұрмыс эстетикасы және менің азаматтық бейнем
Мақсаты: оқушылардың экономикалық білім негіздерін толықтыру; ата-ананы құрметтеуге, олардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу; оқушыларды отбасылық бюджетін үнемді, ұқыпты, дұрыс жұмсай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар (нақыл сөздер, мақал-мәтелдер).
Жоспары: 1. Нақыл сөз – білгенге ақыл сөз.
- Ата-ананың бала алдындағы парызы.
- Жанұя бюджеті.
- Ата-ананың парызын өтеу – сенің қарызың.
Барысы.
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Отбасы бюджеті және мен». Бұл тақырыптың басты мәселесі – біздің отбасымыздағы әлеуметтік жағдай.
Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.
Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, обтасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелек байланысты.
Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Қазіргі уақытта табыс тауып, отбасын асыраудың өзі кейбір отбасыларда қиынға түсіп отыр. Осы тақырыпқа сай сендер қандай нақыл сөздерді білесіңдер?
Нақыл сөз – білгенге ақыл сөз.
1-оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев: «отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».
2-оқушы: Ғабиден Мұстафин: «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бол алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды. Ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат».
1-оқушы: А.С.Макаренко: «Отбасы өмірді кемеліне келтіреді… бақыт әкеледі».
3-оқушы: А.С.Макаренко: «Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын… адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны».
1-оқушы: В.А.Сухомлинский: «Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы».
2-оқушы: В.А.Сухомлинский: «Ата-ана сүйіспеншілігі даналығына рухани әзірлікке баулу… жас адамның адамгершілік негіздерінің пайда болуындағы ең маңызды да нәзік мәселелерінің бірі».
Мұғалім: «Бюджет» ұғымына анықтама берсек: «Бюджет» деген сөз алғашқы ұғымда отбасы шарушылығын білдіреді. Қазіргі кезде бюджет кең көлемде өндіріс, тұтас халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша айналысы т.б.байланысты айтылады.
Ата-ананың бала алдындағы парызы.
1-оқушы: Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
2-оқушы: Отбасының бала тәриесіндегі рөлі.
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі.
- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек-арқауы;
- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғысарлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Респебликасының мемлекеттік заңдарын құрметтеп, елжанды азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы.
1-оқушы: Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
«Ата-асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ,
Бала жағасында құрақ» деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаласың. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Қоғамның қуат тірегі – отбасы. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті әрі қасиетті алтын мектебі.
2-оқушы: Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес.
1-оқушы: Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың «Отбасы – шағын мемлекет, мен-президент, сен-премьер» дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тірлішігінің де соған ұқсас жақтыра бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
2-оқушы: Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылады. Өйткені қоғамды құратын азамат атаулы отбасында өсіп өрбиді, тұлға болып қалыптасады. Қоғамдық әлеует, қоғамдық ақыл-ой биігі өз тамырын осы ұядан тартады, ұлттың діңі де осы жанұя. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінң ғана емес, ең алдымен адамшылығының белгісі. Ата-ананың үміт арманы баласымен бірге жасайды.
Ата-ананың арманы
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:
Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындйц балалары,
Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?
Ойын емес, оллаһи, біздікінің
Енжарлығы – елде жоқ – ала бөтен…
Туа сала тұлпардың жалын тарқан,
Қырғиларға қызығып, қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына, жылу сыйлап,
Бұл да бір күн алаудай жанар ма екен?!
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау,
Болмаса да топ жарған дана бөтен,
Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,
Жерге қарап, мен сорлы, қалар ма екем?…
… Үміт пенен күдіктің ортасында,
Ата-ананың жүрегі талады екен! М.Әлімбаев.
1-оқушы: Жанұя бюджеті — бұл белгілі уақыт аралығындағы барлық табыстар мен шығындар құрылымы.
Табыс – бұл кәсіпорыннан , жеке адамдардан немесе қандайда бір қызмет орнынан ақша немесе материалдық құндылықтар алу.
Табыс жиынтығы – бұл алынған барлық қаржы.
Шығын – бұл белгілі бір мақсатта жұмсалатын, тұтынатын шығындар. Әр жанұя өзінің бюджетін дұрыс үлестіру керек. Әр адам үй бухгалтериясы негізін білу қажет.
2-оқушы: Жанұя бюджетінің кірісі:
Жанұя мүшелерінің еңбекақысы,
Зейнетақы мен стипендия.
Бағалы қағаздар кірісі,
Жылжымайтын мүлік және басқа да қаражат кірісі,
Қоғамдық ұйымдар төлемі және жеңілдігі
Басқа көздерден кіріс.
Бау-бақша шаруашылығы кірісі,
Кәсіпкерлік қызмет кірісі.
1-оқушы: Міндетті төлемдер – бұл қоғамдық және кооперативтік мекемелер, тұрғын үй-құрылыс кооперативтері және т.б. үшін салық төлеу.
Несие – бұл қарызға тауар мен ақша беру. Сауда – бұл қарызға қаражат беру. Коммуналдық төлемдер – тұрғын үй, газ, радио, телефон төлемдері. Осының барлығы отбасының ортақ кассасынан алынатын, ата-анамыздың еңбек ақысынан төленетін дүниелер. Есте сақтаңыздар!
Ата-ананың парызын өтеу – сенің қарызың
1-оқушы: Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті.
2-оқушы: Ата-ананың сөзін сыйлап құлақ асу, піріклес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.
1-оқушы: Баланың ата-ана алдындағы ұлы парызы мейіріммен, жақсылықпен өтелмек. Бала өзін әлпештеп өсірген ата-анасын дәл солай әлпештеп аялауға міндлетті, сәби шағында өзін қалай бағып-қақса, қартайғанда ата-ананы да солай алақанға салып мәпелеуге борышты. Ал енді «Сендердің ата-ананың алдында қандай қарыздарың бар?» деген сұраққа өздеріңнің ойларыңды айта кетсеңдер… (Оқушылар өз ойларын айтады).
2-оқушы: Иә, «Ата-ананың парызын өтеу – сенің қарызың» деген ұлағатты сөз кішігірім жақсылық нышандарынан басталады деген ойдамын.
Қорытынды.
Мұғалім: Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.