MS WORD мәтіндік редакторы тақырыптарын қорытындылап,
MS Excel электрондық кестесі құрылымымен танысу.
I. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: электрондық кестенің негізгі түсініктерімен, құрылымымен, Excel терезесімен, кітап парақтарының құрамымен (қатар, бағана, ұяшық) танысу.
Оқушының ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағыттау.
II. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, салыстыра отырып, ажырату дағдыларын дамыту, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.
III. Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге, ұжымдық ауызбіршілікке баулып, дүниетаным шеңберін кеңейту. Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
II. Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Оқыту формалары: топтық
III.Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі
IV. Сабақтың жабдықталуы:
1. Үлестірме қағаздар
2. Электрондық оқулықтар.
3. Тапсырмалар жазылған слайдтар.
4. Тест тапсырмалары.
V. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәті.
Оқытушы оқушыларды түгелдеп, сыртқы көрінісіне, сабаққа дайындығына назар аударады.
2.Оқытушының кіріспе сөзі.
Оқытушы бүгінгі өтілетін тақырыпты айтып, тақырыптың маңыздылығын түсіндіреді. Сабақтың барысына тоқталып, оқушылардың үй тапсырмасы «Word мәтіндік редакторы» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру кезеңіне қысқаша тоқталады.
а)Үй тапсырмасы деңгейлік тапсырма сұрақтары арқылы таңдалады. Әр оқушы таңдаған ұяшықтың астындағы сұраққа жауап береді.
ә) Егер жауап толық болмаса, онда кез-келген оқушы оны толықтырады.
б) Фронтальды сұрақ-жауап.
1. Бағандар мен жолдар?
2.Сызықтық кесте дегеніміз не?
3. Кесте дегеніміз не?
4.Электрондық кестедегі формула ?
5. Жол дегеніміз не?
6. Тіктөртбұрышты кесте дегеніміз не?
7. Ұяшық дегеніміз не?
8.Электрондық кесте дегеніміз не?
9. MicrosoftEXCEL қандай программа?
10.Баған дегеніміз не?
2-тапсырма бойынша оқушылар электронды оқулықтан бірнеше тапсырмаларды орындайды.
3. Үй тапсырмасын қорытындылау.
4.Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы: «MS Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік»
Microsoft Excel — кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы бағдарламалық десте.
Бүгінгі сабақтың мақсаты:
электрондық кестенің негізгі түсініктерімен танысу;
кестеге мәліметтер енгізу және оларды өңдеу;
кестені файл ретінде сақтау және жүктеу әрекеттерін орындауды үйрену;
1. ЕXCEL бағдарламасын іске қосу үшін: Пуск => программа => Microsoft Excel командасын орындаймыз.
2. Excel бағдарламасының терезесі
Excel бағдарламасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі 1- суреттегідей болады:
1-сурет. Excel бағдарламасының терезесі
Кеңінен тараған амалдардың бірі Бастау мәзірінен Бағдарламалар тармағын және MS Excel тармағын таңдау. Тағы бір тәсіл Бастау мәзірінде Жегу тармағын таңдап, ашылған терезеде Excel деп жазып, Жарайды батырмасын басамыз.
Microsoft Excel-дің қолдану аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар жасау үшін қолданылады.
Excel–де математика, физика пәндерінде жиі кездесетін есептерді шығарып, графиктер тұрғызуға болады.
Excel-де сызбалар мен диаграммаларлың алуан түрлерін оңай жасауға болады. (экономикада түрлі санақтар жүргізу үшін қолданылады).
Кестенің құрылымы
Электронды кесте нөмірленген жолдар және латын әріптерімен белгіленген бағандар жиынтығы болып табылады. Баған мен жолдың қиылысқан тұсында кестенің ең кіші құрамдас бөлігі – ұяшық орналасқан. Әр ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен құралатын айрықша мекен жайы бар (мысалы, “Al”, “B4”).
Ұяшық мекен жайы ұяшыққа деген сілтеме болып табылады және осы ұяшықтағы деректерді өрнекте пайдалану үшін қолданылады. Еxcel бағдарламасындағы парақ ұяшықтары ауқымы – кестеде тік төртбұрыш пішінді аумақты құрайтын шақпақтар жиынтығы. Кесте ауқымының дұрыс белгіленуі А1:В2.
Еxcel бағдарламасы кестесінде ұяшықтар ауқымын ерекшелеп алу үшін бірінші ерекшеленетін ұяшықты шертіп, <Shift> пернесін басып тұрып, ерекшеленетін ауқымның соңғы ұяшығын шерту қажет.
Еxcel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды ерекшелеу үшін бірінші ұяшықты шертіп, <Ctrl> пернесін басып тұрып, өзге ұяшықтарды шерту керек.
Ұяшықтардың биіктігі мен енін өзгерту үшін мына әмірлерді орындау керек: Пішім-Жол Биіктік қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз. Сондай-ақ баған таңбашасының оң жақ шетін оңға немесе солға жылжытып, бағанның енін ұлғайтуға болады.
Жүгіргіні баған таңбашасының оң жақ шетіне апарғанда ол баған енін өзгертуге болатынын көрсетіп, мөлшерді өзгертуге арналған жүгіргі кейпіне енеді. Мысалы, егер D бағанының оң жақ шетін шертіп, таңбашаны оңға қарай сүйресе, баған кеңейе түседі. Дәл осылай, баған таңбашасын солға қарай сүйресе, баған ені кішірейеді.
Microsoft Excel терезесіне шолу
Excel құжаты .xls кеңейтіміне ие және Кітап деп аталады. Кітап парақтардан тұрады. Үнсіз келісім бойынша олар үшеу етіп жасалады. Парақтар арасында терезенің төменгі жағындағы «Парақ1» және т.с.с. сілтемелерді пайдаланып, ауысып жүруге болады.
Әдепкіде әрбір Excel кітабындағы парақтар Парақ 1, Парақ 2 және Парақ 3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады.
5.Электрондық оқулықпен жұмыс.
6.Сабақты қорытындылау:
7.Графикалық диктант
1.Қатарлар мен бағандарда реттелген ақпараттар …
2.Көлденең біріккен ұяшықтар…
3.Тігінен біріккен ұяшықтар…
4.Ұяшықтарында деректер жазылған қарапайым кестенің компьютерлік түрі…
5. “А” бағанасымен “5” жолының қиылысуындағы ұяшықтар…
8.Студенттер тест жұмысын жазбаша түрде орындайды.
9.Венн диаграммасы
Оқушының біреуі Word мәтіндік редакторы мен Excel электрондық кестесінің ұқсастықтарын, екіншісі айырмашылықтарын табады.
Сабақ соңында оқытушы оқушылардың білімін бағалайды.
10.Бекіту сұрақтары:
1. MS Excel деген не?
2. Excel бағдарламасы қандай қызмет атқарады?
3. Excel электрондық кестесінің негізгі түсініктері қандай?
4. Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады?
5. Excel терезесінің негізгі элементтерін сипаттаңыз?
6. Электрондық кестедегі кітап деген не?
7. Стандартты және Пішімдеу құралдар үстелінің айырмашылықтары қандай?
8. Өрнек жолағының атқаратын қызметі қандай?
11.Оқушыларды бағалау.
12.Үйге тапсырма: Excel электрондық кестесі туралы оқу.
Байжұманов М.Қ, Жапсарбаева Л.Қ. Информатика
104-108 беттер.
|