№25 қазақ қыздар гиммназиясының
бастауыш сынып мұғалімі: Елікбаева Әлия Сафиоллақызы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға тақырыпты түсіндіріп, білімдерін жүйелеп жинақтау;
2) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәнерін, тілдерін дамыту; мәтін құрастыруға, мазмұнына лайықтап ат қоя білуге, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру;
3) Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты, көркем жазуға баулу. Өз елін, Отанын сүюге машықтандыру. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Табиғат көрінісі бейнеленген тақырыптық мазмұнды сурет, жасалған құстардың суреттері, жеке оқушылармен жұмыс істеуге арналған үлестірмелер, интерактивті тақта.
Сабақтағы жаңа технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы:
1) қызығушылықты ояту.
2) мағынаны тану.
3) ой- толғаныс.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, экологиялық- ертегі сабақ.
Пәнаралық байланысы: Әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын түгендеу. Психологиялық дайындық жүргізу. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау кезеңі.
Оқушылардан үйге берілген «Менің елім» деген тақырыпта өлең, мақал- мәтелдерді сұрау.
Оқушыларға сұрақ қою арқылы бүгінгі тақырыптың атын табу. Ол үшін сұрақтың жауабын тауып, сол сөздің бірінші әріпін шашылған әріптердің ішінен тауып жазып отырамыз.
- От басында құмған, Екі көзін жұмған. (Мысық)
- Отбасы тірегі. (әке)
- Қу, айлакер жырқыш аң? (түлкі)
- Сүттен жасайтын тағам. (ірімшік)
- Қасиетті тағам. (нан) МӘТІН
ІІІ. Оқушының субъекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі. Қызығушылықты ояту. Көркем жазу минуты. Қ қ дыбысын бірінші жолға жазып шығу. Қ әрпі бар сөздерді жазып шығу. Қараша, қар.
— Қазір қандай ай? Қазір қандай мезгіл? Күз мезгілі. Күз мезгіліне байланысты екі- үш сөйлем құрап жіберейікші.
Күз
Күз келді. Жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
Торғай, сауысқан, тоқылдақ, шымшық, алақарға- қыстап қалатын құстар. Оларды суықтан мамығымен қауырсыны сақтайды. Қыста азық табу қиын сондықтан құстар қыс кезінде адамға жақын жүреді. Құстарға жем шашуды ұпытпандар!
— Балалар, бірінші жолға не жазып шықтық? (Қ әріпін жаздық.)
Әріпті қатыстырып не жаздық? (Сөздер жаздық. )
— Сөз арқылы не құрауға болады? (Сөз арқылы сөйлем құрайды.)
Сөйлем арқылы мәтін құралатынына тоқталу. «Топтастыру» стратегиясын қолданып сабақтың мақсатымен таныстыру. Осы бүгінгі тақырыпқа байланысты алдымызға қандай мақсат қоямыз. Бүгінгі қазақ тілі сабағы ана тілі, дүниетану сабақтарымен байланысты өтеді. Дүниетану, ана тілі сабақтар да табиғат, ауа райы, құстардың тіршілігі туралы алған білімдері қазақ тілі сабағында әр-түрлі мәтін құрастырып, көрсете аласыңдар.
ІV. Жаңа сабақты оқып білу кезеңі. Мағынаны тану.
Мәтін. Есіңде сақта!
- Жазбаша және ауызша ойды жеткізу.
- Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады.
- Мәтіндегі сөздер бір- бірімен мағынасы жағынан байланысып тұрады.
- Мәтіннің тақырыбы болады.
Мәтін негізінен үш бөлімнен тұрады: кіріспе; қорытынды; негізгі. Мәтін азат жолдан, бас әріптен басталып жазылады.
— Балалар, біз бүгін қазақ тілі пәні бойынша дәстүрлі емес, экологиялық ертегі сабағын өтеміз. Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
— Олай болса, мені жақсылап тыңдаңдар. Ертегіде жануарлар да, құстар да, ағаштар да, айналадағы қоршаған табиғаттың бәрі сөйлеп кетеді. Ертегі кейіпкерлерімен біз де сөйлесеміз, пікірлесеміз, бір- бірімізге көмектесеміз. Олай болса, қазір 4 топқа бөлініп, ертегімізді бастаймыз.
І топ. «Алғырлар» тобы.
Ұранымыз: «Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп».
ІІ топ. «Тапқырлар» тобы.
Ұранымыз: «Ақыл азбайды,
Білім тозбайды ».
ІІІ топ. «Қырандар» тобы.
Ұранымыз: «Біз қыранбыз, қыранбыз,
Әрқашанда алдамыз ».
ІV. топ. «Сұңқар» тобы
Ұранымыз: Көп нәрседен хабармыз,
Сұңқар атты тобымыз
Сайысуға даярмыз.
V. Қызығушылықты ояту.
Ерте- ерте, ертеде Орда орманында көп теректер өмір сүріпті. Соның бірі 20 жасында ер жетіп, 30- ында бұғанасы бекіп, 40- та кемеліне келіпті де, 50- ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт түсіп, оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?
— Ух, жаным- ай, жаным- ай! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым, тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем ете көріңдер деп терек күні- түні зарлай береді.
Оның дауысын естіп бір күні Ақ көгершін ұшып келеді.
Көгершін: Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін,- деп ұша жөнеледі.
— Балалар, көгершінмен бірге теректің ауруын емдейтін дәрігер іздеп барлығымыз жолға шығайық. Топтардың қайсысы ең бірінші болып тапсырмаларды орындап, терекке көмектеседі екен. Ең бірінші болып тапсырманы орындаған топқа жұлдызшадан беріліп отырады.
Оқулықпен жұмыс. Дәптермен жұмыс.
VІ. Мағынаны тану кезеңі.
Мұғалім: Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған торғайды көреді де, оған келіп болған жайды баяндайды.
Көгершін: «Терекке жақсылық жасай көр»- деп өтінеді.
Торғай: Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ, — дейді.
Мұғалім: Торғайдың уақыты жоқ болса, онда біз көмектесіп, мына тапсырманы орындап жіберейік.
1- тапсырма: 1- жаттығу. Бізге төрт тапсырма берілген. Осы тақырыптардың ішінен біз мәтінді тауып, тақырып қоюымыз қажет.
— Бірінші тапсырмада не берілген? («О» әріпі берілген. )
— Екінші тапсырмада не берілген? («Отан » деген сөз берілген.)
— Үшінші тапсырмада не берілген? (Мақал, яғни сөйлем берілген. )
— Төртінші тапсырмада мәтінге ат қояйық. Мәтіннің тақырыбы: «Менің Отаным».
Мәтін бойынша талдау.
Атамекен Туған ел
Отан
Туған жер Қазақстан
Тапсырма: 4 топқа тақтада мәтіндегі сөйлемдердің орны ауыстырылып берілген тапсырма беріледі. 4 топтан бір- бір оқушыдан шығып мәтіндегі сөйлемдерді орнына дұрыс қойып орындайды.
Нан алынады астықтан. Астықты өсірген диқан — адам. Ол жыл бойы таппайды тыным. Көктемде жыртады жер.
Қай топ дұрыс орындаса сол топқа жұлдызша беріледі.
Ақ көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың маңына жақындағанда қарлығашты кездестіреді.
Оған да мән- жайды хабарлайды. Ол бірақ көгершіннің ұсынысына өзінің көмектесе алмайтынын айтады. Қарлығаш үшін біз көмектесіп жіберейік.
2- тапсырма: 2- жаттығу. Мәтінге ат қойдырып, көшіріп жаздырту. Жаттығуды орындату.
— Не оқыдық?
— Мәтін.
— Мәтін екенін қайдан білдіңдер?
— Мәтін неше сөйлемнен құралған?
— Мәтінге қандай ат қоюға болады?
— Мәтін құрамындағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға бола ма?
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп- кішкентай ағаштар,
Үп- үлкен боп өседі.
Тапсырма: 4 топқа «Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз» деген тақырптардың бірі беріледі, әр өз тақырыптары бойынша мәтін құрастырады.
Қай топ дұрыс орындаса сол топқа жұлдызша беріледі.
Ақ көгершін ұшып келе жатып, қалың тоғайдың ішінен қарқылдаған қарғаның үнін естиді. Ол қарғаға теректі емде дегенді айтады.
Қарға: Қарқ, қарқ – кешір, көгершін! Маған ренжіме менің өз кәсібім бар ғой.
— Кәне, балалар, қарғаның орнына біз көмектесіп жіберейік.
3- тапсырма: 4- жаттығу. Ауызша талдау жасау. Берілген сөйлемдерден мәтінді табу. «Тоғызқұмалақ » мәтінін көшіріп жазу. «Тоғызқұмалақ » ойыны туралы айтып шығу.
Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген Аққуға келеді. Оған да «теректі» емдей көр деп өтініш айтады.
Сонда Аққу: Мен қасиетті де киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған көп құстар келеді, ақыл- кеңес сұрайды, мен саған да ақыл айтайын. Сен осы тоғайда үйсіз- күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тап та өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп, теректі емдеп қалар дейді.
— Енді сол құсты табу үшін, көгершін аққудың ақылын тыңдап, ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс көгершіннің тілегін орындап, онымен бірге терекке келеді. Біз осы құсқа көмектесу үшін Енді сол құсты табу үшін «Жалғасын тап» ойынын ойнайық.
— Мақалдың басқы бөлігі айтылады, оқушылар жалғасын тауып беру керек.
- 1. Туған елдей ел болмас, ………………..
- 2. Оқу- білім бұлағы, ………………………
- 3. Кітап- білім бұлағы, Білім- өмір шырағы.
- 4. Күш- білімде, білім- кітапта.
Жұмбақ.
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ- тоқ- тоқ соғады. (Тоқылдақ )
Содан кейін әлгі терек жайқалып өскен екен. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды екен. Ал, жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымыз пайдалы екенін білесіңдер.
VІІ. Сабақты қорытындылау кезеңі.
— Мәтін дегеніміз не? Мәтін қалай жазылады? Мәтін неше бөлімнен тұрады? Мәтін неден құралады?
1. Мәтін дегеніміз …
А) Дауысты дыбыс
Ә) Жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу.
Б) Сөз.
2. Қ дыбысы қандай дауыссыз дыбысқа жатады?
А) ұяң
Ә) үнді
Б) қатаң
3. Қай сөзде У дыбысы дауыссыз?
А) елжіреу
Ә) сулық
Б) күлу
4. Мәтін неден құралады?
А) сөз
Ә) бірнеше сөйлемдерден
Б) әріптен
5. Сөйлем неден құралады?
А) сөздерден
Ә) әріптен
Б) бірнеше сөйлемдерден
VІІІ. Үйге тапсырма беру. 3- жаттығу. 81- бет.
ІХ. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуын бағалау.
Х. Рефлексия кезеңі.
— Саған сабақ ұнады ма? Не үйрендің? Не білдің?