Басы » Tәрбие сағаттары » Отбасы — тіршіліктің тірегі

Отбасы — тіршіліктің тірегі

imgFullҚызылорда облысы
Қызылорда қаласы
Балабақша: «Сыр Қамқор» мектепке дейінгі кіші орталық
Әуез жетекші: Бутабаева Айна Шалтакбаевна
 Тақырыбы: «Отбасы — тіршіліктің тірегі»                                                     

                «Я, ты, он, она» (әуеніне) би қимылдары.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен бүлдіршіндер!

«Отбасы-тіршіліктің тірегі» атты концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер! Біздің борышымыз үлкендерді, ата-ананы құрметтеу!

Алдымен сүй ардақты ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады,

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ананың жасалады

Жырақ жүрген ата-анасын сағынған

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан

Екеуінің қуанышы, тілегі

Әрқашанда бір арнадан табылған.

Отбасы — сыйластық, адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу дінгегі — Ата-Ана.      Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Әрдайым ата-анамызды құрметтеп сыйлап өтейік. Отбасымызда, балалар кімдер тұрады? (балалардың жауабы)

-Жарайсыңдар.

Олай болса балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

-рахмет.

Балалар, отбасында ең ардақты, ең сүйікті адам кім? (балалардың жауабы)

Әрине ол аналар.

Отбасының тірегі, қорғанышы деп кімді айтамыз? (балалардың жауабы)

Әрине ол әкелер.

Анаң деген ақылшың,

Анаң барда батырсың,

Ұясында кім болса да,

Тек анаңа жақынсың-дегендей аналарға арнап «Шаттық» тобының орындауында «Аяулы Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Аяулы Анашым»

Дүниеде жалғыз жан, анашым бір өзіңсің — деп «Бәйтерек» тобының бір топ әншілері «Ана деп ән салам» әнін орындайды.

Сонымен сендер үшін ата, әже, ана, әке қандай адамдар? (балалардың жауабы) Әрине ең қымбат адамдар.

Құт береке атаң қымбат,

Мейірімді әжең  қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.-деп «Күн шуақ» тобының өлең шумақтарын тарту етеміз.

Қоя ғой, қарғам, күнім деп,

Айналар жанды жылытып.

Қараса әжем күлімдеп,

Кетеміз бәрін ұмытып.-деп «Күн шуақ» тобы «Бауырсақ» әнін жолдайды.

От басы-жылы ұямыз,

Тірегі ата-анамыз,

Уыз сүт еміп осында,

Уылжып біздер өсеміз-деп келесі кезекті кішкентай бүлдіршіндерге береміз.

«Айгөлек» тобын ортаға шақырамыз.

Ән «Бақытты Баламыз»

Ән «Жас дәуірдің түлегіміз».

«Ботақан» тобы- «Біз Отанның бақытты баласымыз» әнімен ортада.

«Балапан» тобы

Ән: «Біз бақшаға барамыз»

Қатыссаңдар  көтерер көңіл күйін

Мақалдың білесіздер неше түрін

Мақалдың жалғасын құрап шықсақ

Мақсатқа жетеміз-ау бізде бүгін (бұл тапсырма тәрбиешілерге беріледі)

1.Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

2.Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,

Бұршақ жауса басын қорғар.

3.Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.

4.Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

5.Әке көрген оқ жанар,

Шеше көрген тон пішер.

6.Ата бәйтерек,

Бала жапырақ.

-Рахмет.

Отбасы — шағын мемлекет, ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы, адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

Отбасы — алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы-балалары болып табылады. Сол сияқты біздің бала- бақшамыз да өзінше бір мемлекет. Осы балабақшада балалар әр күнін қуанышты өткізеді. Ортада «Шаттық» тобы

    «Детский сад — одна семья» әнімен.

Бала-өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі, деп ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл болейік. Көріскенше күн нұрлы болсын!

Ән: «Елімнің ертеңі, иесі біз»

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *