Басы » Музыка » Көшбасшы Гимні

Көшбасшы Гимні

esse1Көшбасшы  Гимні    ( Н.Тілендиевтің «Өз елім» әнінің әуенімен )

Сөзін құрастырған:   Рыспаева Лейла Акыбайқызы, музыка пәнінің мұғалімі,

№104 ЖББМ, Алматы, Әуезов ауданы, «Креатив» тобының мүшесі

 

 

1.Алғашқы қадамда,

Тайсалма! Нық баста!

Жаңашыл, сын ойда,

Ұтқыр боп сөз таста!

Шындыққа жақын,

Өзің бол ақын,

Жыры бол елдің, Көшбасшы!

Шешімге батыл,

Өткір де жарқын,

Қыры бол елдің, Көшбасшы!

 

           Қ-сы:

А—ай,

Тірегі сенсің,

Жүрегі сенсің,

Алға тек ұмтыл, Көшбасшы!

Назары сенсің,

Ажары сенсің,

Жарқыра,серпіл, Көшбасшы!

 

2.Болашақ жолында,

Ізбасар достарың.

Өзіңнің қолыңда,

Әр сыры жоспардың.

Шындыққа жақын,

Өзің бол ақын,

Жыры бол елдің, Көшбасшы!

Шешімге батыл,

Өткір де жарқын,

Қыры бол елдің, Көшбасшы!

 

3.Әр ісің — өнеге,

Әр сөзің  дән егер!

Білімнің іргесін,

Қалаушы — иегер!

Шындыққа жақын,

Өзің бол ақын,

Жыры бол елдің, Көшбасшы!

Шешімге батыл,

Өткір де жарқын,

Қыры бол елдің, Көшбасшы!

 

 

 

 

 

 

( Берілген сөздерге байланысты  мақалдарды еске түсіру және топқа бөліну)

 

Көз — ———- қырағылық үшін

Құлақ———тың идеяларға сақ болу үшін

Ауыз ——— жақсылықтарды жариялау үшін

Қол  ————іскерлікке даяр болу үшін

Аяқ ————жылдам шешімге келу үшін

Жүрек———жан дүниеңе ену үшін

 

Жұмыс құралдарыңыз жоғалып кетпей, әрқашан өз орнынан табылып, жақсы істердің жанашыры болсын! Істеріңізге тек сәттілік тілеймін, көшбасшылар!

 

Музыкасын жүктеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *