Басы » Tәрбие сағаттары » Біз – Жеңістің ұрпағымыз (Презентация)

Біз – Жеңістің ұрпағымыз (Презентация)

20150416_103811Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты,

Телмаганбетова Жанар Қосаманқызы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

Көру  қабілеті  төмен  балалар   6«а» сыныбында  өткен  Ұлы  Жеңістің        70 жылдығына  арналған ашық тәрбие сағаты.

Сабақтың тақырыбы:

                     «Біз – Жеңістің ұрпағымыз».    (+презентация)

Сабақтың мақсаты:

1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты тарихымызды терең тануға, оны құрметтеуге тәрбиелеу, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке баулу. Тарихи санасы қалыптасқан, соғыс атаулыға жаны қас, ержүрек, Отанын шексіз сүйетін, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Т.Ахтанов «Қаһарлы күндер»; І. Есбергенов «Маңғыстау батырлары»; «Жеңіс нұры» — жыр жинағы;  Е.Әукебаев «Өмір – бақыт»;  «Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары»;  баспасөз, интернет беттері.

 20150416_110809

Көрнекіліктер:

Мультимедиялық аппарат, видео, слайд, музыка, аудиожазба, кітаптар көрмесі, «Жеңіс», «Ұлы Отан соғысы» туралы қабырға газеттері.

                                         

                                            Сабақ барысы:

Қазақстан  Республикасының  әнұраны  орындалады.

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған.

Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз,  оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға,  майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.

Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік.

20150416_111131

 

Арай:

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ – 9-май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

Алмат:

Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9-май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Арай:

Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70-көктемі де келіп жетті.
70 жыл – бейбіт көктем таңы атқалы,
70 жыл – шуақты күн таратты әнін.
70 рет – көктемде сонан бері,
Ашылды  Жеңіс  күннің парақтары.
                      Ән: «Бейбітшілік сақталады».  (хор)
Алмат:

Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жыл маусымның 22-де болған еді. Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Германия фюрері Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ, Кеңес халқы жан-тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Осы соғыста Кеңес одағының басқа Республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аянбай шайқасты. Данқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1млн 870 мың қазақстандықтар болған.
                          Көрініс: «21маусым 1941жыл»
21 маусым күні үш ана көшеде сөйлесіп келе жатқан сәті. Кенет радиодан:  «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді» деп хабарлайды.
    1-ана (Лаура): «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттік?  Күніміз не болар екен?»
     2-ана (Айжан): «Қойыңдар, жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»

   

 

Алмат:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан  үшін  аттанайық!
Дәулет:

Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

 

Бейбіт:
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Лаура:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.

                   Видеоролик: «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында»

                   Би: «Катюша» (қыздар)

Алмат:
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

Ақырыс:

Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Айжан:

Үдетіп соғыс оты қайғы-мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір-шал, әйел-бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

                               Көрініс: «Тылда».

Қазақ әйелдері майдандағы ерлерге арнап жылы тондар тігіп жіберіп жатыр.
    Арай: Майдандағы ер азаматтарымыз жеңіспен оралсын деп біз де өз үлесімізді қосып жатырмыз.

   Айжан: Ия, азаматтарымыз тез аман-есен жеңіспен оралса екен.
   Арай:

Соғыс…Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

 

                       Күй «Көроғлы» .  Орындайтын Арай

          Әбу Сәрсенбаев «Сен құрметте оны».

         Дәулет:

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?!

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ,

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кешегі елге қатер төнгенде

Ол жауға қарсы шапты,

Бізді жалмамақ болған ажалды

Өр кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты,

Елім соққысын өз үстіне алды.

Денесін оқ пәршелесе де,

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?!

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық жолда аяғын!

 

 

                               Көрініс: «Жеңіс»

     Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы               8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды.9 мамыр Жеңіс күні!»
Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.                         (Айжан, Ақырыс, Лаура, Арай).
«Сүйінші!  Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе  бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен  қарғыс  атқыр соғыстың  аяқталғаны  ма?»
Соғыстан қайтқан жауынгерлерді (Алмат, Бейбіт, Дәулет) құшақтарын жайып қарсы алады.

 

Аудиожазба. Б. Момышұлы: «Жеңіс оңай келген жоқ»


Арай:

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Алмат:

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ  жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Арай:

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара  күндер қайғысын ұмыттырды.

 

                       Ән: «Жойылсын соғыс» (хор)

Мұғалім:

       Осындай  бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге  құрмет  көрсетейік.

        «Жеңіс күні» әні орындалып жатады.
Оқушылар қарт майдангерге гүлшоқтарын және құттықтау хаттарын тапсырады. Ардагерлер жастарға батасын береді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *