Павлодар облысы. Ертіс ауданы. Ынтымақ негізгі мектебі
Математика мен физика пән мұғалімі Идрисова Дана Темирбаевна
«Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пән ге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа тәрбиелеу
Қажетті құралдар: видеопроектор, акша құны жазылған қағаздар, слайд
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер. Ойнымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.
Алдарыңызда өз білімен, ақыл-ойымен, эрудициясымен ерекшеленген 8 сыныптардың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
- Болашақ тобы 2. Эврика тобы 3. Асыл тас тобы
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім» деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Бируни. Ендеше білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Әр топтың қорында 500 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталдарыңызды көбейту өз қолдарыңызда. Аукционға физикадан сұрақтар, жұмбақтар қойылады. Әр сұрақ 50 теңге. Топ капитаны бағаны 50 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.
Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы»,-деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
№ 1 лот – жұмбақ
Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 50 теңге. Қай топ жоғары баға береді?
Сұрағы: Туыстарын шетінен, өбеді де бетінен.
Бала –шаға ұсағын, бауырына қысады. (магнит)
№ 2 лот Жанды нәрсе туралы…..
а) Көзі қырағы, жанған жарықта алыстан көреді
б) Жүрегіңнің қуаты 2. 2 Вт
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді
г) жердегі ең ақылды кім? ( адам)
№ 3 лот Ғалым туралы…..
а) Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген
в) Француз физигі электростатиканың негізгі заңын ашқан ғалым
г) зарядтың өлшем бірлігі ретінде алынған (Шарль Огюстен Кулон)
№4 лот «физикалық құрал»
Египет жерінде Хеопс пирамидалары бар екендігі белгілі. Бұл пирамидалр біздің ғасырымыздан бірнеше жыл бұрын салынған. Осы пирамидаларды салу кезінде қандай механизмді пайдаланды? Ол қалай жұмыс істейді?
№5 лот Зат туралы…. .
а) Адам организмнің 65 проценті
б) Заттың үш күйінің біреу
в) Үш күйде де бола алады
г) Жерде онсыз өмір жоқ ( Су)
№6 лот Қорапта бір физикалық дене бар?
а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады
б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура
в) Спортшы осы денемен дос
г) Шар тәріздес ( доп )
Жүргізуші: Осымен І тур аяқталды. Қорытындысын әділ-қазыларымыз айтсын. Жоғары капитал жинаған топ….
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа 10 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс жауап құны – 10 тенге.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.
Болашақ тобы:
1) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма? (жоқ)
3). Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
4) Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
5) Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол….? (инерция)
6) Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
7) дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
8) Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
9) Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. (паскаль)
10) Сүт қанша градуста қайнайды? (100 С)
«Эврика» тобы
- Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
2. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
3. неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
4. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
5. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
6. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор) - Ең кішкентай заряд? (электрон)
8. электр заряды жоқ бөлшек? ( нейтрон)
9. Жылдамдықты өлшеуге арналған құрал? (спидометр))
10. қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)
«Асыл тас» тобы
1) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
2) Табиғатты зерттеудің негізгі 3 әдістері? ( бақылау, эксперимент, теория)
3 ) Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)
4) Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )
5. массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
6. Аттас зарядтар бір біріне тартыла ма?( жоқ тебіледі)
7. Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама… (энергия)
- Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
10. ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
Жүргізуші: ІІ тур қорытындысын әділ-қазыларымыздан сұраймыз.
Енді, ІІІ тур Физикалық сөз құрастыру. Әр сөз 50 теңге
Электродинамика сөзінен сөз құрастыру.
Жауабы: электр, динамика, электрик, электрон, дене, ом, анод, катод, ион, иондар, метр, атом, динамометр т.б.
Жүргізуші: ІІІ тур қорытындысын әділ-қазыларымыздан сұраймыз.
ІҮ тур: Жабық лот. Әр топ қандай сұрақ екенін білместен жабық лотты сатып алады. Жабық лоттың құны сұрақтың оңай қиындығына байланысты.
100 — Шам, плита жұмысын жасай қалды.
Ал оның есептен – ақ басы айналды. (электр есептегіш)
200 – Тіршіліктің қамы үшін , жоқшылықты түзейді
Егер іскер жан үшін, жоқшылықты түзейді (жұмыс)
400 – атмосфералық қысымнан кем емес үлкен қысымды өлшейтін құрал. Латынның U әрпіне ұқсайды. Сұйықтық деңгейінің екі бағаны да бірдей, өйткені онда қысым бірдей. Ол қандай құрал.
600 – «Азықсыз адам алысқа бармайды» мақалының мағынасын ашу. Жауабы: адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану керек.
800 — Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдардан оңалықпен құтылмайтынын білген бай бәйбішесіне шай әкелуін бұйырады. Дастарханға шай да келеді. Бай мен Алдар Көсе әңгімелесіп отырып шайға көшеді. Бәйбіше екеуіне де ыстық шай ұсынады. Бай әңгімелесіп отыра бередіде, ал Алдар алдына келген шайға бірден бір ас қасық шекер салып, әңгімесін жалғасытаыра береді. Бай Алдардың ауызына қарап, біраз уақыт өткеннен кейін ғана ыдысқа шекер салады.
Сұрақ: Сонда қайсысының шайы тез суиды: байдың ба, алде Алдар Көсенің ба?
Жауабы: Алдардың шайы тез суиды, өйткені шекерді ыстық суға бірден салса, шайдың температурасы төмендейді. Ал шайға кейінірек салса, температурасы ауаның температурасынан сәл ғана өзгеше болады да, шай баяу суиды.
1000 – Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Олар келгенде бұл үйдегі апай сыртта бауырсақ пісіріп жатады. Алдар Көсе әңгіме айтып көп отырып қалады, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп, дастарханға қойып жатып былай дейді:
- Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріліп жасалған ыдысқа әдейі салып алып әкелдім.
Сонда көп білетін Алдар былай дейді:
- Жоқ қателесесіз: одан да бауырсақты ағаштан жасалған ыдысқа салған дұрыс.
Сұрақ: Алдардың берген кеңесі дұрыс па?
Жауабы: дұрыс. Ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суиды, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі темірдікінен аз.
Ү тур. Қатесін тап! Тапсырмалар топтарға беріледі. Дұрыс жауап – 500 теңге.
1. Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда ыстықтамау үшін қара киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен жағасымен жүріп отырдық. Құм құрғақ және таза екен, жүру өте оңайға түсті. Содан соң жол көк шалғынмен жалғасты, бұл жермен жүру қиындау болып, жылдамдығымыз азайды.
Алыстан отын шауып алып жатқан адамды көрдік, балтасының дыбысы бұтаққа тиген сәтте құлаққа келіп тұрды. Өзенге жетіп, ұйықтауға өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті, балалар өзенге түсіп шыққаннан кейін бірден жылынып сала берді.
Су түбінде бір үлкен тас жатыр екен, ұлдардың үшеуі әзер көтеріп судан шығарып жіберді.
Жүргізуші: Топтардың жауаптарын тыңдайық. Осымен сайысымыз өз мәресіне де жетті. Сайысты қорытындысын шығарғанша мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтағым келіп тұр.
1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген екен,- деген екен.
2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті — ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз».
3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. « Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» — деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.
4. Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен. Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап бергенде қонақтары таң қалыпты.
енді, әділ-қазыларымыздан сайыстың қорытындысын сұраймыз. Осындай көтеріңкі көңіл күймен сіздерге «сау болыңдар» демекпін.