Басы » Tәрбие сағаттары » Ер есімі -ел есінде

Ер есімі -ел есінде

41-45«Ер есімі -ел есінде» тәрбие сағаты

Мақсаты:

  • Оқушыларды адамгершілікке,Отанын сүюге,қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып,  патриоттық тәрбие беру.
  • 0қушылардың Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандықтардың ерен  ерлігі және тыл майданы  туралы  түсініктерін кеңейту;
  • Ұлы Отан соғысы ардагерінің өмірімен танысу; ардагерлерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Кіріспе сөз: Құрметті   Ұлы Отан соғысының ардагері  және қонақтар!Мектеп оқушылары!

Ұлы Отан соғысының  жеңісіне 70  жыл толуына орай  өткізілетін ерлік- тәрбие  сабағына қош келдіңіздер!

 І жүргізуші:

1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы гитлерлік армияның сөзсіз тізе бүгуімен аяқталғанын тарихтан жақсы білеміз.  Сол дәуірдің балалары да, жастары да ерекше патриот  еді.  Біздер, бүгінгі жастар  Ұлы Отан Соғысының  батырларын ардагерлерін бір сәтте естен шығармай, олардың ерліктерін  мақтан етеміз.

ІІ жүргізуші:

1941-1945 жылдар

  • Екінші жаһан соғысына жалпы халқы 1,7 млрд адамды құрайтын 61 мемелекет қатысты.
  • Әскер қатарына 110 млн. адам шақырылды.

Ұлы Отан соғысында 65 миллион адам қайтыс болды.

І жүргізуші:

Отан деп қазақ та майданға аттанды,

Тот басқан қылыштар суырылды қынаптан.

Ең зор майдан – қан майдан басталды,

Зорлықтың, қорлықтың діңгегін құлатқан.

ІІ жүргізуші:

  • Ефрейтор Адольф Гителердің есірік амбициясы бүкіл әлемді соғыс өртіне орады. Соғысқа қатысқан елдердің ішінде басты салмақ Кеңес Одағына түсті.
  • Кеңес –Герман майданының шебі 3 мың шақырымға дейінгі қашықтыққа созылып жатты.

І жүргізуші:

Біздің еліміз соғыс кезінде армияны толықтыруға, офицерлермен, армия, флот үшін резервтер  дайындау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас жіберілді.

Республика аймағында 27 әскери оқу орындарында 16 мың офицерлер тәрбиеленіп шығарылған.

Соғыс кезінде Қазақстанның 700 мыңнан  астам адамдары еңбек армиясында жеңісті жақындатуға атсалысты.

ІІ жүргізуші:

Ауылдағы күллі тіршілік әйел иығына түсті.

Жас буыны қатпаған балалар  жұмысқа араласты.

Соғыс кезінде азық-түлік пен күнделікті қажетті тауарлар көлемі 7-15 есе кеміп кетті. Базардағы баға 10-15 есе жоғары болды.

Нан мен маңызды азық-түлікке кәртішкелік тәртіп енгізілді.

Қосалқы шаруашылықтар, ұжымдық және жеке бау-бақшалықтар дамытылды., сөйтіп мемлекет пен еңбек арқасында азық –түлік проблемасы шешілді.

Совет Одағының батыры атағын алған 497 адам.

Олардың ішінде  аты аңызға айналған атақты  да, даңқты Бауыржан Момышұлы ағамыз да бар.

        Оқушы

Бауыржан Момышұлы — әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының батыры.

1941 жылы Ұлы Отан соғысында генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясы 18 гвардияшылар құрамында майданға аттанды.

Бауыржан Момышұлы

  • Гвардиялық дивизияны басқарды.
  • 1941 жылы күзгі шайқаста өз батальоны 27 рет шабуылға бастап шықты.
  • Бес рет қошауды бұзып, Ресейдегі Волоколамск, Горюнь, Матренино, Лопастино, Крюкова, Бородино ,Трашкова, т.б. қала, деревнялар үшін болған қырғын ұрыстарда 9 рет асқан ерлік көрсетті.
  • Совет Одағының батыры атағын алған 497 адам.
  • Олардың ішінде аты аңызға айналған атақты  да, даңқты Бауыржан Момышұлы ағамыз да бар.
  • Бауыржан Момышұлы — әскери қайраткер, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының батыры.

   Оқушы

Рейхстагқа ту тіккен Қазақсатандық азаматы
Рақымжан Қошқарбаев

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев

7 мамыр 1999 жылы Рақымжан Қошқарбаевқа “Халық Қаһарманы “ атағын берді.

Оқушы

Шығыстың  қос шынары(ғаламтордан алынған материалдар туралы ой бөлісу)

 

 

Оқушы(соғыс ардагерінің  өмірбаянымен таныстырады)

Шанханай ауылдық округі

Қоянкөз ауылы

Ұлы Отан соғыс ардагері

Төлегенов  Жұбайбек

 

 

 

 

  • 1922 ж 1қаңтар айында Қараеспе ауылында дүниеге келген.
  • 1941 ж, желтоқсан айында 19 жасында соғысқа аттанды.

Ардагер атамыз соғыс жылдарында

  • Клинин бағытымен: Латвия, Сталинград майданына 1941 жылы  түсті.

Сұрақ:

  • Құрметті Жұмбайбек ата ! Соғысқа барасыз дегенде қандай сезімде болдыңыз?
  • 1942 жылы әскери ант қабылдады.
  • 1942 жылы Волокаламск қаласында болды.
  • 28-ші Панфилов атындағы 19-шы гвардиялық полкта,1943 жылы академиялық оқуға жіберілді.
  • 1942-1943 жылы Калининград, Кольма, Волакалам, Старополь (1946),
  • Литва, Латвия, Эстония (1944)
  • Рига (1945)
  • Бауыржан Момышұлы қол астында байланысшы болды.

 

Құрметті Жұбайбек ата! Бауыржан Момышұлыны  қандай адам  ретінде тани алдыңыз?

  • Шапчаев Леонид Иванович басқарған полкта адюдант болып қызмет етеді.
  • шені аға сержант
  • 1942 жылы 22 шілдеде төсінен ауыр жарақат алды.
  • 1943 жылы 27 наурызда жеңіл жарақат алды.
  • 1944 жылы 15 маусымда оң жақ төсінен 3 рет жарақат алды.

Құрметті Жұбайбек ата! Бірнеше жарақат алғаннан кейін , елге  аман -есен ораламын  ба, жоқ па ,-деген ой туған жоқ па?

  • 1945 жылы соғыс аяқталғанда Куйбышев госпиталінде Шапчаевпен бірге жатқан.
  • Соғыс аяқталғанын осы жерде естіді.

Құрметті Жұбайбек ата!  Соғыс аяқталды! Жеңіс! – деген сөзін естігендегі қуаныш сезіміңізбен бөліссеңіз?

  • 1946 жылдың күзінде Жұбайбек атамыз елге оралды.

Ардагер атамыздың  наградалары

  • Ерлігі үшін № 776881
  • Қызыл жұлдыз №910534
  • Германияны жеңгені үшін (1946)
  • Ордендері:
  • Ұлы Отан соғысы ІІ дәрежелі №4281469
  • Мерекелік медальдары: Совет Одағының Маршалы Т.К. Жуков 25 жыл, 30 жыл, 40 жыл, 55, жыл

Соғыстан кейінгі жылдарда

 

  • Аманкелді колхозында 40 жыл механизатор болып жұмыс істеді.
  • Коммунистік партия мүшесі
  • Сегіз бала тәрбиелеп өсірді.
  • Қазіргі кезде немере , шөбере сүйіп отыр.

 

 

 

 

 

Оқушылар  өлеңдерін оқу.

Оқушылардың концерттік номері.

 

Қорытынды:

«Ер есімі –ел  есінде»  .Бұл сөздің астарындағы мағына өткенге емес, болшаққа арналған. Еліміздің қаһарармандары , ардагерлерінің асқақ рухы мәңгі сақталады». Егеменді    еліміз жасай берсін». Елімізде тыныштық , бейбітшілік болсын!

Елiмнiң атын айтсам – Қазақстан,

Жерiмнiң атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам – Қазақстан.

Қазақстан – республикам, мақтанышым,

Мен сенi жырлаймын мақтан үшiн.

Құдайым маған кұйттай жүрек берген,

Лүпiлдеп сенi сүйiп, сақтау үшiн!

 

«Т.Құлыбеков атындағы орта мектеп,

мектепке дейінгі  шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10 сынып жетекшісі Ж.Бекбергенова

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *