Басы » Информатика » Тілші және компьютер

Тілші және компьютер

Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы
К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі
Карибасова Гулжанар Нургазиновна 

«Тілші және компьютер»

Сабақтың тақырыбы: Мәтінмен жұмыс жасау, бағандар.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтінмен жұмыс жасау тәсілдерін үйрету;

  • мәтінді бағандарға қоюды, бөлуді өз бетімен зеттеуге ықпал жасау;

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру. а) Шаттық шеңбері.

б) Топқа бөлу.

/Мәтін әріптері бойынша топқа бөлу,  І топ-«Информатик»,  ІІ топ -«Журналист» /

в) Топ ережесін жазу.

г) Бағалау критерийлерін жазу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  «Өрмекші торы» , сұрақтар қою арқылы.

Мәтінндік процессор

ІІІ. Қызығушылықты ояту.  Балалар жалпы біздің бағдарламамыз «Тілші және компьютер» болғандықтан бүгінгі сабағымызды тағы «Журналистер»  жайлы ақпараттарға тоқтала кетсек, Журналист деген кім? Оның қандай жақсы жақтары бар? Араларыңда тілші  болғыларың келетіндерің бар ма? Журналист болу үшін  қандай жағынан мықты болу керек?  Сонымен ең негізгісі жазу процесі кезеңінде қандай бағдарламамен жұмыс жасап келеміз? Осы жайлы білетінімізді жазамыз. Әр топ мәтіндік процессор жайлы не білетіндерін  жазады бір түспен, жобаларын қорғайды.

 

 

 

 

ІV.  Мағынаны тану.  Жаңа сабақ. «Мағынаны ажырату» әдісі арқылы жүргізіледі.

Балалар біз бүгінгі сабағымызда мәтінмен жұмыс жасаудың жазу процесі кезінде тағы бір жолдарнын үйренейік деп отырмыз. Алдарыңда жатқан газет- журналдарға  назар аударып қараңдаршы не байқап отырсыңдар?  Оқушыларға ой сала отырып, бүгінгі сабағымыз  «Бағандар» жайлы екендігін өздері анықтады. Енді бағандарды қалай қою керек, олардың  қандай түрлері бар оны білу үшін өздіктерінен оқулықтан мәтінді оқу өз түсініктерін топта талқылап,  және  жұмыстарын қорғайды.

  1. Сергіту сәті. (видеоролик, балалар биі)
  2. Ой толғаныс.

а) Компьютерде жұмыс жасайды, деңгейлік тапсырмалар орындайды.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А- деңгейі.

1.Өлеңді тер.

2.Өлеңді көшірмелеңдер.

3.Өлеңнің түпнұсқасын екі бағанға орналастырыңдар.

Жамбыл Жабаев. Ленинградтық өренім.

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін.

Өркеш-өркеш жарасқан

Шоқылардай дер едім.

Сапырылған көк теңіз,

Шомылдырған кемерін!

Шамы күндей жайнаған

Аспанға үйлер бойлаған…

Арқа тұтып алыста

Айбыным деп ойлағам!

В –деңгейі.

Бағаннан Солға таңдап, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін жаз.

С- деңгейі.

«Ғажайып ғарыш әлемі» атты газет құрыңдар.Суреттер мен мәтінді орналастыруды пайдаланыңдар.

б) Ассосациялық картаны оқулықтағы тақырыпты оқып, өзара топпен талдағаннан кейін екінші түспен қаламмен толықтырып жазады.

VII. Бағалау.  Топ басшысы топ мүшелерін критерий бойынша бағалайды, сонымен қоса мұғалімде қорытынды бағасын қойып, талдау жасайды.

VIII. Үйге тапсырма. «Ғажайып ғарыш әлемі» тақырыбына материалдар жинақтап келіңдер.

ІХ. Кері байланысқа стикер таратамын. Онда оқушылар өздерінің ойларын жазады:

  1. Бүгінгі сабақтан алған әсерін.
  2. Маған не ұнады /ұнамады?
  3. Тапсырманы орындаудағы туындаған қиыншылықтар.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *