Азтава Асель Кажрахымовна
№35 ЖББОМ
Қарқаралы ауданы
Қарағанды облысы
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын жарыстыру арқылы логикалық ойлау қабілетін, ой өрісін дамыту,белсенділігін,математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, топпен бірлесе жұмыс жасауға, әдептілікке, ұйымшылдыққа, көпшілік алдында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: топ атттары, қима қағаздар, жұлдызша, кестелер, ұлағатты сөздер.
Барысы:
Көрермендер қадірлі,
Жастықтың оты жалындап,
— Төрлетіңдер келіңдер.
Бүгінгі кеш төрінде
Ұшқыр оймен жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдасып,
Шабыт тасып шалқысып,
Көңілді кеш жасайық
Ал сайыскер, балалар,
Білімдіңді байқап ал. — дегендей ой мен білім сайысын бастайық.
Бүгінгі кештің мақсаты әр сынып оқушыларының математика пәнінен алған білімдері, сонымен қатар әр сыныптың білімді, алғыр оқушылары ,ең білгірі анықталмақ. Сайысқа 4 топ қатысады(1,2,3,4 сынып оқушылары ) қатысады
І топ 1 сынып ІІ топ 2 сынып
ІІІ топ 3 сынып ІҮ топ 4 сынып
Сарапшыларды сайлау.
- Мектеп директоры Оспанова Мейрамгүл Қанапияқызы
- Тәрбие- ісінің орынбасары Ивакина Гульмира Максеновна
- Математика пәнінің мұғалімі Туктаева Анар Саматқызы
Сайыс 5 кезеңнен өтеді.
1.Таныстыру кезеңі (әр топ өздерін таныстырады, ұраны)
2.Кім жылдам? (әр топқа 10 сұрақ беріледі ,сұраққа жылдам дұрыс жауапқа 1 ұпайдан және жылдамдық ескеріледі)
- «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (әзілді, жұмбақ есептер шешу әр дұрыс жауап 1 ұпайдан)
- Ұшқыр ой! (Логикалық тапсырмалар шешу, әр дұрыс жауап 1 ұпайдан).
- Арифметикалық амалдар (әр топқа есептер беріледі сол есепті шығару
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім-тәрбие алар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік болса, сол алда- дей келе ой мен білім сайысын бастайық. Ендеше сайысымыздың бірінші кезеңі топтардың өздерін таныстыруларына кезек берейік
І кезең топтардың таныстырулары ( топтың аты, ұраны,эмблема қорғау)
ІІ кезең әр топқа 10 сұрақтан қойылды. (әр сұраққа жылдам дұрыс жауап беру, әр жауапқа 1 ұпайдан)
І топ «Сандар»
ІІ топ 2 сынып «Теңдіктер»
ІІІ топ 3 сынып «Өрнектер»
ІҮ топ 4 сынып «Плюстер»
І топ 1 сынып оқушыларыныңсұрақтары:
1.Санды өрнек неден құралады? (саннан)
- 2-ні үш рет қосқанда неше шығады? (6)
- Артық, кем таңбалары өрнектер не деп аталады? (теңсіздік)
- Тең таңбасы бар өрнек қандай өрнек? (теңдік)
- а+10 қандай өрнек? (әріпті өрнек)
6.Сызық түрлерін ата. (сынықсызық, қисық сызық, тұйықталған, тұйықталмаған)
7.Есеп болу үшін … (Шарты, сұрағы, шешуі, жауабы)
8.6+4=10 10-4=6 10-6=4 бұлар қандай есептер (кері есептер)
- Қосудың компоненттерін ата.
10.Азайтудың компоненттерін ата.
ІІ топ 2 сынып оқушыларының сұрақтары:
1.Ең кіші натурал сан (9)
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан …. (қосындының мәні өзгермейді)
3.Екі нүкте арасынан қосқанда не пайда болады? (кесінді)
4.25+15 қосындысы нешеге тең (40)
5.100 қандай сан? (үш таңбалы)
6.1 сағатта неше минут (60)
7.Масса бірліктерін ата (г.кг,ц,т)
8.1 ц неше кг тең (100 кг)
9.39 неше ондық шеше бірліктен құралған? (3 онд. 9 б.рл.)
- Бір санның екінші саннан қанша артық не кем екенін білу үшін не істеу керек (үлкен саннан кіші санды азайту керек )
ІІІ топ 3 сынып оқушыларының сұрақтары:
1.1 т қанша кг бар? (1000 кг)
- 480:2 бөліндісі (240)
4.Көбейтудің компоненттерін ата.(1 көбейткіш, 2 көбейткіш ,көбейтіндінің мәні)
5.33 нешеге тең?(27)
6.Сыйымдылық бірлігі? 1л судың массасы нешеге тең? (1 кг тең)( литр)
7.Ауданы 25 см2 шаршының қабырғасы нешеге тең? (5 см)
8.(а+в)х2 бұл ненің формуласы? (периметр)
9.Көбейту мен бөлу таңбаларын ойлап тапқан қай елдің математикігі (ағылшын математигі Уильм Оутред)
10.Көбейтудің қандай қасиеттері бар (Ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)
4 сынып ІҮ топ сұрақтары:
1.Шеңбер сызу құралы ? (циркуль)
- 6 нолі бар сан? (1000000)
3.Қашықтықты қалай табамыз? (жылдамдықты уақытқа көбейтеміз) қарау
4.8700х 40 бөліндісі нешеге тең (348000)
- Жылдамдықты табу үшін (Қашықтық. уақытқа бөлеміз)
6.Шеңбердің ортасындағы нүкте не деп аталады, сол нүктеден жартылай сызылған сызық ше?(шеңбердің центрі, шеңбердің радиусы)
7.1 м3 неше дм3 бар (1000дм3)
8.7 864 542 неше класс бар (3 кл милл., мың. Жүздік.)
9.Екі түзу қиылысқанда төрт тік бұрыш шықса оларды қандай түзулер деп атайды? (перпендикуляр түзулер)
- Масса бірліктерін ата (г,кг, ц,т)
Қосымша деректерге шолу
- Салыстыру амалдары үшін <> артық, кем таңбаларымен белгілеуді ойлап тапқан Ағылшын математигі Томас Хэрриот
- Белгісіз сандардың орнына әріптерді пайдалануды ұсынған атқты француз математигі Франсуа Виет.
Ол белгісіз санды х, у, т. б. әріптермен белгілеуді атақты француз математигі Рене Декарт ұсынған.
3.Математикада теңдік белгісін (=) пайдалануды ұсынған ағылщын дәрігері әрі математигі Роберт Рекорд.
- ( ) жақшаларды итальяндық математик Никокол Тарталья өз жұмыстарында
Қолданған. Ортақ қолданысқа Лейбниц енгізген.
5.Текше немесе куб – «кюбос» грек сөзі, «ойын сүйегі» дегенді білдіреді. Бұл атауды пифагоршылар енгізген, кейін Евклид жұмыстарында қолданған
- Архимед- ежелгі урек ғалымы, математик. Әр түрлі фигуралар мен денелердің ауданын және көлемін табу әдістерін тапқан.
7.Венгр мүсіншісі және сәулет өнерінің профессоры Эрно Рубик әлемнің ең атақты жұмбағын ойлап тапты. (40 жыл бұрын)
ІІІ кезең «Тапқыр болсаң, талас жоқ» бөлімі
Шабыт тасып, шалқысын
Көңілді кеш жасайық,
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
Білімдеріңді сынайық,- келесі кезеңімізде әзілді жұмбақ, жұмбақ есептер шешесіздер.(әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)
І топ: 1.Мойнын қысып,ішін қыдықтаса дыбыс шығады.(домбыра)
2.Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (7)
- Темір , екі қанатты,ұшады (Ұшақ)
4.Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі
Кәне кім тез шешеді? (5)
ІІ топ: 1.Ақ, төртбұрышты, іші суық . (тоңазтқыш)
2.Табақта 17 өрік,
Қолында 5 өрік.
Қосқанда барлығын
Болады неше өрік? (22 өрік)
3.Төртбұрышты , жылтыр, өзіңді көресің.(айна)
- Айқасқан екі таяқ ,
Тұрады жоқты сұрап. (икс)
ІІІ топ: 1.Ұзын қамыс, қысқа қамыс,
Жылтырауық, пысылдауық,
Үлкен қора, бір топ сиыр,
Жалғыз бұзау, кедір-бұдыр. (қас, қабақ, көз, мұрын, ауыз, тіс, тіл)
- Бұталардың арасынан тышқанды,
Түлкі үйретті баласына ұстауды.
Түлкінің бұл залым ойын ұғынған,
Тышқандар да шыршаға кеп тығылған.
Саны олардың 5-еу еді шамасы,
Әр ананың 9-дан бар баласы.
Айтыңдаршы, неше тышқан тығылды,
Қорыққанда шырша болып панасы? (9х5=45)
3.Төрт аяқты,үсті тегіс,төртбұрышты, қасынан үнемі табылып, одан алыс кете алмайсың (үстел)
4.Жаздың күні жайнады,
Құстар салды сайранды.
Екеуіне бұтақтың
4 торғайдан отырды.
Ал келесі екеуін
3 үкіден мекендеп
«Ухілейді» уілдеп.
Қалғымаңдар, балалар,
Құстар нешеу, санаңдар? (4х2+2х3=14)
ІҮ топ: 1. Домалақтанған , тесігіне сан жетпейді , екі жаққа ербеңдетсең наныңды аласың. (елеуіш)
2.Құс қорада балалар
Тамақ берді қаздарға.
Балапандарымен қосқанда,
Қаздарда 5 отбасым.
Әрқайсысында 12 балапан.
Түскі асқа нашау жиналды,
Сол қаздарлы санасаң? (12х5=60)
- Қалдықсыз бөлінетін сан (нөл)
- 12 бұтағы бар алып емен,
52 шыбық тарап өскен.
Шыбық сайын жетіден жапырағы
Бар ма сондай ағашты көзің көрген? (жыл, 12 ай, 52 апта,7 тәулік )
ІҮ кезең: «Ұшқыр ой»
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін ойшылдарға берелік.
Арасында зерек достар көп екег,
Соларды жарыстырп көрелік — дей келе бұл кезеңде логикалық тапсырма шешу (әр дұрыс ждауапқа 1 ұпайдан)
І топ тапсырмасы:
1.Қайыңда бес алма өсіп тұр. Оның екеуін Шыңғыс үзіп жеді. Қайыңда неше алма қалды? (қайыңда алма өспейді)
- Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал үш аяқпен тұрса не кг болады? (тауықта үш аяқ болмайды.)
- Топ торғай ұшып келіп, бұтаққа қонды. Егер торғайлар бұтаққа бір- бірден қонса, бір торғай вртық, ал екі-екіден қонса, бір бұтақ артық қалады. Торғай нешеу, бұтақ нешеу? (4 торғай, 3 бұтақ)
ІІ топ тапсырмалары:
1.1 кг темір мен бір кг мақтаның қайсысы ауыр? (Бірдей)
- Үйдің әрбір бұрышында бір-бір мысық отыр. Әр қайсына 3 мысық қарап отыр. Үйде барлығы неше мысық отыр?
4.Үш түйеқұс ұшып келе жатқанда біреуін аңшы атып алды. Неше түйе құс қалды? (түйеқұс ұшпайды)
ІІІ топ тапсырмалары:
- Сиыр бір аяғымен тұрса 150 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? (сиыр екі аяғымен тұрмайды)
2.Буратино сағат жетіде ұйықтайды. Ол сағат будильникті сегізге қойды.Буратино неше сағат ұйықтайды? (1 сағат)
- 1 мен үш сандарының қосындысынан не шығады немесе қай әріп шығады? (В)
- 102 беттік дәптерді нөмерлеу үшін қанша цифр қажет болады? (102 цифр қажет.)
ІҮ топ тапсырмалары:
1.Үстел үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсем 1 стақан сүтті ішіп, стақанды үстелге қайта қойды. Үстел үстінде неше стақан қалды? (5)
2.Оңынан да, солынан да жазылғанда өзгермейтін сандар (33,11,22,44,69,88,101,99)
- Шаруа өзеннен қасқыр, ешкі және шөпті алып өту керек. Қайыққа шаруаның өзі мінеді. Одан соң не қасқырды, не ешкіні, не шөпті алуына болады. Егер шаруа жағаға ешкі мен қасқарды қалдырып, шөпті алып кетсе, онда қасқыр ешкіні жеп қояды. Ал егер қасқырды алып, ешкі мен шөпті қалдырса, онда ешкі шөпті жеп қояды. Шаруа өз жүгін қалай өзеннен аман-сау алып өтеді?( әуелі ешкіні алып келіп жағада қалдырып, қайтып келіп қасқырды алып кетеді. Бірақ қайтарында ешкіні қайта ала кетеді. Енді шөпті тиеп, ешкіні қалдырып кетеді. Қайтып келіп, шаруа ешкіні алып кетеді.)
- 4 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал бір жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минут
Ү кезең «Арифметикалық амалдар»
Ғылымның сырын ұғына ,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізеді біздерді,
Арифметика сырына — дей келе оқушылар арифметикалық амалдармен есептер шығару қабілетттері байқалады (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан)
І топ есептер:
1. Қажетті санды орнына қойып, амалдарды орында
3 | + | 2 | = | 7 | + | = | |||
4 | + | 3 | = | 4 | — | = | |||
7 | — | 5 | = | 6 | — | = |
2.Сандарды салыстыр:
4 + 3 * 5 6 + 3 *7 2 + 3 * 5 1 + 3 * 3
3 + 4 * 9 3 + 6 * 10 3 + 2 * 7 3 + 1 * 4
- Әріпті өрнекті теріп жаз
4 + 3
а + 6 8 – а 10 – а 5 – 4 |
ІІ топ 2 сынып есептері
- Есепті шығар:
15+4= 33+6= 4онд.+5 онд.=
19-3= 48-5= 10 онд.-1 онд.=
- 100-22= 91-48=
74+16= 58+26=
100-74= 60-24=
3.Теңдеулерді шеш:
Х-36=49 83-х=34 х+16=51
ІІІ топ 3 сынып есептері:
- Өрнектің мәнін тап
60:20х12+44= 4х(900:100х3)=
320:8-56:4= (60-80:20)х8
40:20х45-66= 70-(32х2:8)=
- Көбейтіндінің мәніні тап
42х4= 25х2= 74х2=
36х3= 41х3= 51х8=
- 3. Теңдеуді шеш:
Хх7=58+5 64:х=36:9
ІҮ топ 4 сынып есептері
- Мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте
926 345=
700245=
2 641 580=
2.Өрнектердің мәнін тап:
491 645 : 5- 81 208: 8= 94 068 : 9 х 5 -1990=
72 102:6+ 61 074: 9= 93 102: 6х7+87 061=
3.Теңдеулерді шеш:
389+(х-47)=819 900:а= 180:4 (х+631)-567=666
Көрермендер ойын:
Әр топ тапсырма орындағанша көрермендермен ойын өткізілек.
Математикалық жұмбақтар
1.Кітапханада 3 бөлме,
Әр бөлмеде 10 шкаф.
Әр шкафта 5 сөре,
Санай алсаң егерде,
Айтып берші анықтап? (3х10х5=150)
- Көлден ұшты 40 қаз,
Қайтып қонды 15 қаз .
Қонбады оның нешеуі
Кәне, кім тез шешеді? (40-15= 25)
3.1 тоннаның екіден бір бөлігі (500кг)
- Тік төртбұрыштың ұзындығы 12 см, ені одан 2 см қысқа. Ауданын тап. (120см2)
5.Текшенің неше жағы бар? (6 жағы)
6.Қандай түзулер қиылыспайды? (параллель)
- Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды.Ол не? (сабақ)
- Жерден көтеруге оңай , алысқа лақтыруға қиын, ол не? (мамық)
Қорытынды: Міне осымен қорыта келе кезеңдерімізде ағына келіп жетті .
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты- дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі. Әділқазылар сөз сөйлеп, қорытындысын айтады. Марапаттау кезеңі.
І топ есептер:
1. Қажетті санды орнына қойып, амалдарды орында
3 | + | 2 | = | 5 | 7 | + | 3 | = | 10 | |
4 | + | 3 | = | 7 | 4 | — | 3 | = | 1 | |
7 | — | 5 | = | 2 | 6 | — | 4 | = | 2 | |
2.Сандарды салыстыр:
4 + 3 > 5 6 + 3 >7 2 + 3 = 5 1 + 3 > 3
3 + 4 < 9 3 + 6 < 10 3 + 2 < 7 3 + 1 = 4
- Әріпті өрнекті теріп жаз
а + 6
8+в
10 – а
|
4 + 3
а + 6 8+в 10 – а 5 – 4 |
ІІ топ есептері
- Есепті шығар:
15+4=19 33+6= 99 4онд.+5 онд.=9 онд.
19-3= 16 48-5=43 10 онд.-1 онд.=9 онд.
- 100-22=78 91-48=43
74+16=90 58+26=84
100-74=26 60-24=36
3.Теңдеулерді шеш:
Х-36=49 83-х=34 х+16=51
Х=49+36 х=83-34 х=51-16
Х=85 х=39 х=35
85-36=49 83-39=34 35+16=51
ІІІ топ есептері:
- Өрнектің мәнін тап
60:20х12+44=80 4х(900:100х3)=3600
320:8-56:4=26 (60-80:20)х8= 448
40:20х45-66=24 70-(32х2:8)= 62
- Көбейтіндінің мәніні тап
42х4=168 25х2=50 74х2= 148
36х3=108 41х3=123 51х8=408
- 3. Теңдеуді шеш:
Хх7=58+5 64:х=36:9
Хх7=63 64:х=4
Х=63:7 Х= 64:4
Х= 9 х=16
9х7=58+5 64:14=36:9
63=63 4=4
ІҮ топ есептері
- Мына сандарды разрядтық қосылғыштарға жікте
926 345=900000+20000+6000+300+40+5
700245=700000+200+40+5
2 641 580=2000000+600000+40+1+500+80
2.Өрнектердің мәнін тап:
491 645 : 5- 81 208: 8= 88178 94 068 : 9 х 5 -1990=50270
72 102:6+ 61 074: 9=18803 93 102: 6х7+87 061= 195680
3.Теңдеулерді шеш:
389+(х-47)=819 900:а= 180:4 (х+631)-567=666
Х-47=389 900:а=45 х+631=1233
Х=389+47 а=900:45 х=1233-631
Х=436 а=20 х=602
389+(436-47)=819 900:20=180:4 (602+631)-567=666
819=819 45=45 666=666
Қорытынды: Міне осымен кезеңдерімізде ағына келіп жетті .Қорыта келе
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты- дей келе сөз кезегшін әділқазыларға беріледі. Әділқазылар сөз сөйлеп, қорытындысын айтады. Марапаттау кезеңі.