Басы » Бастауыш сыныптар » 7 саны және цифры

7 саны және цифры

1sЖезқазған қаласы

жалпы орта білім беретін 1 орта мектебі КММ

бастауыш сынып мұғалімі

 Жандаулетова Кызғалдак Жангазыевна               

Сабақ:   Математика    1- сынып

Тақырыбы:  7  саны және цифры

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 7саны және цифрымен таныстыра отырып, киелі сан екенін меңгерту.Саналы түсіну машығын жетілдіру.Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселдіру.
-Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы
танымдық қабілеттерін логикалық ой — өрісін дамыту.
-Еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер т. б сызбалар,жеке суреттер,геом.фигуралар, 7санының баспа,жазба түрі.
Сабақтың түрі: аралас  сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, ауызша, түсіндіру,көрнекілік,талдау-жинақтау әдістері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық.
Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?
Балалар: — Жақсылықты көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Балалар: — Ақыл — кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Балалар: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін керек?
Балалар: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

6 саны және цифры .Мысалдарды орындау  6 ға дейін тура және кері санау

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі

  1-ден 6 -ға дейін тура және кері санау

  Ойын: Қандай сандар жетіспейді?

Кіші көршім оң жақта

Үлкен көршім сол жақта

Тұрушы еді қасымда

Қайда кеткен жан-жаққа.

Көрші санды тап

6
 
2
3

 

  

ІҮ.Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Ойын «Кім жаңылыспайды?»

Бір, екі, үш

Келесі сан төрт  дейміз

Бес,алты,жеті

Толық санап бітпейміз

Ауызша есеп

Алтау аз деп балақан,

Қосты тағы бір балапан.

Табыңдаршы ойланып,

Қанша болды балапан?    6+1= 7

Тақтадағы  суреттермен  жұмыс.Суреттен  7санын білдіретін заттарды тапқызу.Басқа заттармен салыстыру

Ү. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

Оқулықпен жұмыс

Мұғалімнің түсіндіруі  7 саны туралы түсінік беру. 7 тақ сан

№1  7 санына байл.мысалдар келтіру.

№2  Қосындылар құру  2+2    3+1  5+0   4+1

№3 Салыстыр   6*7   6*5  5*7  4*7  6см*7см   7см*7см

Қай жол ұзын Қайсысы қысқа салыстыр

№5  7 7 7  санын дәптерге жаздыру

Сергіту сәті

Шаршасаңдар балалар

Қолдарыңды созыңдар

Бір,екі,үш,төрт,бес

Саусақтар мен  ойнаңдар

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын

Дәптермен жұмыс

Үлгі дәптердегі тапсырманы орындату.

(дәптерге жазу ережесін ескерту)

ҮІ. Сабақты бекіту кезеңі

«Ғажайып жеті санына» саяхат
7 ғалам
Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, жер, аспан, жер асты
7 күн
Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына
7 ата
Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата
7 қазына
Ер жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, берен мылтық, ақыл — білім, жүйрік ат, жүйрік тазы
7 жоқ
Жерде өлшеуіш жоқ,
Аспанда тіреуіш жоқ,
Аллада бауыр жоқ,
Жылқы да өт жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Аққуда сүт жоқ,
Тасбақада талақ жоқ
7 жұт
Құрғақшылық, жұт, оба, өрт, соғыс, топан су, зіл-зала

ҮІІ. Қорытынды

7-ге дейін тура және кері санау

Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

Оларды бөліктерге қалай бөлуге болады?

 ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі

78-79-бетке дайындалу.Санамақ жаттау

ІХ. Бағалау

Оқушыларды мақтау ,мадақтау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *