Басы » Технология » Шәлі тоқу.

Шәлі тоқу.

hello_html_m56c75c04Қызылорда қаласы 

Ы Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің технология пәні мұғалімі  Ахметова Айгерім Батырханқызы

 Сабақттың тақырыбы:Шәлі тоқу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тоқыма сыммен шәлі    тоқуға, қажетті тоқыма сымдары мен жіптерді таңдай білуге үйрету.

Білімділігі:            Тоқу схемасына қарап, тоқып  үйренуге жаттықтыру.

Дамытушылығы:Оқушыларды жинақтылыққа, ойланып  тұжырымдай білуге,      тиянақтылықпен  әсемдікке үйрету.

Тәрбиелігі:             Өз бетімен жұмыс жүргізуге, бастаған жұмысты жауапкершілікпен,

ұқыптылықпен  орындауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:     Сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Дайын бұйымдар, схема, суреттер,жіптер түрлері, құрал-саймандар:

білтекеш, біз ілгектер

Пән аралық байланыс:             Сызу, сурет, математика , геометрия,ән.

 

Қолданылған әдебиеттер:  Мектептегі технология журналы  , интернет материалдары.

 

      

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушыларды түгендеу.

Б) Оқушылардың сабаққа дайындығын,

В)құрал-жабдықтарын тексеру.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1) ТҚЕ еске түсіру.

2) Тоқыма жіптер.

3) Тоқыма біздерінің түрлері.

4) Шалу әдістері.

5) Сөзжұмбақ шешу

6) Веен диограммасын құру.

 

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

1.ТОҚУ ӨНЕРІ-қазақтың ежелден келе жатқан өнері. Қолмен тоқу өте кең тараған.Бұл өнер қазіргі талап-тілектер тұрғысынан шығармашылықпен байытылып , тұрмыспен бірге дамып келеді.Адамдардың тұрмыс қалдерінің үнемі өрлеуіне сай,олардың мәдени-тұрмыстық тілектері де өсуде.Сондықтан да әр адам киген киімнің қазіргі  сән үлгісіне сәйкес бола отырып ,талғампаздығын, қайталанбас даралығын  танытуға тырысады.Міне осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі-ТОҚУ. Тоқумен айналысқан адам жеке басына қажет бұйымды өз қолымен жасаумен бірге осы тоқу үстінде түрлі-түсті бояулардың үйлесімділігін  қадағалау ,түрлі тоқу әдістері арқылы талғамы, шеберлігі ,көркемдікті сезіну қабілеті дамиды, ой өрісі жетіледі..Соған орай тоқу өнері де басқа істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді.

Тоқу үшін таза жүннен ,матадан, вискозадан, сондай-ақ синтетикадан ,жүнмен синтетика араласқан  иірілген жіптер пайдаланылады.Бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып қайта пайдалануға болады.Жінішке биязы жіптерден көбініесе балалар киімдерін,өрнекті кофта, орамал, т,б  жеңіл бұйымдар тоқылады.

Тоқыма тоқуға жақсылап тегістелген жеңіл сым темірлер алынады,оның ұшы  тым үшкір де ,тым доғал болмауы тиіс.Сондай-ақ пласмассадан, ағаштан, бамбуктан, сүйектен жасалған сымдар да пайдаланылады. Сымның ең тауірі –никель болат сым. Әр сымның номері диаметірінің милиметіріне сәйкес келеді.Мысалы:№3 сымның диаметірі-3мм, №5 сымның диаметірі-5мм болады. Сымдар тоқылатын жіптен екі есе жуан болуы керек. Бұйымды тоқымас бұрын заттың үлгісін қағаздан қиып алу керек.

Тоқыманың оң және теріс жағы болады.

2.Пайдалы кеңестер          

1Ангор ,махер, жүн жіптерінен тоқылған бұйымдарды жуғанда  шайу суына шашқа арналған бальзамды қосса жақсы болады.

  1. Бұйым өңін бермес үшін суға уксус ерітіндісін

қосса, дұрыс болады.

3.Тоқыма бұйымдарын қолмен ғана жуу керек. Сол кезде бұйымда домалақ түйіршіктер пайда болмайды.

4.Тоқыма бұйымдарын ұзақ уақыт көбік суда қалдыруға болмайды,ж/е де су қан жылым болуы керек, себебі :ыстық суда тоқыма бұйымдары отырады.

5.Тоқыма бұйымдарын жуғаннан соң сығуға болмайды,оларды мақта мата сүлгілеріне орап суын сініріп  аламыз да тегіс жерге қағаз бетіне

қойып кептіреміз.

6.Тоқылған бұйымдарды киім ілгіште емес бүктеулі күйінде сақтаған дұрыс.

 

  1. Сарамандық жұмыс .Шәлі тоқу.

А)Мәлімет беру.

Б)Шәлі түрлерін көрсету.

В)Үлгі сызбасын түсіндіру.

Г)Тоқылу жолын оқушыларға

көрсету.

ІV.Оқушылардың өз бетімен жүмысы

А) Тоқыма тоқу.

Б)  Ән салу.

 

Қадағалау жүмыстарын жүргізу:

А) Т Қ Е сақталуы.

Б) Т Ш сақталуы.

В) Орындалу реттілігі.

 

V.Жана сабақты бекіту. Тоқыма өнері.

  1. Ерекше жүмыстарды атап өту.

2.Кеткен кемшіліктерге назар аудару.

3.Оқушыларды бағалау.

 

Үйге тапсырма. Тоқыманы аяқтау.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *