Қарқаралы ауданы
№35 ЖББОМ
Азтаева Асель Кажрахымовна
Ғ. Мүсіреповтың » Көлде» әңгімесі
Мақсаты 1. Жаз мезгіліндегі өзен-көлдердегі құстардыңдың тіршілігі, табиғаттың сұлу көрінісі, ауа райының өзгерісі туралы түсінік беру.
- Оқушылардың таным қабілеттерін, тілдік қорын, мәнерлеп оқу дағдыларын
дамытып, жетілдіру.
- Экологиялық тәрбие беру : табиғатты сүю, байлықтарын қорғау, құстарға
\ қамқорлық жасау.
Көрнекілік Жазушы Ғабит Мүсіреповтың портреті, құстар, өзен-көл суреттері, тіл дамыту материалдары.
Әдіс-тәсілдері Сұрақ-жауап, көрнекілік, ой тастау, тіл дамыту, әңгімелеу.
Түрі Танымдық, аралас.
Б а р ы с ы
Ұйымдастыру жұмысы
Психологиялық әзірлік Әрбір адам — досым, сыныптасым,
Әрбір ісің — тірлік, тірек, аадамдық.
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық,
Әрбір сабақ — үйрену, оқу, іздену.
— Сәуір айында қандай атаулы күндер бар?
— 1 сәуір қандай күн? (Құстар күні)
Үй жұмысын тексеру, пысықтау
С.Сейфуллиннің «Дала» өлеңін жатқа сұрау.
— Сәкен Сейфуллин кім?
— Автордың қандай шығармаларын білесің?
— Ақын даланы неге теңейді?
— Нені көк ала кілемге теңейді?
Жаңа сабақ 1. Кіріспе.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Сәуір көктемнің нешінші айы?
— Жылдың төрт мезгілін жырға қосқан қандай ақындарды білесің?
Поэзия минуты. Ұлы ақын Абайдың табиғат лирикасынан үзінділер оқу.
— Сәуірдің 1-і құстар күні. Көктемде жыл құстары туған жерге қайтып оралып, кең дала
құстардың тамылжыған үніне бөленеді. Бұл құбылыс жайнаған табиғатты тіпті
нұрландырып жібереді.
— Қандай жыл құстарын білесіңдер?
— Туған жерінде қыстап қалатын қандай отырықшы құстарды білесіңдер?
- Жұмбақ шешу а) Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна. (көл)
ә) Айдалада күміс айна жылтырайды. (көл)
- Тақырыпты түсіндіру
Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз Ғабит Мүсіреповтың «Көлде» әңгімесі болмақ.
— Ғабит Мүсірепов (1902 — 1985ж.ж) — қазақтың аса көрнекті жазушысы. Қазақ
әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан. Оның «Ұлпан», «Қазақ солдаты»,
«Тұтқын қыз», т.б. шығармалары бар.
Мәтіннің мазмұнын түсіндіру.
а) кіріспе
— Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Олардың көлемі
әр түрлі болады. Шағын көлдердің ені мен ұындығы бірнеше ондаған метрден
аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді.
б) — Күн енді ғана көтерілген. Тіршілік иелері күнделікті істеріне кіріскен. Бал
аралары гүлден гүлге қонып, бал жинап жүр. Көлде аққу, қаз жүзіп жүр.
Жайылып қайтқан мыңдаған үйректер ұшып келіп көлге қонып жатыр. Суға
қанған соң, қамыс арасындағы ұяларына қарай ұшты. Қамыс арасындағы
бозторғайдың ұялары бар. Сондағы жұмыртқаларды қарғалар шағып жеп маза
бермейді. Көл беті сусылдаған, шолпылдаған құстардың қанаттарының
дыбысына, қиқулаған үндеріне толы.
- Сөздік жұмыс Доңыз — мұнда; арам ниетті, қаскүнем.
— Мәтінде жазушы нені суреттейді?
— Суретте нелер бейнеленген?
— Көл бетінде қандай құстар жүзіп жүр?
— Оқыған мәтін мен сурет арасында байланыс бар ма?
- Мәтінмен жұмыс Тізбектей оқу, теріп оқу.
- Сергіту сәті «Кім көп біледі?» Көрсетілген әріпке байланысты құстардың аттарын
атау.
- Топографиялық картамен (жергілікті жердің) жұмыс
— Біздің ауылымыздың маңында қандай өзен-көлдер бар?
— Онда балықтың қандай түрлері кездеседі?
— Ауылда қандай құстардың түрлері бар?
— Қоянды ауылының маңында «Талды» өзені, «Қарасор», «Балықтыкөл» көлдері бар.
«Талды» өзені «Бақты» ауылындағы «Ешкіөлмес» тауынан бастау алады да, «Қарасор»
көліне құяды. «Талды» өзенінде шағала, жабайы қаз, үйрек, «Балықтыкөл» көлінде де
шағала, жабайы қаз, үйрек, аққу жаз айларында көлдің сәнін келтіреді. Ауылымызға
жыл құстарынан қарлығаш, тырна, қараторғай, қаз, үйрек келеді. Ал, осы өзен-көл-
дерде ақбалық, сазан, майшабақ, үкішабақ деген балықтың түрлері бар.
- Топтық жұмыс
І топ Ауылда мекендейтін құстардың аттарын жазады.
ІІ топ Ауылдың өзен-көліндегі балықтардың аттарын жазады.
- Үйге тапсырма «Көлде» мәтінін оқу, әңгімелеу. Көлдің суретін салу.
Сурет бойынша шағын әңгіме құрастырып жазу. Құстар туралы мақал-
мәтелдер, қанатты сөздер жинастыру.
- Тіл дамыту жұмысы «Көл жағасында» суреті бойынша шағын әңгіме құрастыру.
- Қорытындылау. Оқушылар білімін рейтинг жүйесімен бағалау.