Халабаева Куралай Маденовна
Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің үлестірімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету,көбейту амалының үлестірімділік қасиетімен таныстыру;
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: Үлестірмелі карточкалар, логикалық есептер;
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».
С.М.Ломоносов
Түрі: сайыс сабақ «Алтын қақпа» ( пәнаралық )
Әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік, жұппен
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Бұл сабақта есептеу дағдыларын қайталап , жаңа ұғым үйренуге және қазақ халқының «Алтын қақпа» ойынымен танысамыз.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар
ІІ.Үй жұмысын тексеру: № 381 87 бет
Үй жұмысын қорыту: сұрақ — жауап
Көбейтудің қандай қасиеттерін білеміз? (ережесін сұраймын)
1.Ауыстырымдылық
2.Терімділік
3.Үлестірмелік
Ойын «Сандар сөйлейді»
1 16 25 37 18 15 1 15 22 1
А Л Т Ы Н Қ А Қ П А
Әріптер бойынша сабақ тақырыбын табу
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІV . Жаңа сабақ:
«Алтын қақпа» (түсінік)
Ойын ережесімен таныстыру:
«Тас қақпа»
«Күміс қақпа»
«Алтын қақпа»
«Алтын сандық»
І. Тас қақпаның тапсырмалары: Ұжымдық жұмыс.
№ 1. Кестені толтыр.
24 30 42
4 5 8
: 6
64 24 80
8 9 4
8
ІІ. Күміс қақпаның тапсырмалары
1-тапсырма: Амалдарды орында: №389 ( 3 топ)
2-тапсырма:Есептерді әр түрлі тәсілдермен орында: (3 топ орындайды)
Есептерді әр түрлі тәсілмен шығар.
№390 1- топ (1,2,3) 2- топ (4,5,6) 3-топ (7,8,9)
Сергіту сәті
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
ІІІ. Алтын қақпаның тапсырмасы
1-тапсырма: Есеп шығару. № 392
2-тапсырма: Тізбектің мәнін тап:(1минут)
1. 63: 9+3:2+15:4+30:5=
2.64:8+2:2+11:4+8:3:4=
3.72:8+1:5+12:7+16:9∙0=
3 тапсырма: «Кім жылдам?» (ауызша қалдықпен бөлуді орында)
21:10= 32:10= 43:10= 54:10=
65:10= 76:10= 87:10= 98:10=
Келесі кезеңіміз «Алтын сандық»
ІҮ. Алтын сандық тапсырмасы
1. Логикалық тапсырма:
1-тапсырма:
Екі санның қосындысы 8-ге, көбейтіндісі 15- ке тең. Осы сандарды тап.(5; 3)
Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
1,2,3,4,5,6,7,8,9 cандары берілген. Сандардың орнын ауыстырмай “+” және “-” таңбасын тек ғана 3 рет қолданып нәтижесінде 100 шығатындай етіп орналастыр
Жауабы:123-45-67+89=100
987654321 сандарына нәтижесінде 99 шығу үшін «+» таңбасын қалай қоюға болады.
Жауабы: 9+8+7+65+4+3+2+1=99
2.Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?
3. Қазақтың салмақ өлшемдерінің мағынасын түсіндір. Бір шелек, бір торсық, бір саба, бір қап, бір арқа
Жауабы: бір шелек (су, сүт)
Бір торсық (айран) 6-7 литр
Бір саба (қымыз) 10-15 литр
Бір қап (ұн) 45-60 кг
Бір арқа (жүк) 45-50 кг
4. 135792468 сандарына нәтижесінде 18 шығу үшін «-« таңбасын қалай қоюға болады.
135-79-24-6-8=18
Олай болса ,балалар, барлық сынақтан сүрінбей өттіңдер. Сендерге бұл алтын сандықтың арнайы сыйлығы бар екен. Оны сіздер не деп ойлайсындар? Жұлдыздай жарқырап жүріңдер(жұлдыз смайликтер беріледі)
Кітаптан асқан құнды зат жоқ. Біз кітаптан өзімізге барлық бағалы,құндылықты қажетті нарселерді оқи отырып бойымызға сіңіреміз.
Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады.
Ү. Үйге тапсырма: №395 91 бет
ҮІ. Сабақты қорыту. Біз бүгін сабақта немен таныстық?
— Немқұрайдылықпен жұмыс істеуге дегенді қалай түсінесіңдер?
-Сендер бүгін сабақта өте жақсы жұмыс істедіңдер.
— Сол үшін бәріңе рақмет.
YII.Рефлексия Оқушылар өз ойларын стикерға жазып шығады
1)мен бәрін түсіндім
2)маған сабақ ұнады,бірақ түсінбедім
3)ештеңе түсінбедім
ҮІІI. Бағалау : Топ мүшелері өздерін бағалайды.