Басы » Блог » Ұстаздар шет елде біліктілігін арттырады.

Ұстаздар шет елде біліктілігін арттырады.

2013 жылы әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында ғылыми-педагогикалық тағылымдама бағдарламасы бойынша 400-ден астам оқытушылар мен ғылым қызметкерлері өз біліктілігін арттырмақ.

Алғашқы рет «Болашақ» халықаралық стипендиясы еліміздің жетекші жоғары оқу орнының оқытушылары мен қызметкерлеріне тағайындалды. Бұл «Болашақ» халықаралық бағдарламасының алғашқы бастамасы.

Үш ай көлемінде Халықаралық Бизнес Академиясының оқытушылары мен топ-менеджерлері бизнес, экономика, маркетинг және басқару салаларында тәжірибе жинақтайтын болады. Кейін Қазақстанға оралып, жоғары оқу орнының студенттері, әріптестерімен жаңа білімдері, тәжірибелерімен бөліседі.

Бұл бірегей жоба. 2011 жылы Білім және ғылым министрлігі шетелде тағылымдамадан өту барысында оқытушылардың жас мөлшеріне қойылатын шектеулерді жойған еді.  Халықаралық Бизнес Академиясының 29 оқытушысы мен қызметкері қазақ тілі, Қазақстан тарихы бойынша емтихандардан мүдірмей өтіп, психологиялық тестіні сәтті тапсырды. Мемлекеттік комиссия мүшелерімен әңгімелесу өткізілді. Енді  олар  Berkeley-Haas School of Business  (АҚШ),   Montreux School of Business (Швейцария), сондай-ақ Оңтүстік Корея, Нидерланды, Испанияның жоғары оқу орындарында оқитын болады.

ХБА-ның 17 оқытушысынан тұратын үлкен топ ХААС (АҚШ) атындағы бизнес-мектепке оқуға шықпақшы. Бұл бірегей жоба Берклидегі Калифорния университеті мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ келісімі аясында жүзеге асырылып отыр. Халықаралық Академияның оқытушылары Калифорниядағы Беркли, Стэнфорд, Калифорния технология университеттерінің жанындағы бизнес мектептерінің даму механизмімен  және саясатымен толыққанды таныспақшы.

Дерек: inform.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *