Басы » Tәрбие сағаттары » Мәңгілік ел: Бір ел-ел тағдыр

Мәңгілік ел: Бір ел-ел тағдыр

2050Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Госплемстанция ЖОББМ
физика-информатика пәнінің мұғалімі
Актаева Роза Тилегеновна
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік ел: Бір ел-ел тағдыр
Мақсаты:1)Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, тағаттылықты, этносаралық және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, қазіргі Қазақстан туралы білімін тереңдету.
2) Оқушыларды елін сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, слайд, логотип
Тәрбие сағатының барысы: «Менің Қазақстаным» тақырыбында дайындалған слайд көрсетіледі.
Қызығушылықты ояту.
Биылғы оқу жылы қандай тарихи мерекелермен тұспа-тұс келіп отыр.
Қазақ хандығына 550 жыл, Қазақ халқы ассамблеясына 20 жыл, Қазақстан конституциясына 20 жыл
Кіріспе сөз: 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланған болатын. Ондағы басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.
Қазақстан — 2050 стратегиясының логотипін таныстыру
2050 Стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді.
Біріншіден, логотиптің негізі болып табылатын шаңырақты біз алдымен елтаңбадан көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 Стратегиямыз бар. Шаңырақ сөзі «шаң» — күн деген ұғымнан бастау алады. Сол себепті де болар, ол қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады.
2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге беглгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.
Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі, сондай — ақ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгілердің өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ.

Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі.
Белгінің мазмұны бірлік пен қуатта.
Аталмыш белгі Қазақстан халқына етене таныс және жақын болып келетін дөңгелек шеңбер түріндегі қиылысқан жартылай мөлдір сәулелерден тұрады.
Ой қозғау. « Мәңгілік ел: Бір ел-ел тағдыр» дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушы ойымен бөлісу.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс — тіршілігінің дамуына бірден — бір ықпал еткен фактор — бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.
Елбасының «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы — болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы — еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы — елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 — 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.
Елбасының сөзімен айтқанда, «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!
Білім — барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Елбасының әр Жолдауы — толғауы терең қайталанбас дүние. Биылғы Жолдау да Президентіміздің өзіндік стиліне сәйкес көптеген ерекшеліктерімен ел есінде қалатыны даусыз.Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу — болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақы руы көңілге қонымды.
Болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамыз бой көтерді. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Міне, сол армандар ақиқатқа айналып келеді. Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды.
Елбасымыз Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз, қазақ халқы өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
«Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Президентіміз осы жолдан айнымауға шақырады.
2. Топтық жұмыс./Оқушылар 2 топқа бөлініп, әр топ «Егер мен Президент болсам…» тақырыбында ой тастап, өз жұмыстарын қорғайды.
Көрініс: Екі ел президентінің кездесуі
3. Қорытынды: Сабақты қорытындылау мақсатында балаларға бір-бір сөзден беріледі. Сол сөздерді пайдалана отырып, әр оқушы өз елімізге деген тілектерін білдіреді. Өз тілектері жазылған стикерлерді «Мәңгілік ел» плакатына жабыстырады.
Ән: Көк тудың желбірегені. (тыңдалады)
Мен 21 — ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! — деген елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *