қтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Қаракөл ауылы
Жұмағалиева
Бағдагүл Қайыржанқызы
№7 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Тақырыбы: «Түр-түсіне қарай ажырат»!
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ҚМТҚ (қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру)
Мақсаты:
- Білімділік мақсаты: Машаға көмек беру арқылы жеміс-жидектерді түр-түсіне қарай ажыраттыру;
- Тәрбиелік мақсаты: Ұжым боп жұмыс істей білуге, достарына көмек қолын соза білуге, бір-бірімен сыйлы болуға, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу;
- Дамытушылық мақсаты: Ойын іс-әрекеттері арқылы ой-өрістерін дамыту.
Керекті құралдар: Жеміс-жидектер муляжы, себет, Сиқыршы (Әсия апай) Маша мен аю (Әсия, Нұрарыс), паровоз.
Әдіс-тәсілдері: Ойын арқылы
Қызмет
кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлелдеу, ояту |
Шаттық шеңбері Қоңырау біздің сиқырлы, Сыңғырлап тағы ән салды. Шақырды түріп ұйқыңды, Шеңберге тұр, — деп баршаңды! Топтағы барлық балалар, Шеңберге келсін жайлана. Жалықпастан қайта біз, Жүрек сөзін айтамыз: Сүйеміз барлық әлемді, Әлемдегі бар елді. Бақыттымыз осы біз Қасымызда досымыз!
|
Балалар «шаттық» шеңберіне тұрып, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап айтып, іс-қимылмен көрсету арқылы бір-біріне жарқын көңіл күй сыйлайды. |
Қызмет
кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру, здену | Тәрбиеші балаларды отырғыза бергенде топқа қолында бөшкесі мен тосабы бар аю ентігіп жүгіріп кіреді: — Саламатсыздарма, балалар.
Тәрбиеші: -Саламатсыз ба, аю. Саған не болған? Түрің бұзылып кетіпті ғой.
Аю: -Мен Машадан қашып келе жатыр едім. Мені жасыра тұрыңдаршы? Сол кезде Маша да келіп жетеді. Жүгірген бойда аюға соғылып, қолындағы бөшкесін байқамай қағып кеткенде тосабы төгіліп қалады.Аю өкініп: -Мұның не, Маша? Бұл менің еңбегім ғой. Енді қайтадан жеміс-жидек жинауыма тура келді ғой-деп, қолына себетін алып, шығып кетеді. Маша (өкініп): -Ой, шынымен байқамай қалдым. Балалар маған жеміс-жидек жинауға көмектесіңдерші? Аю келгенше мен де бос қарап тұрмайын. Бірақ, қайдан, қалай жинаймыз? Тәрбиеші: -Балалар, Маша маған бір ой келді! Сиқыршыны шақырсақ қайтеді? Бәріміз қайталап сиқырлы сөз айтсақ, Сиқыршы келетін шығар. Сиқыршы: — Сәлеметсіздер ме, балалар! Менен қандай көмек керек?
Сиқыршы: — Мен сендерге бір тапсырма беремін. Соны орындасаңдар жеміс-жидектерің дайын болады. Сиқыршы: — Мен 4 вагонымен паровоз алып келдім. Жай паровоз емес «сиқырлы» паровоз. Оның үстінде тұратын пішіндердің орындары бар. Паровоз бір орнында тоқтамайды. Сендердің қолдарыңа таратып берген пішіндерді вагондардың үстіне орналасқан әр пішінді өз орнына қойып үлгерулерің керек. Тәрбиеші:- Біздің балалар пішіндерді жатқа біледі. Қане, көрейік.
|
Балалар аюды көріп, аң-таң болып, аюмен амандасады.
Машаның көңілін қимай көмектесуге келісімдерін береді.
Балалар бәрі бірге: -Ахалай, махалай! Уф! Суф! Сиқыршы біздің топқа келіп жет!- деп, дауыстайды. Балалар мен Маша: -Сәлеметсіз бе, Сиқыршы. Бізге тосап қайнатуға жеміс-жидектер керек болып тұр. Өзімізне емес, досымызға тосын сый болсын деп едік. Балалар:
-Ол қандай тапсырма болса да орындауға уәде береміз.
|
Ұйымдастыру, іздену | Сиқыршы паровозды балалардың алдына жүргізеді.
Сиқыршы: — Жарайсыңдар, балалар! Бұл паровоздың ішінде сендерге сыйлықтар бар-деп балаларға сыйлықтарын таратып береді.
-Енді сиқырлы сөздеріңді тағы бір қайталасаңдар, сендердің маған қойған тапсырмаларың орындалады. Сол кезде Сиқыршы «сиқырлы» қораптан жеміс-жидектер шығарады. Тәрбиеші: — О, балалар! Сиқыршы қаншама жеміс-жидектер шығарды! Енді аюға бәрін ажыратып, әрқайсысын бір себетке бөліп салып берейік. Ол үшін балалар, 4 топқа бөлінеміз. 1-топ алманы, 2-топ алмұртты, 3-топ құлпынайды, 4-топ жүзімді жинап, себеттеріне салсын. Тәрбиеші: — Алма жинаған балалар, алманың түсі, пішіні, дәмі қандай болады? Алма қайда өседі?
-Құлпынай жинаған балалар, құлпынайдың түсі, пішіні қандай? Ол қайда өседі? -Алмұрт жинаған балалар, алмұрт қайда өседі? Дәмі, түсі, пішіні қайндай? \-Жүзім жинаған балалар, жүзімнің түстері, пішіні, дәмі қандай болады? Жүзім қайда өседі? Сиқыршы: -Ал, енді балалар, рұқсат болса, мен кетейін.Сендер өте ақылды, білгір, достарыңа жанашыр, көмек қолын соза білетін балалар екенсіңдер.Мұндай балалар қандай қиындық болса да шешімін таба біледі. Қош, сау болыңдар! Сендер секілді балалардан қашанда көмегімді аямаймын. Тәрбиеші: -Балалар, Сиқыршыға рахметімізді айтып, шығарып салайық. |
Балалар «Сиқырлы» қалтадан пішіндерді алып, жүріп бара жатқан паровоздың үстінде орналасқан пішіндердің орнына қояды.
-Ахалай! Махалай! Уф!Суф! Сиқыршы бізге өнеріңді көрсет!
Балалар Машаның «Варенье» өлеңі әуенімен қозғала жүріп, жемістерді жинайды.
Балалар:- Алманың түстері- қызыл, сары, жасыл болады. Пішіні домалақ. Дәмі тәтті болады.Ағашта өседі. -Құлпынайдың түсі-қызыл. Пішіні домалақ. Жерде өседі. -Алмұрттың түстері- жасыл, сары болады.Пішіні –сопақша.Ол да ағашта өседі. —Жүзімнің – жасыл, қызыл, қара түстері болады.Ол шырмауық тәрізді ағашта өседі.
Балалар Сиқыршыға рахметтерін айтып, қоштасады.
|
Ұйымдастыру, іздену | -Өте жақсы, балалар, енді осы жемістердің барлығын үлкен себетке салып, аюды тауып алайық. Маша, сен аюдан кешірім сұра!
Қолындағы себеті бос, түрі мұңайған, әбден шаршаған аю келеді: -Балалар, мен Машаның кесірінен биыл қыстан тосапсыз шығатын болдым. Тәрбиеші: -Аю, мұңайма! Маша мен балалардың саған дайындаған тосын сыйы бар. Аю қуанып, Машаны құшақтап алады.
|
Балалар барлығы дауыстап: -Аю, аю кел мұнда –деп айқайлайды.
Балалар мен Маша жемістерін үлкен себетке салып, аюға береді. балалар |
Рефлексивті түзету | Аю балаларға алғысын айтып, қошатсып, шығып кетеді.
Тәрбиеші балалардан бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен алған әсерлері туралы әңгімелеседі. Белсенді қатысқан балаларды атап өтеді. |
Балалар аюмен қоштасады.
Бүгінгі іс-әрекет туралы өз ойларын айтысып, жеткен жетістіктеріне қуанады. |
Күтілетін нәтижелер:
Білуі керек: Жеміс-жидектерді ажырата білуі; Пішіндерді атай білуі керек;
Қолдану керек: Қажетті құралдарды дұрыс қолдана білуді;
Игеру керек: Түстерді ажыратып, игеру.