Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
№35 ЖББОМ
Азтаева Асель Кажрахымовна
Бастауыш
Мақсаты: 1. Сөйлемнің негізгі мүшесі бастауыш туралы түсінік беру. Бастауышты сөйлем ішінен
сұрақ қоя отырып табуға үйрету.
- Оқушыларға ұлттық тәрбие беру. Ұлттық ойындар, әдептілік туралы қанатты
сөздер, олардың маңызын түсіндіру. Салауаттылыққа тәрбиелеу.
- Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын дамыту. Тілдік қорын молайту,
ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: Сызбалар, тіл дамыту дидактикалық материалдары, кестелер.
Түрі: Модульдік технология. Жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: ойын, көрнекілік, түсіндірме, ой тастау, әңгімелеу, тест.
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, еңбек, ана тілі, бейнелеу, әдеп.
Сабақтың барысы
ОЭ- 0. Оқушыларға арналған мақсат пен міндеттер:
Бастауыштың кім? не? кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретінін байқату. Сөз табында зат
есім болатынына көз жеткізу.
ОЭ-1. Психологиялық әзірлік.
Мұғалім: Әрбір адам –
Оқушылар: досым, сыныптасым.
Мұғалім: Әрбір ісің –
Оқушылар: тірлік, тірек, адамдық.
Мұғалім: Әрбір сөзің –
Оқушылар: шындық, бірлік, адалдық.
Мұғалім: Әрбір сабақ –
Оқушылар: үйрену, оқу, іздену.
ОЭ-2. Өткенді бекіту. Дұрыс жауап таңдау тесті. (5 сұрақтық тест оқушыларға таратылады)
- Мәтінге ат қою –
а) мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
в) автордың айтқысы келген басты пікірі.
с) мәтіннің тақырыбын не ондағы негізгі ойды қысқаша атау.
- Тақырып –
а) мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні.
в) автордың айтқысы келген басты пікірі.
с) мәтіннің тақырыбын не ондағы негізгі ойды қысқаша атау.
- Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлемді …….. дейміз.
а) хабарлы сөйлем
в) сұраулы сөйлем
с) лепті сөйлем
- Заттың атын білдіретін сөздерді ………… дейміз.
а) етістік
в) зат есім
с) сын есім
- Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы
сөздерді ……. дейміз.
а) сөйлем мүшелері
в) зат есім
с) хабарлы сөйлем
ОЭ-3. Жаңа сабақ.
— Бастауыш сөйлемнің негізгі мүшесі. Сөз табында зат есімнің қызметін атқарады.
Жекеше түрде кім? не? көпше түрде кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді.
Сөйлем мүшесіне талдағанда бастауыштың асты бір сызықпен сызылады.
Кестемен жұмыс.
Қоңырау соғылды. Не соғылды? Оқушылар сыныпқа кірді. Кімдер сыныпқа кірді? Сабақ
басталды. Не басталды? Мұғалім сабақ сұрады. Кім сабақ сұрады?
Қорытынды. Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім?
кімдер? не? нелер?кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: өсімдік, оқушы, құстар, балалар.
ОЭ-4. Миға шабуыл: Бастауышы бар сөйлем айту, сұрақ қою (ауызша).
ОЭ-5. Ұжымдық жұмыс: Жаттығулар орындау.
152- жаттығу. Сөйлем ішінен бастауышты табу.
Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Сәуле оқыды. Мейрам тыңдады.
153- жаттығу. Бастауышты табу, сұрақ қою. Жаңбыр, тамшылар, жапырақ, су.
ОЭ-6. Тіл дамыту: «Алғашқы қар» Оқушылар көрсетілген сурет бойынша шағын әңгіме
құрайды. Мәтіннен бастауышты табады.
ОЭ-7. Топтық жұмыс: «Сөз ойла, тез ойла» ойыны
I топ. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.
………………… түседі. ……………….. күркірейді.
………………… келеді. ……………….. жауады.
………………… туады. ……………….. жарқылдайды.
………………… шығады. ……………….. ериді.
II топ. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.
…………………. маңырайды. …………………. сұңқылдайды.
…………………. шықылықтайды. …………………. кісінейді.
…………………. боздайды. …………………. қиқулайды.
…………………. шаңқылдайды. …………………. мөңірейді.
ОЭ-8. Сергіту ойындары: Жерде …. . Көкте …. . (сөздер ойлау, жаңылыспай дұрыс айту)
ОЭ-9. Деңгей бойынша шығармашылық тапсырма: Карточкамен жұмыс.
- сөз құрамына талдау
- сөз таптарына талдау
- дыбыстық талдау
ОЭ-10. Сөздік жұмыс: «Ерулік» 154- жаттығу
«Ерулік» дегеніміз ауылға көшіп келген отбасын мейман ету, дәм беру.
Үйге тапсырма: 156-жаттығу, деңгейлік тапсырмалар.
ОЭ-11. Қорытындылау. Бағалау. (рейтинг жүйесімен оқушы білімі бағаланады)