Басы » Cыныптан тыс » Ауған соғысы — қасірет соғысы

Ауған соғысы — қасірет соғысы

Тараз қаласы әкімдігінің №56 орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі Салима Алимбекова

Ашық сынып сағаты

 

Тақырыбы:  Ауған соғысы — қасірет соғысы

Мақсаты: Ауған соғысының тарихымен таныстыру. Соғыстың қасіретін ұғындыру

Міндеттері:

  1. Өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету.
  2. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:  плакат , суреттер, нақыл сөздер, шарлар

 

Сабақ барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу.

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халыкта

Кім айта алар

Болмаған,-деп-Әнұран?!

Әнұран орындалады.

ІІ. Негізгі бөлім

І- жүргізуші— Қайырлы күн, қымбатты қонақтар!

ІІ- жүргізуші: 1979ж желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс -зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубәт жылдарымен орын алған зұлматтың бірі- Ауған соғысы.

 

Нұрлан: Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлық , қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.

 

  Азамат: 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.

  Нұрлан:Жау дейміз -ау, қолдан жасап жауыңды,

Саясаттың солақайы уландырған тамырды

Бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды кезеңі еді.

 

    Азамат:Тарихта сәуір төңкерісі деген атпен қалған 1978ж 27 сәуір күнгі оқиға Ауғанстандағы шахтық режимнің құлауымен бірге, соғыс өртінің өршуіне алып келді. Осы революцияны социалистік бағытқа бұру үшін Кеңес Одағының басшылығы Ауғанстанға әскер енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл -ешкіммен ақылдаспаған, қарапайым халықпен санаспаған шешім еді.

 

 

  Нұрлан:1979ж желтоқсан айында Ауғанстанға Кеңес әскерлері енгізілді. Ауғанстан Республикасының интернационалдық мақсатты ұстанған әскерилердің құрамында 4 дивизия, 5 жеке бригада, 4 жеке полк, 4 авиациялық, 3 тікұшақ бөлімдері, 1 сумен қамтамасыз ету бригадасы, бірнеше шекара мен ішкі істер әскерлері, аты аңызға айналған 40-шы армия, жалпы саны 620 мың Кеңес әскерлері ауған жерінде бейбітшілік орнату үшін қатысты.

Азамат: Өкінішке орай сол кезде Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанды бұл қанды соғыс сырт айналып кеткен жоқ. Қазақстаннан 22 мың сарбаз бен сардарлар аттанды.Соғыс жылдарында 500 мың ауғанстандық және 14453 кеңес сарбаздары ұрыс даласында қаза тапты. Олардың 761-і Қазақстанның үлесіне тиді. Бірнеше мыңдағаны мүгедек болып қалды.

 

  Нұрлан: Дұшпан қолында қалған және із-түзсіз жоғалған 417 кеңестік жауынгердің 21-і қазақстандықтар, ауған жерінде 70 жамбылдық қаза тапқан. 1 жігіт хабар-ошарсыз кетті.

  Азамат:

Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқаста қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің арамызда. Олардың біреуі бүгін біздің қонағымыз. Ол- Қиялов Тобағабыл ағамыз.

 

  Жанерке:   Армысыздар, ауғандық жауынгерлер,

Жырым бар, жараланған, жаныңды емдер.

 

Өлгендердің  жәннәттә болсын жаны

Тірілерің мың жаса дәуірлеңдер!

Ерлік қылған ағаларым, аспанасты, жер үсті,

Біз сәндікке кигенбіз шалбар менен бөрікті

Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,

Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

 

Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып

Әндететін кезің еді төс керіп,

Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,

Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып

 

Бағдәулет:

Отан үшін отқа тос кеудеңді

Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді.

Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді.

Жебейді олар аруағымен сендерді

Аналардың көл боп аққан көз жасы

Жетім-жесір тағдырларын ойлашы

Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз

Елі үшін құрбан болған ер басы.

 

 

Нұрлан  : Бұл жарияланбаған, жұмбақ соғыс,  жеңімпазы жоқ соғыс 1989ж 15 ақпанда аяқталды. Сол күні Кеңес әскерлері Ауған жерінен түгелдей шығарылып бітті. Биыл осы соғыстың аяқталғанына  25 жыл толып отыр.

Азамат:  Қазақстандықтарда ел аузында «Жұмбақ соғыс» аталып кеткен жан алып, жан беріскен қырғында отансүйгіштіктің, патриотизмнің ерен үлгісін көрсетті. Оның ішінде Жамбыл облысынан азаматтық борышын өтеуге шақырылған мыңдаған жауынгер Кеңес Одағының әр қиырындағы әскери бөлімдерден аттанып, ауған жерінде қан-қасапқа түсті. Оның 68-і жарияланбаған соғыстың құрбанына айналса, Сарысу ауданының Саудакент ауылының тұрғыны Ораз Исқақов хабар- ошарсыз кетті.

  Нұрлан: Қазір облысымызда 1250 ауғандық жауынгер болса, оның 89-ы екінші топтағы мүгедектер. Ауған соғысында 12 жерлесіміз жауынгерлік «Қызыл жұлдыз» орденімен, 141-і «Ерлігі үшін» және «жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған.

 

Азамат: Сонымен қоса барлық жауынгерлер «Ауған халқының ризашылығы», «Жауынгер- интернационалист», «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл» медальдарын иеленген. 2003 жылы ауған соғысында қаза тапқан ауғандық жамбылдық жауынгерлерді мәңгі есте сақтау мақсатында «Боздақтар» атты кітабы шығарылды. Тараз қаласында ауғандық қаза тапқан  жауынгерлерге арнап ескерткіш орнатылды.

 

 

  Нұрлан: Республикамыздың Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Өлгендерді тірілту ешкімнің қолынан келмейді, ал оларды есте қалдыру- біздің қасиетті борышымыз» деген болатын. Ауған соғысы ардагерлерінің егеменді еліміздің нығаюына , кемелденіп- өркендеуіне қосқан үлесі шексіз. Демек, біз жас ұрпақ осы ағаларымызды құрметтеп, әрқашан үлгі тұтуымыз керек. Ауғанстан жерінде ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!

Азамат: Бүгін халқымыз үшін айтылы мереке- қанды соғыстың аяқталып, сарбаздарымыздың аман-есен елге оралып, бейбіт өмірге кірген күні. Бұл күнді тек өлең-жырмен атап өту парызымыз. Ендеше ендігі кезекті өлең-жырға береміз!

Ән  « Көгершіндер маршы»Орындайтын Қозыев Қайсар

Жанерке:

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін          Достым, білгің келе ме? Отан-сенің ата-анаң

Отан-досың, бауырың,

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-аудан,ауылың

Отан-тарих, Отан-тіл, Жасаған елің, өз халқың! Отан-өлең, Отан-жыр Көтерген көкке ел даңқын. Отан-осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

Отан деп өсіп жан-жағың, Оны ардақтап, сүйе біл!

 

Әлімхан :

Әуелің Отан-ана алды

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

 

Нұрайлым:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан»-деп сыбырлаған

Жаным менің, кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен.

 

Аяулым:

Отан!

Отан!

Сен болмасаң не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксуменен өтер ем

 

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірде оңбайды.

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға сол қайғы!

 

Күн көреді әкесіз де, анасыз ,

Өмір сүрер  әйелсіз де, баласыз,

Ал, Отансыз-

Нағыз сорлы панасыз?

Білесің бе,

Отанның сен не екенін?

Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.

Екі Отан жоқ.

Жалғыз Отан -мекенің.

 

 Ән «Атамекен».

 

Роза : Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида кып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жары, дос-жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпактарына рухы жар болып жататын топырағы.

 

Жансая : Сақтады олар елін, жерін, қонысын

Актады олар азаматтық борышын

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерге-майдангерге

Иейік біз барлық жерде

Басымызды сол үшін.

 

Азамат : Сапқа тұр, ақ ниет адамдар

Кел қосыл бейбітшіл шеруге

Тыныштық жауларын жеңуге.

Бейбіт күн тулары самғасын

Тыныштық тулары шарласын,

Жетім боп ана мен балалар,

 

Ойран боп от басы қалмасын.

Жол берме соғысқа азамат

Сен ғана тыныштық корғаны.

 

Жансая:

Отанның намысы үшін оттан қашпа,

Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа.

Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,

Өмірің орынсыз боп кетпес босқа».

О, дариға, алтын бесік — туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр

Отан!

Қайсар ар-намысым, жайсаң іңкәр шапағым

Перзентке жүктеген қорғанысын,

Сен намыстың ну қалың орманысың.

Сол үшін шыңнан заңғар атағың

Тұлғасына табындырған,

Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған,

Менің ұлы әкем сенсің, Отаным!

 

Зарина :

Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,

Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.

Ардагерлер-естелігі ерлііктің,

Ұрпақтары-бұтақтары,

Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.

 

Би «Қамажай» Орындайтын Төребекова Нұрайлым

 

Айдос : Туған жердей жат жердің болмайтьны-ақикат,

Оған көңлің толмайтыны-ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны-ақиқат.

 

 Шерхан : Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң.

 

Данияр: Қызығы балалыктың тарқамаған,

Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан

Аттанып қан майданға сендерсің ғой

Соғыстың бар азабын арқалаған.

 

Аяулым, Роза, Жансая, Жанеркенің  орындауында ән: «Туған жер».

 

ІҮ. Құттықтаулар.

 

 

 

 

 

 

 

Тараз қаласы әкімдігінің №56 орта мектебінің тарих пәнінің

мұғалімі Салима Алимбекова

Ашық сыныптан тыс сабақ

 

Тақырыбы: Қазақ хандығына -550 жыл.

Мақсаты: Оқушыларды туған жердің тарихымен тереңірек таныстыру. Оқушылардың

білімін , ойлау қабілетін арттыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды  Отанын, өз тарихын сүюге , қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, суреттер, сұрақтар жазылған парақтар.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу. Сыныпты екі топқа бөлемін. Ойынның шарттарымен, мақсатымен таныстырамын.

Ойынның жоспары:

  1. «Қанат қақты» Топ басшылары жеделдетілген 10 сұраққа жауап береді.
  2. «Самғау» Әр топқа 2 сұрақтан қойылады
  3. «Шарықтау» Топ жанашырларына 1 сұрақтан қойылады
  4. «Шырқау» Әр топқа 3 сұрақтан қойылады
  5. «Жерұйық» Жеңген топқа қалауынша 1 сұрақ

 

ІІ. Негізгі бөлім

І     «Қанат қақты»

«Жәнібек хан» тобына сұрақтар:

  1. Биыл қандай жыл деп жарияланды? Қазақ хандығының 550 жылы
  2. Ең алғашқы қазақ ханын ата Керей
  3. Қазақ хандығы ең алғаш рет құрылған жер Қозыбасы
  4. Қасым ханның заңдар жинағы? «Қасым ханның қасқа жолы»
  5. Абылай ханның шын есімі кім? Әбілмансұр
  6. 1680-1718жж билік құрған хан?  Тәуке хан
  7. Ақ Орданың астанасы қай қала болған? Сығанақ
  8. «Диуани хикмат» кітабының авторы кім?  А. Йассауи
  9. Тәуке хан үш жүздің басын қосып құрылтай өткізген жер? Күлтөбе
  10. Қазақтар мен қырғыздардың ханы деп қай ханды айтқан?               Хақназар

 

«Керей хан» тобына сұрақтар:

  1. Биыл Ұлы Жеңістің неше жылдығы? 70 жылдығы
  2. Жаулап алу, қырғын соғыс арқылы емес, жергілікті экономикалық этникалық негізде құрылған мемлекет? Қазақ хандығы
  3. Қазақ хандығының құрылуы туралы дерек қай тарихи шығармада кездеседі? «Тарихи Рашиди»
  4. «Жеті Жарғы» қай ханның тұсында жазылды? Тәуке хан
  5. «Сәйгүліктер патшалығын» ата. Түрік қағанаты
  6. «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің авторы кім? М. Қашғари
  7. 1511-1518жж ел билеген хан? Қасым хан
  8. Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы болған қала? Сарайшық
  9. Өзін қазақ пен қалмақ ханымын деп жариялаған хан? Тәуекел
  10. XVII ғ бір мезгілде билік құрған екі ханды ата. Есім хан мен Тұрсын хан

 

 

  1. «Самғау» бөлімі

 

  • сұрақ

Қытай деректері бұл мемлекетті: « Шығысынды ғұндармен, батыс жағында кангюй елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі»,-деп суреттеген. Ол б.з.б. ІІ ғасырда Қытай мен Батыс Еуропа елдерінің арасында сауда , мәдени қарым-қатынастардың күретамыры іспеттес еді.

Сұрақ: Бұл қай мемлекет?

Қосымша көмек: Оның патшасын «гуньмо» деп атаған.

Дұрыс жауап: Үйсін мемлекеті

 

2-сұрақ

Бұл мемлекетті қытайлар Юебань деп атаған. Ол б.з.б. ІІ-І ғғ-б.з. V ғғ өмір сүрген. Олар Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың түркіленуіне, бет әлпетінің моңғолдануына біршама әсер етті. Мемлекетті әскери басшы- тәңірқұты басқарды. Бұл мемлекет тек Қазақ жерінде ғана емес , сонымен қатар Рим империясының тарихына да әсер етті.

Сұрақ: Бұл қай мемлекет?

Қосымша көмек: Ол мемлекет халықтардың Ұлы қоныс аударуына әсер етті

Жауап: Ғұндар

 

3-сұрақ

Бұл мемлекет Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жер, Алтай, Сібір, Әмудария, Еділ, Жайық өзенінің төменгі ағысы аралығын қамтыған. Орталығы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Билеушісі қағаннан бастап ру-тайпа басшыларына дейін 28 дәрежелі лауазым иелері болған. Оның құрамында он тайпа болған.Бұл мемлекет 704 жылы ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерінен ыдырап кетті.

Сұрақ: Бұл қай мемлекет?

Қосымша көмек: Ол «он-оқ бұдын» деп аталған

Жауап: Батыс Түрік қағанаты.

 

 

4-сұрақ

Сөз болғалы отырған мемлекет Х-ХІ ғасырларда Жетісуда қалыптасты. Әулеттің негізін салған кісі 942 жылы Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялады. Х ғасырдың аяғында Саманилер мен Бұхарды жаулап алды .

Хl-Хll ғасырлардан бұл мемлекеттің илігі батыстағы Мәуереннахрдан шығыстағы Қашқарға дейін созылып жатты.Хl ғасырдың 30-шы жылдары мемлекет 2-ге бөлінді.Батыс хандық Мауереннахрды қоса Ходжентке дейінгі жерде орнады. Астанасы- Бұхар. Шығысында Тараз, Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу, және Қашғар кірді. Астанасы-Баласағұн.

Сұрақ: Бұл қай мемлекет?

Қосымша көмек: Негізін салған-Сатұқ Боғра хан

Жауабы: Қарахан мемлекеті

 

III. «Шарықтау»   (жанашырларға сұрақ)

 

1-сұрақ

Бұл- қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі. Ол кісі 1886жылы бұрынғы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) уезіне қарасты Шоқай ауылында дүниеге келген. Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Торы тармағына жататын Шашты руынан тараған текті әулеттің ұрпағы. Терең білімді, өз халқының азаттығы үшін күрескен. Оның алғашқы қоғамдық жұмысы-1914ж

Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен 4 Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының хатшылығы , Уақытша үкіметтің сыртқы істер министрі, Мұхаммеджан Тынышбаев отставкаға кеткен соң , оның орнына Бас министр қызметін атқарады. «Алаш» партиясының мүшісі. Ол 1941ж Берлиндегі «Виктория» ауруханасында құпияға толы жағдайда қайтыс болды. Сүйегі Берлин қаласындағы мұсылмандар бейітінде жерленген.

Сұрақ: Бұл кісінің есімі кім?

Қосымша көмек: Гитлердің өзі бұл кісіні жоғары бағалаған

Жауап: М.Шоқай

 

  • сұрақ

Бұл 1912-1993жжөмір сүрген аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Ол өз замананың ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын дамыту үшін айтулы еңбек сіңірді. Асыл азамат 1993ж 22 тамызда 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Сұрақ: Бұл қай қайраткер туралы айтылады?

Қосымша көмек: Ол кісі 1964-1986 жылға дейін Қазақстанды басқарған

Жауап: Д.А. Қонаев

 

  1. « Шырқау»
  2. Қазақтың атақты хандарының бірі , XVI ғасырдың басында Қазақ хандығын басқарды.Хандықтың жерін кеңейтіп, халқын көбейтті. Ол билеген тұста Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде халықаралық қатынасқа араласа бастайды. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған- Мәскеу мемлекеті. Қарқынды даму жолына түскен Қазақ елі туралы мәлімет Батыс Еуропаға да жетті. Осы ханның қызметі мен өмірі жөнінде жазған Қадырғали би: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса беделді болғаны осы хан еді. Ол Жаған бикеден туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уалайаяттарды өзіне қаратты… Ақыры, Сарайшықта өлім тапты…» деп жазды.

Сұрақ:  Бұл қазақтың қай ханы?

Қосымшат көмек: Ол 1511-1518жж ел билеген.

Жауап: Қасым хан

 

2-сұрақ

Қазақтың тағы бір атақты хандарының бірі. Қасым ханның баласы, әкесінің жолын жалғастыра отырып, көрші елдер арасында Қазақ хандығының ықпалын арттыра түсуге күш салады. П.И.Рычков: «Бұл хан хандық мәртебеге көтерілген соң күшейгені соншалық, тек ноғайларды ғана емес, Башқұрт елін, Қазан, Сібір және Астрахан патшалықтарын, Бұхараны, Хиуаны, Ташкенді және басқа көптеген қалаларды өз билігіне қаратты және олардан алым-салық жинатты»,- деп көрсетеді.

Сұрақ: Бұл қазақтың қай ханы?

Қосымша көмек: Ол ханды 1580ж Баба сұлтанның жіберген астыртын адамдарының қолынан қаза табады.

Жауап: Хақназар хан

 

 

3-сұрақ

Келесі сөз болғалы отырған қазақтың атақты ханы, осы ханның үлкен саясаткерлігінің, қолбасшылығының арқасында Қазақ мемлекеті сақталып қалды. 1643ж жаңа қазақ-жоңғар соғысы басталып кетті. 50 мың әскермен басып кірген Батур қоңтайшы Қырғыз Алатауының біраз жерін, Шу өзенінің жоғарғы оң аағасын жаулап алды. Қазақ ханы 600 сарбазымен Жоңғар Алатауының тар жылғасында қоңтайшының әскерін қарсы алды. Осы соғыста 10 мыңға жуық әскерінен айырылған Батур қоңтайшы үлкен шығынмен еліне қайтады. Келесі бір шайқастарда хан қан майданда мерт болады.

Сұрақ: Бұл қай хан?

Қосымша көмек: Халық оған «Салқам» деген ат береді.

Жауабы: Жәңгір хан

 

4-сұрақ

.Бұл қазақ хандарының ішінде тірісінде -ақ «әулие» атанған, XVIII ғ өмір сүріп, ел билеген. Жоңғарлармен соғыста ерлігімен көзге түскен. Ол  солтүстігінде Ресей патшалығымен , шығысында Қытай елімен дипломатиялық қатынас орната білген. Жан-жағымыздағы көршілерімізді Қазақ хандығымен санаса білуге мәжбүр еткен хан. Жәңгір ханнан соң қалмақ тұтқынында болып қайтқан екінші қазақ ханы. Бұл хан Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген.

Сұрақ: Бұл ханның есімі кім?

Қосымша көмек: Азан шақырып қойған есімі- Әбілмансұр.

Жауап: Абылай хан

 

5-сұрақ

Қызылорда облысында  орналасқан ортағасырлық қала болған. Қақпасы батысқа қараған қала Сырдарияның сол жақ бетінде орналасқан. Сығанақ халқының Жошы әскерінен қырғын тапқанын естіген қала тұрғындары Жошы қолына айтарлықтай қарсылық көрсетпеген. Қорғанның ішінен құм басқан үш ірі құрылыстың ізі байқалған. Қорғанның шығысында 400 қадамдай жердегі өзеннің кеуіп қалған арнасын Баршындария деп атаған. Қала маңына жақын жерде мазар бар. Күмбезі бар мазар мазар есігінің сыртындағы жазудың («ғұммал жай лағат»), яғни, «ғұммал»- тыныштық, «лағат»- жалаңаш деген ұғым беретінін ғалым Ә. Қоңыратбаев оқыған.

Сұрақ: Бұл қай қала?

Қосымша көмек: Қаланың маңында ағып өтетін дарияның атымен байланысты

Жауап: Баршынкент

 

6-сұрақ

Ұлы Жібек жолының бойынла орналасқан келесі қала  туралы сөз болмақ. Орта ғасырдағы ең ірі қала. Оның халқы 16 мыңға дейін жеткен. Бұл қала туралы Х ғ деректерінде «Өте бай қала, бұл жан-жақтан келетін көпестер тоғысатын жер» деп жазылған. ХХғ 70-жж қаланың орны қазылып, «аспан астындағы мұражайға» айналдырылды.

Сұрақ: Бұл қай қала?

Қосымша көмек: Арабтар Фараб деп атаған.

Жауап: Отырар

Топтардың ұпайларын санап, ұпайы көп топқа «Жерұйық» ойнауды ұсынамын. Егер келісім берсе ойнайды.

 

  1. V. «Жерұйық»

 

  1. Сығанақ, Сунақ – Қазақстандағы ортағасырлық қала орны.Ол Сырдария өзенінің бойындағы Төменарық ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан. Ертедегі Сығанақ қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. 15ғ 60-жылдары қазақ ханы Бұрындық иеленген. 15-18ғғ қала бұрынғысынша сауда орталығына айналған. Сығанақ 18 ғасырға дейін жеткен.

Сұрақ: Қаланың қазіргі орны қалай аталады?

Жауап: Сунақ ата.

Жеңген топ марапатталады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *