Бесбаева Гулсайра Кенжебайқызы
БҚО .Жаңақала ауылы. Жаңақала мектеп-гимназиясы.
Сызу, бейнелеу өнері және технология пәнінің жоғары санатты,
бірінші деңгейде сертификатталған мұғалімі
Пән: Технология 8 сынып.
Сарамандық жұмыс 5-сабақ |
Күні: |
Тақырыбы: | Қамырдан жасалған өнімдер |
Мақсаты: | — Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып мазмұнын меңгерту. Оқушылардың іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау. Тағамдардың ағзаға әсерін жете түсіну, талдауға үйрету. Ғылыми ізденіс жасауға баулу, тиянақты білім беру.
— Оқушылардың өзіндік жұмыс барысының әр кезеңдеріндеізденуге, зерттеуге, талдауға, сараптауға, сыни ойлауға, салыстыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. — Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету барысында тазалық пен ұқыптылық, инабаттылыққа баулу, кәсіптік бағдар беру |
Күтілетін нәтиже: | Тағамдардың құрамымен,адам ағзасына пайдалы азық-түлік түрлерімен танысып, өмірде пайдалана алады. |
Керекті жабдықтар: | Оқулық, нұсқаулық, азық-түліктердің фотосуреттері |
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе | Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. «Джигсо.» әдісі.
Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ-жауап арқылы өткен материалды еске түсіреді: «жуан», «жіңішке» сұрақтар 3 минут. Оқушыларды топқа бөлу. Сұрақтар: 1.Шала өнімдер дегеніміз не? |
Мұғаліммен амандасады. Шеңберге түрады. Мұғалімнің сұрағына жауап береді. |
|
Тұсаукесер |
|
Топтастыру әдісін жүргізеді. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Аталған сөздерді суреттен көрсету арқылы, өз ойларын дәлелдейді. (витамин,қант, жұмыртқа, ақуыз, ашытқы,қамыр)
Тамақтану гигиенасы жайлы түсіндіреді
Қажетті сөздерді дәптерге жазады
Кесте арқылы азық –түліктерден болжалды мәзір дайындап кесте толтырады.
Топта кондитер тағамдарына мәзір дайындау
|
|
Негізгі бөлім | Сарамандық жұмыс №26 69- бет
Картоп салынған пирожки |
Сарамандық жұмысты орындайды | |
Қорытынды
Бағалау |
Әр оқушы өз жүмыстарын кестеге қарап орындайды
Кесте толтырады. Тақырыптағы ерекшеліктерді суреттейді. Сұрақтар: Денсаулықтың маңызды факторы деп нені айтамыз? Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру үшін нені білу керек? Макроэлементтер мен микроэлементтер дегеніміз не? Бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар? Минералды заттар тамақтануда қандай рөл атқарады? Басқаша қалай жасауға болар еді? 7мин «Геометриялық текшелер » арқылы бағалайды |
Оқушылар тапсырманы орындау арқылы, ортақ пікір білдіреді.
Сұрақтарға жауап жазады |
|
Үйге тапсырма
Рефлексия
|
21 тақырып. Қамырдан жасалған өнімдер 67 бет , түсініп оқып келу.
Қызыл түс-мен түсінбедім Жасыл түс-бәрін түсіндім Сары түс-көмек керек. |
Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
|