Басы » Бастауыш сыныптар » С дыбысы мен әрпі

С дыбысы мен әрпі

1sЖезқазған қаласы

жалпы орта білім беретін 1 орта мектебі КММ

бастауыш сынып мұғалімі

 Жандаулетова Кызғалдак Жангазыевна               

Тақырыбы:  С  дыбысы мен әрпі

Мақсаты:    Оқушыларға с дыбысының айтылу,жазылу ерекшелігін түсінеді.Қатаң дауыссыз дыбыс  екенін аңғарады.Буындап немесе тұтас оқу машығын  дамытады.Өз ойын еркін жеткізуге үйренеді.

-Оқушылардың ой-өрісін дамыту,сөздік қоры молаяды.Сауатты жазуға,жазу каллиграфиясын сақтауға төселеді.

Оқушылар шапшаңдыққа,еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиеленеді.

Көрнекілігі: жеке суреттер,с әрпінің баспа және жазба түрлері,электронды оқулық

Сабақ түрі:  (СТО)  технологиясы

Әдіс-тәсілдер: топтастыру ,сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,әңгімелеу,

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау

Психологиялық дайындық

Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуақ пен нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп.

І Қызығушылықты ояту

-Б дыбысы қандай дыбыс?

-Дауыссыздың қай түріне жатады?

ба
-ла
бағ

 « Адасқан буындар» ойыны   (буындардан сөз құрау)

-ша
та
бақ
-бан
бақ

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға жұмбақ жасыру:

Білезікке қарайық,ұқсайды оған қай әріп?   (С)                                                                                             

Тілдерімен жүреді.

Уақытты біледі. (Сағат)

Сағат сөзі қай дыбыстан басталып тұр?Айтып көрейікші.

Ендеше біз бүгін  С дыбысымен танысамыз.

(Тақтадағы суреттермен жұмыс жүргізу)

ІІ Мағынаны тану  сатысы

 С-дауыссыз,қатаң дыбыс екенін мысалдар келтіріп,түсіндіру.

Ережені хормен және жекелей айтқызу.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы  буындар мен сөздерді оқып,талдау.

Сөздерді буынға бөлгізу,сөйлемдер құрату.

С дыбысының сөздің басында да,ортасында да ,соңында да кездесетінін түсіндіру.

Оның  дауыссыз,қатаң екенін  мысалдар келтіріп,дәлелдеу.

Ережені хормен және жеке-жеке айтқызу.

Мәтінді оқу,талдау                          

                                                            Саймандар

Балға –сайман.Балта сайман.Ара-сайман.Балға,балта,ара-саймандар.Атамда балға да,балта да,ара да,бар.

Дәптермен жұмыс

Үлгі дәптердегі тапсырманы жазғызу.

С әрпінің жазба түрін және С дыбысына байланысты сөздерді жазу.

(дәптерге жазу ережесін ескерту)

Сергіту сәті

Бас бармақ,қойды баға қой,

Сұқ саусақ,шөпті шаба ғой,

Ортан қол,суға бара қой,

Аты жоқ қолға жұмыс жоқ,

Шынашақ ұйықтап қала ғой.

ІІІ Ой толғаныс сатысы

А)Дыбыстық талдау жасату. (сана,сабақ,маса,масақ,самал сөздеріне)

Топтастыру

 

                      

  Саймандар

 

 

Егеу                                                                                Балға

 

 

 

 

Сүргі                        Ара                              Балта

 

І  топ Өлеңнен  с әрпі бар сөздерді табу,дыбыстық талдау жаса.

Сара келіп сабақтан,

Сан шаруаны тындырды:

Самауырға салатын

Сексеуілді сындырды

Сазан балық қуырды,

Сауды сары сиырды.

ІІ топ  Жаңылтпашты жатқа айт.С әрпі бар сөзге дыбыстық талдау жаса

Қаламқас, қазанды ас.

Жейік ас

ІІІ топ   Жұмбақтың шешуіндегі сөзге сөйлем құра

Жылт-жылт еткен

Жылғадан өткен. Су   Су –тіршілік көзі.

ІҮ Қорытынды

-С қандай дыбыс? Мысалдар келтіру

-Саймандарды ата.

-Сөйлем дегеніміз не?

Ү Үйге тапсырма беру кезеңі

64-65 бет оқу.Сөздерді  буынға бөлу,сөйлем құрау.Мәтінді оқу

ҮІ. Бағалау.

 

Оқушының аты-жөні Өзін-өзі бағалау Топтың  бағасы Мұғалімнің бағасы Қорытынды баға
           

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *