Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,Жұлдыз ауылы
№52Б Аралбаев атындағы орта мектебінің жоғары санатты биология пәні мұғалімі Жұпарбаев Тұрсынбек
7 сынып оқушысы Рахматулла Әсем
—Бесік бар ма? Бесік қай жерде сатылады?
деп көк базарда бір орыс келіншек бесік іздеп жүр.
-Оказывается весь мир в этом заложено,
-дейді күліп…
Бесік зиян болса, ол неге іздейді?
Өз бесігін бұ қазақ неге іздемейді?!…
Кіріспе
Бесік. Қазақтың коляскасы да, манежі де осы. Әрі таза, әрі жайлы. Кезінде « баланы бесікке бөлеу-рахит ауруына шалдықтырады»- деген де шолақ пікір болған .талай дәрігер бесіктің денсаулыққа «зияндығын » дәлелдеп баққан. «Бесікке бөленген баланың бұты талтақ болады» деген де жаңсақ пікір қоғамдық санаға таңылған. Кеңес үкіметі кезінде Бесіктен бездіру, бесіктен безендіру саясаты жүрді..
Бесікті лақтырып жіберген….
Бесікті өртеген…..
Бесікті балтамен шапқан.. да қазақтар болды
Біз кезінде бесіктен безіну арқылы өзімізден –өз мәдениетіміз бен дәстүрімізден
1. Қазақтық қалпымыз бен ата салтымыздан
2.ұлттық рухымыз бен ұлттық сипатымыздан
3Өз жөргегімізден безінгенімізді білмей қалыппыз
«Ел болам десең ,бесігіңді түзе» деп неге айтты Әуезов ?
Біз бесігіміз бен тілімізді түзеудің орнына сол бесікті күзеп тастадық
Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста жоқ. Ара-тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып қалғаны өкінішті.
Бесік— нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек .Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды.. Түбектің түбіне күл салып, жиі- жиі ауыстырып отырады. Шүмек қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек, қолбау тізебау тізе жастық, бесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік ,аспалы бесік(әлпеншек) деген екі түрі кездеседі.
Бесіктің жасалуы
Қазақта бесік қасиетті,киелі құтты мүлік болып есептеледі. бесіктің жасалуы мен басқа да жабдықтарына тоқталсақ: қазақ бесігі талдан, қайыңнан иілсе, бұрышы имек болып, ал қарағайдан жасалса, тік бұрышты болып келеді. Иіп әуелі бесік қазақ бесігінің негізгі түрі. Ең әуелі бесіктің екі басын тұтас қайыңнан, талдан иіп не төрт бөлек қарағайдан қиыстырып доға тәрізденіп жасайды да, оның алрақтарының ортасынан бір шабақ салып, шабақтар үстіне тақтай төсеп, оның түбек орнататын жерін дөңгеленіп ояды. Бесіктің доға тәрізденген екі басы дәл төбесінен жіңішке жұмыр арқалықпен біріктіріледі. Бесік бөлшектері бір-бірімен желім, ағаш шегелер арқылы бөрік қиыстырылатындықтан, тербетіп қозғаған уақытта сықырлаған бөтен дыбыс шықпайды. Бесіктің әр басының аяқтарын дөңес табанмен біріктіру, оның зіркілсіз, жұмсақ тербетіліп, баланың мазасын алмау жағын қарастырғандық.
Бесік арқалығы: біріншіден, оның үстіне жапқан көрпені баланың бетіне түсірмеу үшін; екіншіден, бесікті тербету үшін; үшіншіден, оған әртүрлі сылдырмақтар, ойыншықтар іліп тұмарлар тағу үшін аса қолайлы. Бала бесікте ояу жатқан кезде сол сылдырмақтармен ойнайды. Ол үшін оянған екі қолын бос қояды.
Көшпелі ата-жұрттың дәстүрін жалғастырушы қазақ халқы бесікті көпке дейін сақтап, бірден бірге мұра есебінде қалдыра береді. Кездейсоқ жағдай болмаса өздігінен оны сындырып отқа жағуға болмайды.
Қазақ халқы көшпелі өмір сүргенімен де әр мүлікті қастерлеп, оларға өзіндік ырым-тиымдар жасайтын болған. Біреулерден ауысып келген немесе жаңадан жасатқан бесікке ең алғаш бөленген бала қайтыс болса, оны ешуақытта пайдаланбайды, бесікті шетінеген баланың қабіріне бірге апарып қояды. Бесіктің екі жақ басында, арқалығында қыздырылған темір басып қарыған таңбалар өте көп кездеседі. Бұл да дінге сену, отқа табынудың бір түрі. Бесікті қару әдеті баланы алғаш рет бесікке саларда, бала әлде қалай ауырып қалған жағдайда жасалады. Көбінесе қыздырылған шүмшеуірмен қарылады.
Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті «бесік зиян…» дейтіндер де бар. Бұл баяғы кеңестен қалған көзқарас. Кешегі кеңестiк дәуiрде мединституттың оқытушылары шәкірттеріне бесікті жамандап оқытатын арнайы тапсырма болған. Ол заманда жек көрген нәрсеңізді «ескіліктің қалдығы» десеңіз жетіп жатыр . Дәлелдің қажеті жоқ. Сөйтіп, бесік қолданыстан шығып қалды. Әйтпегенде, жүздеген ғасыр сынақтан өткен бесікті пайдасыз деп кім айтады?
Бесіктің пайдасы
Оның ұрпақ үшін оның пайдасы ұшан теңіз Айталық:
Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.
Екіншіден – баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етеді. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.
Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.
Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.
Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.
Алтыншыдан – бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі.
Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.
Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды.
Бұлар бесіктің толып жатқан пайдасының бір парасы ғана. Бесікті пайдаланбау арқылы қаншама ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз. «Бесікке салу», «Тыштыма», т.б. жоғалды. Үлкен жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» дегенді тегін айтпаған шығар
Баланы бесікке салу дәстүрі.
1.Бесіктің жабдықтарын орын – орындарына қою
Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші – қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік жабдықтарын орын – орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.
2.Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.
Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.
3.«Тыштыртыма» ырымын жасау
Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тарамағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде, қасындағы әйелдер іле – шала «тыштым» деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім.
4.Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.
1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек.
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар.
1. Бос бесікті тербетуге болмайды.
2. Бесікті сатуға болмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.
3.Кез келген адамға беруге болмайды.
4.Аяқ астына тастауға болмайды.
5.Бесіктің өзін отпен аластап қояды.
6.Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.
7. Бесіктің теріс жағына отырмайды.
9.Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.
Хадистегі бесік жайында ілімдер
Жатырдағы бала бұл құбылыстардың барлығын анасының денесі арқылы қабылдайды. Ал туғаннан соң аяғы шығып, өздігінше жүріп бейімделгенге дейін, оның денесі табиғи түрде қажетті тербеліске түсіп отыруға тиіс. Мұны іске асыратын нәрсе – тек қана бесік. Сондықтан бесікті орысша «колыбель» (тербелетін құрылғы) деп атайды. Отырықшы халықтарда, мысалы, орыстарда аспалы бесік (люлька) болған. Олар оны төбеге ілмектей бекітіп, тербетіп отырған. Ал көшпелі халықтарда, мысалы, қазақта көшіп-қонып жүруге ыңғайлы етіп тал бесік жасалған.Емшектегі бала бесікте жатса, оны қоршаған кіші кеңістікте (микроортада) өсіп-жетілуіне керек барлық физикалық жағдайлар, соның ішінде, ең негізгісі – жылу тұрақтылығы сақталып, заттар алмасу үдерісі қалыпты деңгейде өтеді. Сондықтан, дені-қары сау болуы үшін бөбек бесікке бөленуі қажет. Бұл туралы Құранда мынадай сөз бар: «Мәриям баланы көрсетті. Олар: «Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?», – деді». («Мәриям» сүресі, А-29). Аятта Иса пайғамбардың анасы Мәриям пайғамбарды бесікте тәрбиелегені анық айтылған. Бұл мысал – бөбекті бесікке өсіру керек екенінің бір дәлелі.
Бесік туралы жұмбақтар
1.Сәбиге сәнді үй-
Әжеге ән мен күй./Бесік/
2.Бесікке іледі,
Әнін де,
Дәмін де
Сәбилер біледі./Сылдырмақ/
3.Шүберек қабығы,
Іші құс мамығы./Жастық/
Бесік жырлары
Әлди, әлди, әлпешім!
Ұйықта деймін, ұйықтайсың.
«Мә-мә» берсем қайтесің,
Ұйықта десем, ұқпайсың.
Жоқсың бүгін көз ілген,
Көп ісімнен бөгедің.
Жаудыраған көзіңнен!..
Ұйықтай қойшы, бөбегім.
Әлди,әлди, әлди-ді,
Әлди біздің қалғиды.
II
Ұйықта десем, күлесің,
Айналайын күлкіңнен!
Ер жеткен соң білесің,
«Тұр-тұрлармын» бір күн мен.
«Кешіктің, — деп, — сабақтан»,
Тыншыңды алсам «тұр-тұрлап»,
«Жоқ қой әлі таң атқан», —
Деп жүрмеші бұртындап.
Әлди, әлди, әлди-ді,
Әлди біздің қалғиды.
III
Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой
Ұйықтайтын бұл шағыңда.
Қызық өмір — думан той
Тұр ғой күтіп алдыңда.
Ұйықтап өткен не табар
Бұл өмірге бекер кеп?
Ұйықта, бөпем, ұйықтап ал,
Ер жеткен соң бол сергек!
Әлди, бөпем, бөпемсің,
Кім боп шығар екенсің?
IV
Күлімдейсің — күнімсің,
Батар дағы күн шығар.
Уілдейсің — күйімсің,
Күй де бір кез тыншығар.
Сен де тынық бір мезгіл,
Толқып кана жат, бөпем.
Аспанымда жүзе біл,
Айым менің — ақ бөпем!
Әлди, өлди, әлдиім,
Назды, нәзік ән-күйім!
Қорытынды:
Бәрін айтпай –ақ қояйық, төл теңгемізде бейнесі бар әлемдегі екінші ұстаз, екінші Аристотель атанған Әл Фараби де бесікте жатқан:
Сөзің пірі Сүйінбай .. мен аққан жұлдыздай жарқ еткен ғұлама Шоқан да бесікке бөленген:
Қазақтың қамын жеп, қартаймастан қайғы ойлаған қайран Абай да әжесінің ертегісі мен апасының әлдиін естіп бесікте жатқан:
Ұлт басына туатын әбігердің қайда жатқанын әріден ойлаған Әбілхайыр хан да бесікке таңылған:
Қазаққа қорған болған айбынды ер Абылай хан да шүмек пен түбектің түбінен шыққан
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.!Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы,
2.Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері – Алматы, Қазақстан,
3.Көкшеева З. Бесік жырлары – эстетикалық мәдениетті қалыптастыруы
4.Өмешұлы Ә. Бесіккее бөлеу зиян ба? Парасат, №7
5.Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері, Алматы, 2004 ж.