Басы » Бастауыш сыныптар » Жер беті қалай өзгереді?

Жер беті қалай өзгереді?

Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып пәні  мұғалімі   Ыкласова Тарбияның  4«Ә» сыныбына арналған дүниетану пәнінен   қысқа мерзімдік жоспары

  

Сабақтың  тақырыбы:  Жер беті қалай өзгереді?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өзіндік пікірін ашық айта алатын, дәлелдей алатын, өз іс-әрекетіне жауап  бере алатын құзіреттілікке дейін жеткізу.

Міндеті :

Б.   Үгілген тау жыныстарын бір жерден екінші жерге ағын су,жел, мұздық алып баратыны туралы мағлұмат беру.

Д.  Құрлық бетінің түрлері және үгілуі,жер бетінің бұзылуы туралы түсінік қалыптастыру   және сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу.

Т. Жергілікті жер беті қандай күштердің әсерінен өзгеретіні жөнінде түсінік беру

Оқытудың нәтижелері:

  1. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіне отырып, тереңірек ойлауға дағдыланады.
  2. АКТ-ны пайдалану арқылы жаңа түсініктер қалыптасады.
  3. Сыни тұрғыдан ойлау модулі бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында идея, жоспарлар, тәжірибенің қорытындысы турасында пікірлер қалыптасады.
  4. Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай отырып, қорытынды жасай алады.
  5. Топпен жұмыс барысында оқушылардың таланттылығын анықталады, яғни көшбасшылар анықталады.

Қамтылатын модульдер:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), 2-модуль СТО. Әдіс: Ассоциация, суретпен жұмыс, топтастыру, 3-модуль –бағалау, 4 –модуль-АКТ пайдалану (электрондық оқулық), .7 модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Интерактивті тақтамен жұмыс
  3. Топпен жұмыс.
  4. Рефлексия
  5. Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Ұйымдастыру
  2. Психологиялық тренинг. « Шаттық шеңбері» тренингі.
  3. Оқушының зейінін сабаққа аудару
  4. Топқа бөлу, ережесімен таныстыру, басшы,бақылаушы, хатшы,репортер баяндаушы тағайындау.
  5. Мәтінді тарату
  6. Деңгейлік тапсырма

 

Ұйымдастыру бөлімі;

 

 

І.Үй тапсырмасын тексеру

1- тапсырма. Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Диалог арқылы оқыту.  (Мерсер 1995)

 

І топ

Үгілу дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІ топ

Тау жыныстарының бұзылуына  су қалай әcер етеді?

III топ.

Қатты тау жыныстарына жарықшақ қалай түседі?

IV топ

Өсімдіктер қатты тау жыныстарын қалай бұзады?

 

 

 

2-тапсырма. Модуль АКТ-ны пайдалану.

 

1-Суретке назар аудар.

-Бұл  не? СТО модулі «Миға шабуыл»

3-тапсырма.

ІІ- Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.

Модуль СТО. Әдіс: Суретпен жұмыс.

 Көктемде өзен тасығанда қандай құбылыстарды байқадыңдар?

Таулардағы жыра қалай пайда болды?

Құм төбелер ненің әсерінен үгілген?

Табиғаттың сыртқы күші нелер?

 

4-тапсырма бекіту сұрақтары. Модуль: СТО. Әдіс: топтастыру «Жер беті қалай өзгереді?»

деген тақырыпта постер  қорғау.

.

1-қадам: сызбаны     толтыру:

 

Білемін Білгім келеді Үйрендім
     

2-қадам: оқушылармен алғашқы екі бағанды толтырамыз:

Жер бетінің өзгеруі туралы не білесіз? Не білгіңіз келеді?

3-қадам:  оқушылармен мәтінді оқу, бұрыннан таныс  және жаңадан танысқан түсінікті табу.

4- қадам: жаңадан алған білімдерімен сызбаның соңғы бағанын толтыру.

5-қадам: екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын топта талқылау

ІІІ  Қорытындылау

 

2.Тестік тапсырмалар

  • 1.  Тау жыныстарының бұзылуын не деп атайды?
  • а) үгілу;    ә) жер сілкіну;
  • б)  су тасқыны;
  • 2.  Тау қандай тау жыныстарынан тұрады?:
  • а) жұмсақ;  ә)  борпылдақ
  • б) тығыз әрі қатты;
  • 3. Жазық жерлер не үшін қолайлы?
  • а)  шаруашылық; ә)  теңіздер;б)  таулар;
  • 4.  Медеу мұз айдыны қайда орналасқан?
  • а)  кіші Алматы шатқалында; ә)  Астанада;
  • б)  Атырауда;
  •  5.Тау жыныстарының  бұзылуы қандай күштердің әсерінен болады?
  • а)ішкі және сыртқы күштердің әсерінен; ә)мұхиттардың б)жануарлардың
  • 6 .Қазақстанда қысқы Азиада ойындары қай жылы болды?
  • а) 2010  ә)2011  б)2012
  • 7 Жазықтар қалай бөлінеді?
  • а) таулы және қыраттыә)тегіс және төбеліб)гүлді және орманды
  • 8 Бетінде төбе көп кездесетін жазық қалай аталады?
  • а )таулы жазық ә)төбелі жазық б) гүлді жазық

 

Бағалау .  Смайликтермен бағалау.

 

Үйге тапсырма. Жер беті қалай өзгереді?     мазмұндау, деректер жинау.[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *