Басы » Cыныптан тыс » Математика майталманы интеллектуалдық ойыны

Математика майталманы интеллектуалдық ойыны

Ақмола облысы
Шортанды ауданы
Бозайғыр орта мектебі
Закириш Гулмайра
Сабақтың тақырыбы:Математика майталманы интеллектуалдық ойын

Сайыс 4 «А» сыныбында өткізіледі. Барлығы 8 оқушы қатысады.
І тур: Бәйге. 20 сұрақ/10 ұпай/
ІІтур: Көкпар.
әр сұраққа 10 ұпайдан беріледі.
Кімде жоғары балл болса сол оқушы кезекпен алады. 2 сайыстың қорытындысынан кейін 2 оқушы ойыннан шығады.
ІІІ тур: :Дода
8 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 10 ұпай қосылады. Осы ойыннан кейін 2 оқушы кетеді.
IV тур: Ғажайып төрттік.
Әр пәннен 3 сұрақ қойылады, әр оқушы пәнді таңдайды. Әр жауапқа таңдаған ұяшығына байланысты ұпай беріледі.
Ана тілі
Қазақ тілі
Математика
Дүниетану
Осы ойыннан кейін ұпай саны аз  2 оқушы  кетеді.
V тур: Жорға.
Соңғы қалған 2 ойыншымен сұрақ — жауап жарысы өткізіледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Өткізілу барысы:
І тур: Бәйге
12 тәулікте неше сағат бар?

2.Бөлу амалының компоненттерін ата

3.Бөлу мен көбейту  қандай амалдар?

4.Көбейтуді қалай тексеруге болады?

5.Жақшасыз өрнектерде алдымен қандай амал орындалады?

6.1 ғасырда неше жыл бар?

  1. 3 тоннада қанша килограмм бар?
  2. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан ненің мәні өзгермейді?
  3. Кез келген санды қандай санға көбейткенде сол санның өзі шығады?

10.6 сағатта қанша минут бар?

11.15 километр неше метрге тең?

  1. Ауданның бірлігі.
  2. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
  3. Көбейтудің қандай қасиеттері бар?
  4. 1 дм-дің 1/5 бөлігі неше сантиметрге тең?

16.Тік бұрыш неше градусқа тең?

  1. Жылдамдықты қалай табуға болады?

18.Қашықтықты қалай табуға болады?

  1. Кубтың көлемін қалай табамыз?
  2. Қосу амалының қандай қасиеттері бар?

 

  • ІІ тур: Көкпар
    Сөзді есептер:
    3 қорапта 24 шар бар. осындай 5 қорапта неше шар бар?
    24: 3=8/шар 1 қорапта/
    8*5=40/ шар 5 қорапта/
    2. 18 қарындашты 3 қорапқа тең бөліп салды. 60 қарындашты салу үшін неше қорап керек?
    18: 3=6/қ/
    60: 6=10/қорап/
    3. Себетте 42 алмұрт жатыр еді. 5 бала келіп 3 алмұрттан алды. Себетте неше алмұрт қалды?
    42 — 5*3=27 /алмұрт қалды/
    4. Бірінші үйде 96 тұрғын, бұл үйдегі тұрғындар 2-ші үйдегі тұрғындардан 2 есе артық. Екі үйде неше тұрғын тұрады?
    96: 2=48/тұрғын/
    96+(96: 2)=144/тұрғын/
    5. Амалдар тәртібі.
    1) 800 -(36+64)х3=500
    2) 2х350+(50 – 10)=740
    3) 160: 4+(72 — 60)=52
    6. Теңдеу.
    1) а х 5= 9х10
    2) а : 5= 4х2
    3) 56 : х  = 7
    ІІІ тур: Дода
    1. Жұп аттар 20 км жүгірді, әр ат неше км жүгірді? /20км/
    2. Қайсысы жеңіл 1кг мақта ма, әлде 1кг темір ме? /екеуі де бірдей/
    3. Тауық 2 аяқпен тұрғанда 2 кг тартады. Тауық 1 аяғымен көтеріп тұрса неше кг тартады? /2кг/
    4. 2 әке және 2 бала 3 апельсинді өзара қалай бөлісіп жейді? Әр адам неше апельсин жейді? /1 апельсин/
    5. Бір үйдің 3 ұлы бар.3 ұлдың әрқайсысыныңбір әпкесі,бір қарындасы бар. Бұл үйдің баласы нешеу болғаны? 5 бала
  1. Үстелдің төрт бұрышы бар.Бір бұрышын кесіп тастағанда,оның неше бұрышы болады? 5 бұрыш
  2. 8 жұмыртқа 4 минутта піседі. 15 жұмыртқа неше минутта піскен болар еді? /4минутта/
    8. Бір жыл бұрын Қанат 6 жаста еді.4 жылдан кейін ол неше жаста болады?

11 жаста

IV тур: Ғажайып төрттік
Қазақ тілі.
1. Сөз таптары нешеу? /4/
2. Тұрлаулы мүше нешеу? 2
3. Сөйлемнің неше түрі бар? 3
Ана тілі.
1. Шоқан Уалиханов Омбыдағы кадет корпусына неше жасында түсті? /10 жасында/
2. Қазақ халқының атақты билері нешеу? /3/
3. Түн мен күннің теңелетін күні…/22 наурыз/
Дүниетану.
1. Айналадағы дүние тұстары нешеу? 4
2. Қазастан Республикасының рәміздері нешеу? 3
3. Картаның неше түрі бар? 3
Математика

  1. Ұзындық бірліктерін ата. /мм, см, дм, м, км/
    2. Масса бірліктерін ата. /г, кг, ц, т/
    3. 36 — ның ¼ бөлігі нешеге тең? 36: 4=9
    V тур: Жорға
    1. 1 жылда неше күн бар? 365,366 күн
    2. Ең үлкен бес таңбалы сан? 99999
    3. 72 ондық      720
    4. 146-дан кейінгі сан    147
    5. «есе кем» ұғымына қарама — қарсы ұғым       есе артық
    6. Бөлудің нәтижесі      /бөлінді/
    7. 1 жылда неше ай бар?   12 ай
  2. Көбейтудің компоненті.
    9. Математикалық амалдар. қосу, азайту, көбейту, бөлу.
    10. 1км — де неше метр бар?  /1000м/
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *