Басы » Бастауыш сыныптар » Балалардың бақыты (Сырбай Мәуленов)

Балалардың бақыты (Сырбай Мәуленов)

smҚ.Жазықов атындағы орта мектеп

Тақырыбы: Балалардың бақыты (Сырбай Мәуленов)

 Енсегенова Жанылсын Ескуатовна

 

Сабақтың тақырыбы Балалардың бақытыСырбай Мәуленов
Мақсаты С.Мәуленовтың Балалардың бақыты атты өлеңімен таныстыру, бақыт сөзіне мағлұмат беру. Мәнерлеп ,түсініп оқуға жаттықтыру,байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорларын, ойлауын дамыту.Өлең жолдарын талдау арқылы өзіне қымбат адамдарды бағалай білудуің өзі нағыз бақыт екенін сезіндіру,өз отбасын сүюге ,қорғай білуге тәрбиелеу
Жұмыс нәтижесі Өлең мавзмұнын әңгімелей білуі , кейіптеу сөздерді ажыратуы,түйіндей білуі, шығармашылыққа тәрбиелеу
Сілтеме Оқулық: әдебиеттік оқу 2 сынып «Алматыкітап» 2013ж,аудиозапись,бейнефильм
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,сын тұрғысынан ойлау
Ресурстар Түсті қағаздар , маркерлер, стикерлер,қосымша дерек көздері,А-3,аудио жазба, суреттер
Сабақтың өтілетін уақыты  45 минут
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті  Оқушының іс-әрекеті 
Сабақтың жоспары  1.Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық тренинг

Мен бақытты баламын, өйткені…

Топқа бөлу. (шар,гүл,көгершін,жалауша)

Оқушылар заттарды таңдау арқылы топқа бөлінеді
Үй тапсырмасы  Ыстық орындық әдісі арқылы қорытындылау Әр топтан 1 оқушы шығып, берілген сұраққа жауап беруге тырысады
Жаңа сабақ  Ой қозғау әдісіМ.Мақатаевтың сөзіне жазылған Бақыт деген атты әнін тыңдау арқылы балаларға ой тастау Оқушылар әнді тыңдау арқылы өз ойларын айтады.
Мағынаны тану  Оқулықтағы өлеңді оқушылар өздері оқып, өздерінің ойлары мен автордың ойын салыстыру Топта өлеңді оқып , әр топ өлеңнің мазмұнын ашу
Жеке  жұмыс(берілген сұрақтарға жауап беру) Әңгімелесу әдісіОқушылармен бүгінгі тақырыпты аша түсу үшін әңгімелесу әдісін пайдалану

Әңгімелесу сұрақтары:

1.адамның әрқашан бақытты болуы мүмкін бе?

2.Балалар қай кезде бақытты болады?

3.Бақытты сәттеріңіз жиі болып тұрады ма?

Өз ойларын ортаға салады
Сергіту сәті  Біз бақытты балдырған әнін тыңдау арқылы серғіту сәтін жасау Музыка ырғағымен көңілді би қимылдарын жасау.
Постер қорғау  Бақыт сөзін топтастыру
Шығармашылық жұмыс  Талантты мен дарындыны анықтау(Балдырған,ән, білім,ойымыз) Бақыт тақырыбы бойынша өлең құрастыру
Қорытындылау Бейнефильм көру Оқушылыр бейнефильмді көру арқылы өз ойларын айтып, бүгінгі сабақты қорытындылайды
Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу, бүктеме жасау Оқушылар өздерінің кішкентай кезінен бастап түскен суреттерін жинап бүктеме жасау
Бағалау Критерий арқылы Ойларын айтып күнделікке қойдыру

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *