Басы » Бала бақша » Үй жануарлары қалай дыбыстайды ?

Үй жануарлары қалай дыбыстайды ?

Гүлмира Иманбердиева,

 «Өркениет» балабақшасының тәрбиешісі,

Алматы облысы  Жамбыл ауданы

Ұзынағаш ауылы

Білім беру саласы: « Қатынас»

Үй жануарлары қалай дыбыстайды ?

 

Мақсаты: Үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың  дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы «Жануарлар қалай дыбыстайды ?» сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.

Көрнекіліктер:Үй жануарлары бейнеленген сурет,ойыншықтар (сиыр,ат,қой,ботақан)үй жануарларының дыбыстары жазылған үнтаспа.

Сөздік жұмыс : мөңірейді,маңырайды.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті  Баланың іс-әрекеті
Балаларды шеңберге тұрғызып,      «Угәй – ай » әнімен:

-Угәй , угәй әніміз,

Арпа- бидай дәніміз,

Ашық болып аспанымыз,

Сәтті болсын күніміз ! –деп,балаларға бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

Балалардың көңілін суретке аударады.

-Мынау-сиыр,мынау-ат,мынау-қой, Бұлар – үй жануарлары ,себебі оларды адамдар бағады күтеді.Олардың сүті,еті- тамақ,жүні,терісі-киім.

Суреттен көрсетіп , аттың ,сиырдың,қойдың түстерін сұрайды.Үй жануарларын қайдан көргендері туралы сұрайды.

-Топта ойыншық үй жануарлары бар ма екен ? (Көрсетеді,оларды сипаттауды сұрайды).

 

Балалар өлеңге қуанушылық танытады.Өлеңді тыңдайды.

 

 

 

Балалар суретке көңіл аударады .Түсінуге тырысады.

 

zh

Сұрақтарға жауап беруге талпынады.

 

 

 

Ойыншықтарды әкеледі.Сипаттауға ұмтылады.

-Мынау –сиыр түсі қара үлкен т.б.

Әкелген ат,ботақан,қой,сиыр рйыншықтарын алып, енді осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.

-Қой «мә-мә»деп маңырайды ;

-Сиыр «мө-мө» деп мөңірейді;

-Ботақан «бө-бө» деп боздайды;

-Ат «иһо- иһо» деп кісінейді.

Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.

Сергіту сәті.

Оңға,оңға түзу тұр,

Солға,солға түзу тұр.

Бір отырып , бір тұрып,

Біз тынығып аламыз.

1 . «Даусынан таны ?» дидактикалық ойыны.

Үнтаспадағы жануарлардың даусынан не екенін табады.

2 . «Төлдерін тап!» . Суреттен үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіреді.

Ойыншықтарға қуанады .

 

 

 

 

Бірге қайталайды.

 

 

Дауыстарын салады.

 

 

Қимыл қозғалыстар жасайды.

 

 

 

Жануарлардың аттарын айтады.

Төлдерін табады.

Маңырайды,мөңірейді сөздерін айтқызып үйретеді. Балалар түрлі дауыстар салып , жаттығып үйренеді. Сөздерді айтып үйренеді.

Күтілетін нәтиже:                                                                                                                                                                  біледі: үй жануарларының аттарын;                                                                                                       игреді:сәйкестендіру тапсырмасын дұрыс орындау дағдысын;                                                                  меңгереді:үй жануарларының пайдасы туралы түсінікті.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *