Шығармашылық — іздену жоспары.
Шығармашылық жұмыс тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын арқылы компьютерлік сауаттылық пәнің үйрету».
Мақсатым: Балаларды ақпараттық технологияларға толы қоғамдық өмірге психологиялық дайындығын қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды компьютерлік сауаттылыққа үйрете отырып, логикалық, интелектуалдық және танымдық қабілеттерін дамыту.
Міндеттерім:
► Балаларды жаңа білім беру технологияларының көмегімен оқыту;
► Көңіл көтеру және ойын орталығы қызметін атқару;
►Онда білім беру және көңіл көтеру міндеттерінің барынша кең шеңбері орындала алады;
► Балалар үшін де, оқытушылар үшін де жұмыстың барынша қолайлылығын жасау;
► Балаларды компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерімен және дағдыларымен таныстыру;
►Бала бойында танымдық, ақпараттық құзіреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік- даму ортасын құру;
► Тәжірибелік, танымдық, шығармашылық іскерлігі мен басқа да бала әрекеті түрлерін қалыптастыру;
►Балалардың көру жадыларын,есте сақтау қабілетін берілген тапсырмалар арқылы дамыту;
►Әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;
► Балалардың логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
► Күнделікті өмірде қарапайым өзіне қажетті техникалық құралдарды қолдана білуге үйрету;
► Әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;
► Мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.
Күтілетін нәтижеге сипаттама:
Балалар білуге тиісті:
►компьютер құрамына енетін негізгі құрылғылардың сипаттамасын: жүйелік блок, монитор, перне тақта, тінтіуір;
►компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережесін;
► тінтіуірмен жұмыс істеуді;
►монитордан курсор мен тінтуірдің бағыттағышын айыруды;
► тінтуірдің көмегі арқылы экраннан қажетті обьектіні таңдай білуді (тінтуірдің бағыттағышын анықтап, сол жақ түймесін басу);
►тінтіуірдің сол жақ түймесін басу арқылы экранға қоршау салуды,
►тінтуірдің сол жақ түймесін басу арқылы қажетті обьектіні орналастыруды,
► перне тақтаны қолдануды; әріптер мен сандарды енгізуді, «Enter» клавишін қолдануды;
►тінтуірді түрту арқылы сүрау алаңынан «тізім» типтес (басты мәзір, мәзір деңгейі) қажетті жолды таңдауды;
► тінтуірдің көмегі арқылы экранда жұмыс істеуді;
► заттарды қасиеттеріне қарай топтастыру
► класстарды белгілеуді (біркелкі заттардың топтары, мысалы: көліктер, жемістер, көкөністер, оқу құралдар т.б)
► суреттен белгілі мазмұныды бейне құрастыра алады, оны түсіндіреді;
► компьютерде жұмыс істеудің санитарлы – гигиеналық талаптарын;
► қазіргі заманғы ақпарат көздерінен хабардар болады;
► санитарлы – гигиеналық талаптардың бұзылуы қызметіндегі қателіктерді көрсетіп және түзей алады;
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы : Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : «Компьютерлік сауаттылыққа үйрету» пәні
Тақырыбы : Тышқан көмегімен күзгі ағаштарды салу
Мақсаты :
Білімділігі: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Балаларды дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасай отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелігі: Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар :
Билингволдық компонент: пекиндік орамжапырақ — пекинская капуста,тіс тазалағыш — зубная щетка.
Іс-әрекет кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Балалардың іс әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Сәлематсыздар ма, балалар! Жылулық шеңберінде тұрып, бір біріне жақсы тілектер айту.
Балалар бізге бүгін қонаққа тышқан келеді -Сәлематсыздар ма, балалар?! Балалар тышқанға біздің көмегіміз керек екен, өзіне үй іздеп жүр, біздер оған үй жасауға көмектесемізбе?Ол үшін бізге бірнеш кезеңнен өту керек. |
-Салематсыздарма!
Шаттық шеңберінде тұрып, бір — біріне көңіл күй сыйлайды. Аспанымыз ашық болсын Жеріміз гүлдей берсін Біздің балабақшамыз Әр қашанда жайнай берсін. Қолды көкке созайық Азайтайық қосайық Сан есептің сарайын Кәне бірге ашайық
-Сәлематсызба, тышқан!
-Ия, қалай? |
Іздену
ұйымдастырушы |
1 кезең
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Дұрыс — Енді мен сендерге «Күз келді» атты өлең оқып беремін: Сарғайды тоғай, Сап — сары маңай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып. Жапырақ ұшты, Суықта түсті. Сонда да бізге, Қызық көп күзде. — Күз мезгілінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын айталық. — Жақсы жақтары — әдемі түрлі — түсті жапырақтар, жеміс – жидектер піседі, дәнді дақылдар піседі. Жаман жақтары – жиі – жиі жаңбыр жауады, күн салқындайды, суық тиеді, теректер жапырақсыз қалады. 2-кезең — Біз бүгін компьютермен күз ағаштарын саламыз Ол үшін компьютерге отырайық Балалар біз қандай бағдарламамен жұмыс жасайын деп жатырық? -Жарайсыңдар, ендеше Paint-ты ашайық
Балалар жұмысына талдау жасау, кейбір балаларға көмектесу.
Сергіту сәті: “Табиғат құбылыстары” Қатты нөсер басылды,(Жаймен тырсылдатады) Күн жарқырай ашылды,(Қолдарымен күн жасайды) Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды.(Жарты доға жасайды) -Балалар сендер 2 кезеңнен өттіңдер, енді 3-кезеңге аяқ басайық. Ол үшін дамыту ойындарын ойнайық Дамыту ойыны ZEEK. Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, алғыр балаларды іздеу. -Балалар енді салған суреттерімізді тышқанға көрсетейік. Тышқан балаларға риза болып өз үйін қазуға кетеді |
— Күз мезгілі
Балалар қайталайды.
Балалар компьютерге отырады
-Paint -Пуск-Стандартные—Paint
Балалар күзгі ағаштардың суретін салады Өз жұмыстарына риза болады, баға береді.
Балалар сергіту сәтін жасайды.
-Ура, балалар қуанады
Балалар тышқанмен қоштасады. |
Іс-әрекеттің
бағалау кезеңі |
Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?
Біз сурет салғанда ненні пайдаландық? -екеуінің айырмашылығы қандай?
Балалар оқу іс-әрекетіміз аяқталды сау болыңыздар! |
-тышқан
-тышқанды -Сау болыңыз! -біреуі дала тышқаны, біреуі компьютердің тышқаны. -Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі : Күз мезгілінің ерекшеліктерімен танысады
Қандай түсініктерді игерді: Жаңа әдіс — тәсілдерді пайдалана отырып, күзгі ағаш бейнесін бере білуге үйренеді.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері : Тышқанмен жұмыс жасауды біледі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы : Таным, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті : «Компьютерлік сауаттылыққа үйрету» пәні
Тақырыбы : Математика әлеміне саяхат
Мақсаты :
Білімділігі: Заттардың үлкен — кішілігіне қарай ажыратуға үйрету
Дамытушылығы: Геометриялық пішіндер туралы ұғымын бекіту
Тәрбиелігі: Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар : геометриялық пішіндерді ажырата алу, ойын ойнау «Дұрыс тап»
Билингволдық компонент:
Іс-әрекет кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Балалардың іс әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Сәлематсыздар ма, балалар! Жылулық шеңберінде тұрып, бір біріне жақсы тілектер айту.
|
-Салематсыздарма!
Шаттық шеңберінде тұрып, бір — біріне көңіл күй сыйлайды. Аспанымыз ашық болсын Жеріміз гүлдей берсін Біздің балабақшамыз Әр қашанда жайнай берсін. Қолды көкке созайық Азайтайық қосайық Сан есептің сарайын Кәне бірге ашайық |
Іздену
ұйымдастырушы |
Домалақ қонаққа келеді
Салематсызба, балалар! Балалар мен сендерге өз тапсырмаларымды алып келдім 1-тапсырма Балалардың қызығушылығын артыру мақсатында 12 балаға 12 түрлі пішін ортада тұрады Пішіндерді алып, Пішін туралы мағлұмат береді Алған пішіндерден неше түрлі заттар жасайды 2-тапсырма Балаларды жапсырма орындауға шақыру. 1. Санды ретімен санауға 2. Санды сызық арқылы дұрыс сызуға 3. Нүкте арқылы ажырата алып, тапсырманы аяқтау
3-тапсырма Компьютермен жұмыс Зат қандай пішінде? Мақсаты: берілген затты пішініне қарай табу
Сергіту сәті Мынау менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау менің басым- ақылды Бәрін осы басқарған Мынау менің оң қолым, Мынау менің сол қолым, Барлық істі атқарған.
-Жарайсыңдар, балалар барлық тапсырманы мүдірмей орындадыңдар!-деп домалақ балалардың жұмыстарына риза, болып шығып кетеді.
|
-Сәлематсызба, домалақ!
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Балалар домалақпен қоштасады. |
Іс-әрекеттің
бағалау кезеңі |
Балалар жарайсыңдар!
Балалар оқу іс-әрекетіміз аяқталды сау болыңыздар! |
-Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі : геометриялық пішіндерді ажырата біледі
Қандай түсініктерді игерді: Математикалық пішіндерден заттарды құрастыра алады, затқа талдау жасайды
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері : пішіндерді меңгерді
[bws_related_posts]