Түйтенова Айдана Еркінқызы бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Сандардың нумерациясы (оқу, жазу, жіктеу, салыстыру, разрядтар атауы, бірліктер класы, мың − жаңа класс бірлігі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушылармен 3 сыныпта өткен материалдарды қайталау, пысықтау. Сандардың нумерациясы жайлы білімдерін пысықтау. Сандарды оқу, жазу, жіктеу, салыстыру біліктерін пысықтау. Оқушыларды разрядтар атауы, бірліктер класы, мың − жаңа класс бірлігімен таныстыру.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік:
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі..
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.
Түсіндірме мәтінмен жұмыс. Натурал сандар және шамалар, олармен жүргізілетін амалдар
- Сандарды ата және жаз:
— ең кіші екі таңбалы сан;
— ең кіші үш аңбалы сан;
— ең үлкен екі таңбалы сан;
— ең үлкен үш таңбалы сан.
- Арасында қалып қойған санды ата:
— 545, 546, 547, 549, 552, 553, 555, 558, 559, 560, 563, 565
— 0 мен 565 санының арасында неше сан бар?
— 565 пен 1000-ның арасында неше сан бар?
- Салыстыр:
384 *385 600 * 598
749 *649 758 *738 3м 2дм 4 см * 324 см
592 *596 400 *398
635 * 735 865 * 845 2 м 3 дм 5 см * 235 см
4,5 тапсырмаларды орындау.
Кез-келген бір таңбалы санды жаз және оқы. Сол санның соңына біл нөлді тіркеп жаз. Шыққан санды оқы. Берілген сан артты ма, кеміді ме? Егер артса, неше есе артты?
Шыққан санға тағы бір нөл тірке. Шыққан санды оқы. Берілген сан артты ма, кеміді ме? Егер артса, неше есе артты? Шыққан сандарды салыстыр.5. Кестемен жұмыс.
Жүздіктер
|
Ондықтар
|
Бірліктер
|
Санның оқылуы |
5
5 5 5 |
3
3 |
8
8
|
Бес жүз отыз сегіз
Бес жүз отыз Бес жүз сегіз Бес жүз |
Разрядтар және олардың бірліктері
Жүздіктер
|
Ондықтар
|
Бірліктер
|
Санның оқылуы |
3 -разряд
бірліктері |
2 -разряд
бірліктері |
1 -разряд
бірліктері |
|
3
3 4 3
|
4
4 0 0
|
7
0 7 0
|
Бірліктер, ондықтар және жүздіктер бірінші класты құрайды. Оны бірліктер класы дейді.
А) 999 неше таңбалы сан?
Осы санда әрбір разрядтың неше бірлігі бар?
Оңнан солға қарай санағанда, бірінші орында жазылған 9 цифры нені білдіреді?
Екінші орындағы 9 ше?
Үшінші орындағы 9 цифры ше?
ә) 999 санын жүздіктердің, ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жаз
б) 999+1=1000
Мың – екінші кластың, яғни мыңдар класының бірлігі.
- Есепті шығар.
«Жетісу» лагерінде – 300 оқ.
? оқушы демалды «Сарыарқа» лагерінде — ? оқ, одан 100 оқ. артық
300+ (300+100)=700 (оқ.) – барлығы
Жауабы: лагерлерде барлығы 700 оқушы демалды
- Тез есептеп үйрен:
(49:7×5+1):9×3
(7×8+7) :9×3:7
28:7×4:2×3:6
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау[bws_related_posts]