Қарағанды облысы
Қарағанды қаласы
КМҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Ибраева Бакытжан Шокеевна
«Ертегі еліне саяхат»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№5 «Балауса» ортаңғы топ.
Білім беру салалары:Әлеуметтік орта.
Бөлімдері: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»
Мақсаты: 1.Білімділік: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту.
- Дамытушылық: Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: Жақсы жаманды айыра білуге,достыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сахналау, саяхаттау, ойнату, көркемдеп сөйлету, сұрақ-жауап тәсілі.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісіне арналған көстюмдер, «Шалқан» муляжі, «Шұбар тауық» ертегісінің мнемокестесі, «Бауырсақ» — доп, «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері», Аю мен шұбар тауықтың костюмы.
Қостілдік компонент: Саяхат — путешествие, ертегі – сказка, біз ертегіні жақсы көреміз-мы любим сказки.
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің әрекеті | Бала әрекеті |
Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Армысың әсем балабақшам
Бармысың балғын достарым Сендерге сәлем беремін Қуана келіп күнде мен! |
Балаларды шаттық шеңбер тұрып, қимылмен көрсетеді. |
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік. I аялдамаға келдік. Ата-аналардың қатысуымен «Шалқан» ертегісін сахналау. II аялдама. «Сергіту сәті» Аңшы шықты орманға Жабайы жануар іздеуге Алдынан қасқыр шыға келді, Атып қалды ағшы мылтықпен. |
Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз» өлеңін айтып жүреді.
Балалар жарты шеңбер құрып отырады
«Аңшы» сергіту сәтінің сөзіне қимылдар жасайды.
«Лақтар мен қасқыр»
Ешкінің, қасқырдың, лақтардың суреттері. Қасқырға есік ашпаңдар дейді. Қасқыр тығылып тұр.
Лақтарды жегісі келіп тұр.
Лақтар тыңдап тұр.
Тамақ беріп тұр.
Балалар ұйып тыңдап отыр.
Біз көмектес тесеміз.
Аю мен балалар пойыз құрып келесі аялдамаға жетеді..
Бір-екі бала мнемотаблица бойынша ертегіні айтып береді.
Сен бауырсақсын, атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштын
|
Рефлективті түзетушілік | Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау:
Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер? Егер сендер маған толық жауап берсендер, мен сендерге сыйлық беремін Бауырсақ: Мен өз ертегіме барайын. |
— Біз сиқырлы пойызға отырдық. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Суретке қарап мазмұнын түсіне білу. Таныс ертегінің соңын басқаша құрастырды.
Қандай түсініктерді игереді: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтірді
Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытты.