Сабақтың тақырыбы: Шамалар және оларды өлшеу.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Сандардың ондық жүйесі мен өлшеудің метрлік жүйесінің арасындағы байланысты және өлшем бірліктерін түрлендіруді пысықтау. Сандардың ондық жүйесімен өлшеудің метрлік жүйесінің арасындағы байланысты пысықтап, білімдерін тиянақтау, есептеу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту. Сандардың ондық жүйесімен өлшеудің метрлік жүйесінің арасындағы байланысты пысықтап, білімдерін тиянақтау, есептеу дағдыларын қалыптастыру; Оқушылардың ой-өрістерін, ойларын, еске сақтау қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Логикалық ойлау сезімдерін оятып, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: оқулық, кесте;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу,оқу құралдарын қадағалау.
Психологиялық ахуал.
Бір-бірлеріңе бұрылыңдар және сәттілік тілеңдер.
ІІ.Үй жұмысын тексеру:
Жүздік ондық бірлік
5 3 8
5 3
5 8
5
«Тез есептеп үйрен:»
(49/7*5+1)/9*3; (7*8+7)/9*3/7; 28/7*4/2*3/6.
ІІІ. Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:
Мағынаны таныту.
№1. 647; 640; 607;
№2. 895; 777; 805; 770; 700.
Бірлігі: 5, 7, 5, 0, 0.
Ондығы: 9, 7, 0, 7, 0.
Жүздігі: 8, 7, 8, 7, 7.
№3. 666
«Кім жылдам»
№4. см, дм, км, м, кг, г, т, ц.
№5. 100>10; 100<1000.
№6. Ұзындық бірліктері: м, км, дм, см.
Масса бірліктері: г, кг, т, ц.
IV.Сергіту. « Қара жорға» биі
№8 Есепті шығар
Пияз- 100кг.
Картоп- 3есе артық
100*3=300(кг)
Жауабы: 300 кг картоп әкелінді.
ІV.Жаңа білімді қорытындылау кезеңі:
• Ой қорыту:
Бес дос ұзақ сапар алдында бір-бірімен фотосуреттерін алмастырды.
Әрбіреуі әр досына бір-бірден өз фотосуреттерін берді.Бұл үшін достарға қанша фотосурет қажет?(5фотосуреттер беріледі)
VІ.Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру:
№9 9-бет, №9 589; 500+80+9; 587, 588, 589, 590.
№10 10-бет
VІІ.Бағалау кезеңі: оқушылар бағаланады.